4-сынып математикасы. Білімді тиянақтау: біртаңбалы сандарға көбейту және бөлу

Тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: 1. Біртаңбалы сандарға көбейту және бөлу тақырыбын пысықтау, оқушылардың білімін тиянақтау.

2. Алған білімдерін жаттығу кезінде қолдана білу дағдысын және өз бетінше ойлау қабілетін дамыту

3. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез дұрыс есептеуге тәрбиелеу

Көрнекілік: тақта, суреттер слайд, оқулық

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Балалар, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сендер математика пәнін қаншалықты меңгергендеріңді көрсетіңдер. Олай болса барлығымызға сәттілік тілей отырып сабағымызды бастаймыз. Ең алдымен үш топқа бөліп алайық.

1-топ

Алғырлар

Ұраны:

Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

2-топ
Тапқырлар

Ұраны:

« Ақыл азбайды,

Білім тозбайды»

3 - топ
Білгірлер тобы

Ұраны:

«Оқу - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы».

  • Әрбір дұрыс жауапқа житон беріледі. Осы жарыста бәріміз женімпаз болып шығу керекпіз. Сіздерге сәттілік тілеймін.

Ал, балаплар біздің ойнайтын ойынымыз «Өзімзді өзіміз тексерейік» (ауызша есептеу)

Алғырлар Тапқырлар Білгірлер

85*10= 420:6= 100-60=

500+75= 600+100= 320:8=

100:10= 320*2= 900*50=

600:60= 30*5= 720:8=

900*3= 2400:60= 540:540=

Оқулықпен жұмыс:

75 бет №7

Алғырлар Тапқырлар Білгірлер

87 х 5 +66 х 2 96 х 4 - 42 х 3 88 х 2 х 5 +1200

Білімді тиянақтау: «Қарап ал да, біліп ал » ойыны

Бұл ойында балалар, қозғалыс шамаларға байланысты, есептер. кане балалар формулаларды есімізге түсіріп атап кетейік .

Қозғалыс шамалары:

S- қашықтық

V- жылдамдық

t- уақыт

Формулалар: S=V t V=S: t t=S : V

Жақсы балалар есімізге түсірдік, ал енді қозғалыс шамаларға байланысты есептерді шығарайық:

Алғырлар: Жүк поезы 3 сағатта 120 км жол жүрді. Ол қандай жылдамдықпен қозғалған?

Тапқырлар: Жеңіл машина 90км\сағ жылдамдықпен 270 км жүрді. ол жолда канша уақыт болды?

Білгірлер : Трактор сағатына 10км жол жүрсе, 5 сағатта қанша километр жол жүреді?

Жақсы балалар осы тапсырманы жақсы орындадыңдар. Ал балалар енді бойымызды сергітіп алайық .

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Ал балалар келесі ойынымыздың аты «Озық болсаң, ойлап көр». Бұл ойында әр топқа теңдеулер беріледі. Әр топтан бір оқушыдан шығып тақтада орындаймыз. (озып шыққан топты мадақтау)

Келесі ойнымыз «Ойлан, тап!» ойыны. Бұл ойынды логикалық есептерді тез, және жылдам жауап беру керекпіз.
Логикалық есептер.

  1. 1 кг мақта ауыр ма?, 1кг мыс ауыр ма?
  2. 2 адам тоғызқұмалақ ойынын 2 сағат ойнады, әрқайсысы неше сағат ойнады?
  3. Төрт жұмыртқа 4 минутта қайнады, 1 жұмыртқа неше минутта қайнайды?
  4. Жанұяда екі қыздың бес-бесеуден ағасы бар, жанұяда неше бала?
  5. Түнгі сағат 10. 00 де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

(Тез және жылдам жауап берген топқа житон таратып беру)

Келесі ойнымыз «Кім жылдам» Балалар бұл ойында амалдарды орындаймыз. Әр топтан екі оқушыдан тақтаға шығып амалдарды орындайды.

«Кім жылдам»

1474*2= 25456*3= 1607*6=

5649:7= 4004:7= 48016:8=

Қорытынды: Ал енді балалар сабағымызды қорытындылап жіберейік

Алғырлар: Тапқырлар: БілгІрлер:

V - ? S - ? t - ?

1 м неше см? 1 т неше кг бар? 1 ғасыр неше жыл?

Шаршы дегеніміз не? 1 тәул. неше сағ? Аудан дегеніміз не?

Балалар бүгінгі сабақта біз не істедік (қоғалыс шамаларға байланысты есептер шығардық, теңдеулер шығардық. )

Бағалау: 5 болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп бақыт,

Өсе берсін санамыз

- дей отырып әр топқа машиналар тарту етейік.

Балалар сабақ барысында қанша житон жинағанымызды санап баға алайық.

Үйге тапсырма: 76 бет №5, №6

№2 Ленинград орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Білімді тиянақтау»

Өткізген: Хасенова Қ. А.

4 «А» сынып мұғалімі

2012-2013 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
5-ке көбейту және бөлу: бастауыш сыныптарда білімді тиянақтау сабақ жоспары
4-сынып математикасы: қозғалысқа қатысты есептерді қайталау және білімді тиянақтау
4-сынып математикасы: Білімді тиянақтау - әдістемелік сабақ жоспары және бағалау тапсырмалары
3-сынып математикасы: 4-ке көбейту және бөлу сабақ жоспары
4-сынып математикасы: Көбейту мен бөлу және аудан есептері - сабақ жоспары
Бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау сабағы
4-сынып математикасы: Жазбаша көбейту мен бөлу тәсілдерін тиянақтауға арналған ашық сабақ
6-сынып математикасы: Рационал сандарға амалдар қолдану - білімді тексеру сабағының жоспары
Дайындық тобының математикасы: бауырсақ ертегісі арқылы математикалық білімді тиянақтау
2-сынып математикасы: Көбейту мен бөлу бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz