Мектепке дейінгі ұйымға арналған дене тәрбиесі бойынша технологиялық карта - Аспан әлеміне саяхат

Технологиялық карта

Күні: 19. 11. 14 Тәрбиеші: Нугманова Қ. Қ.

Тақырыбы: « Аспан әлеміне саяхат».

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Дене тәрбиесі

Мақсаты: Саптізбекте жұптасып жүру мен жүгіруді, ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүруді, төрт адымдап екпінмен қос аяқпен жоғарыға секіруді үйрету.

Қажетті құралдар: Аспан әлемі бейнесі- ай, жұлдыздар, зымыран бейнесі, үнтаспа, отырғыштар, жіп.

Әдіс- тәсілдер: Ой қозғау, түсіндіру, қимыл-жаттығуларды көрсету, сұрақ, жауап, ойын.

Билингвальді компонент: зымыран-ракета.

Қызмет кезендері

Педагогтің басқару

іс-қимылдары

Балалар қызметі
Қызмет кезендері:

1 кезең

уәждік-түрткі болу

Педагогтің басқаруіс-қимылдары:

Ой қозғау:

  • Балалар, біз бүгін аспан әлеміне саяхат жасаймыз.
  • Аспан әлеміне бару үшін неге мінеміз?

Билингвизм : зымыран дегеніміз орыс тілінде ракета деп аталады.

  • Зымыранға мініп бару үшін, біздің денеміз шыныққан, батыл, білімді болуымыз керек. Сондықтан денемізді шынықтыру үшін бірнеше жаттығулар жасалық.
Балалар қызметі:

Зымыранға.

Зымыран-ракета.

Қызмет кезендері:

2 кезең

проблемалық- ізденістік

Педагогтің басқаруіс-қимылдары:

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

  1. Кіріспе:
  • Аяқ ұшымен жеңіл жүру, жүгіру.
  • Өкшемен жүру.
  • Оң жақпен, сол жақпен секіру.
  • Жай жүру.
  1. Жалпы дамыту жаттығулары:( отырғыш үстінде)

Балаларға жан-жақты дамыту жаттығуларын көрсетіп, түсіндіру (5-6 рет )

  • Б. қ: аяқ бірге, қол төменде. Қолды алға созу, жоғары көтеру, жанына созу б. қкелу.
  • Б. қ:сол қалпы. Қол белде.

Басты оңға, солға кезек бұру.

Б. қ келу.

- Б. қ: сол қалпы. Қолды

отырғыш артына ұстау.

Аяқты алға созу. Б. қ. келу.

  • Б. қ: отырғыш жанында тұру.

Аяқты алшақ қою, қол жоғарыда, оңға, солға тербелу.

Б. қ келу.

  • Б. қ: отырғыш жанында секіру.

-Өте жақсы. Біз енді аспан әлеміне ұшуға әзірміз, солай емес пе?

Тренинг: қолымыз төменде, көзіміз жұмулы, қозғалмаймыз.

5. 4. 3. 2. 1 ұштық.

  • Міне, келіп те жеттік. Қане, орнымыздан тұралық. Зымыраннан шығалық, нелерді көріп тұрмыз?

Тосын сый: « Жұлдызшы » келеді.

Жұлдызшы : Амансыңдар ма, балаларым?

-Сәлематсыз ба?

Жұлдызшы : Қайдан келесіңдер?

- Біз «Райхан» балабақшасының «Толағай» тобынан аспан әлемін тамашалауға келеміз.

Жұлдызшы: Ендеше, менің бірнеше тапсырмам бар, соны орындарсыңдар, кім де кім жақсы орындаса, сол балаға сыйлығым бар.

Негізгі қимылдар:

  1. Саптізбекте жұптасып жүру, жүгіру.
  2. Ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүру.
  3. Төрт адымдап екпінмен қос аяқпен жоғарыға секіру.

Жұлдызшы: Менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар, ризамын. Ал енді ойын ойналық.

Ойын аты: «Кім мерген?»

Шарты: 5 кегл қойылып, доппен атып түсіру. (Жұлдызшы мадақтап, жұлдызшалар таратады, қоштасады) .

  • Балалар, Жұлдызшы атаның тапсырмаларын орындадық, ойында ойнадық. Енді зымыранымызға отырып, балабақшаға қайталық. Ұшуға әзірміз бе?
  • 5. 4. 3. 2. 1.
Балалар қызметі:

Тәрбиеші белгісімен бір қатарға тұрады, жүру, баяу жүгіру кезеңдерінен өтеді. Өкшемен жүру, оң жақпен, сол жақпен секіруді орындайды.

Жан-жақты дамыту жаттығуларын тәрбиешінің белгісімен орындайды. Әр жаттығуды өз мөлшерімен

4-5 реттен жасайды.

Қолдарын төмен ұстап, көздері жұмулы, қозғалмай тұрады.

Ай, жұлдыздарды.

Амандасады.

Негізгі қимылдарды тәрбиешінің белгісімен орындайды.

Қимылды ойынды қызығып, жүгіріп ойнайды.

Әзірміз.

Қызмет кезендері:

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Педагогтің басқаруіс-қимылдары:

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау

Бір қатарға тұрып жәй жүріп, жүгіру. Еркін тыныс алу жаттығуларын көрсету.

Балалар қызметі: Қатармен жүреді, жүгіреді. Тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Дене жаттығуларын жасауға қызығушылығы артып, жүгіру, секіру, тепе теңдікті сақтайды.

Меңгеруі: барлық жаттығуларды, қимылдарды жақсы меңгереді.

Жасай білуі: Өз еркімен қимылдайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.


Ұқсас жұмыстар
Ортаңғы №2 тобына арналған технологиялық карта: Геометриялық пішіндер әлеміне саяхат
Мектепке дейінгі ұйымға арналған ағылшын тілі сабағының технологиялық картасы: Түстер (қызыл, сары, көк)
Аспан әлеміне саяхат: Күн жүйесі, жұлдыздар және астрономиялық бақылаулар
Ертегілер еліне саяхат - мектепке дейінгі балалардың тілдік, математикалық, табиғатты сүйе білу және көркем шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған технологиялық карта
Мектепке дейінгі ұйымға арналған денсаулық, жол қауіпсіздігі және дәрігерге бару тақырыптары бойынша сабақ жоспарлары
Пәнаралық технологиялық карта - Бояулар әлеміне саяхат: табиғи бояуларды алу және қызылша шырынымен матаны бояу
Мектепке дейінгі кезеңге арналған дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: тест тапсырмалары (қарапайым, орта, жоғары деңгейлер)
Мектепке дейінгі тәрбие: дене тәрбиесі және туған жерге саяхат сабақтарының жоспары (Ормандағы оқиға; сюжеттік-рольдік ойын - Дүкенші)
Менің Қазақстаным - менің болашағым: мектепке дейінгі ұйымға арналған патриоттық-танымдық сабақ жоспары
Мектепке дейінгі ұйымға арналған ашық сабақ: Тіл дамыту - Төрт түлігім ырысым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz