Металл түрлері және бөлінуі

Сабақтың тақырыбы: Металл түрлері және бөлінуі
Сабақтың мақсаты: Металдар туралы түсінік беру
Сабақтың түрі : Дамыта оқыту.
Пән аралық байланыс: Физика, Химия.
Сабақтың көрнекілігі: Стендтер, механизмдер, құралдар, таблицалар, проектор.
Сабақтың әдісі: Зерттеу, жүйелеу, түсіндіру.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.
- Үй тапсырмасын тексеру өткенді пысықтау.
- Жаңа сабақ:«Металл түрлері және бөлінуі»
Металл таза күйінде өте сирек кездеседі. Металдар микроскопиялық түрде теңіз суында өсімдік жасушасында, жануарлар ұлпасында кездеседі. Техникада 10 мыңнан астам металл қорытпалары қолданылады. Ондай қортпаларды алу үшін 40-тан астам химиялық элементтер пайдаланылады. Металлдар қара және түсті металдар болып екі негізгі топқа бөлінеді.
Қара металдар -механизмдер, тетіктер, машиналар әртүрлі құрылымдар жасаудағы негізгі материалдар болып табылады. Дүние жүзінде өндірілетін барлық металдың 94%-ын қара металдар құрайды. Қара металдардың қасиетін өзгертуге әсер ететін негізгі элемент көміртек болып табылады. Қара металдар қорытпаның құрамындағы көміртегі мөлшеріне қарай шойын және болат деп бөлінеді.
Шойын темірдің көміртекпен қорытпасы (құрамы 2, 14%-дан көбірек) . Шойын құрамындағы көміртек цементит және графит түрінде болуы мүмкін. Графиттің пішіні мен цементиттің мөлшеріне байланысты шойынды ақ, сұр, кеуек және беріктігі жоғары деп бөледі.
Сұр шойын -бұл құрамында (Mn. P. S) тұрақты қоспасы бар. Темірдің, кремнидің және көміртектің қорытпасы.
Ақ шойын- Ақ шойында көміртек цементит түрінде болады.
Болат -темірдің көміртекпен (2%-ға дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Болатты, ақ шойынды мартен, конвертер және электр пештерінде еүйдіру арқылы алады. Серпімділік қасиеттері жоғары болаттар машина және аспап жасау өндірісінде кеңінен қолданылады.
Болатты химиялық құрамына қарай: көміртекті және қоспаланған деп екіге, қолданылуына қарай: құрылымдық, аспаптық және арнайы мақсаттарға арналған деп үшке бөлінеді.
Көміртекті құрылымдық болаттың құрамында көміртек 0, 7%-ға дейін болады. Қарапайым көміртекті болат Ст әрпімен және 0-ден 6-ға дейінгі цифрмен белгіленеді. Цифр өскен сайын маркада көміртектің үлесі арта түседі, беріктігі күшейеді бірақ илемділігі төмендейді. Құрылымдық болаттың ішінде Ст3 және Ст6 таңбалы болаттан біліктер, тісті доңғалақтар осі, рельстер дайындалады. Ст10 . . . Ст70 екі цифрмен таңбалы болаттан сым арқан жоғары қысымға арналған құбыр, көпір, көтергіш кран элементтерін жасайды.
Аспаптық болаттың құрамында көміртек 0, 7%-дан артық болады. Ал жоғары сапалы аспаптық болатты А әрпін қосып таңбалайды. Құрылымдық болатқа қарағанда аспаптық болат қатты берік төзімді болады. Аспаптық болаттан өлшегіштер, кескіш және монтаждық құралдар, қашау, нүктелегіш, балғалар У7А, У8А таңбалы болаттан дайындалады. Бұрғы, бұранда ойғыш, жаймалар, қырғыш, егеу У12А, У13А таңбалы болаттан жасалады.
Қоспаланған болаттың құрамында кәдімгі қоспалардан бөлек талап ететін, физикалық немесе механикалық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін белгілі бір мөлшерде арнайы енгізілетін элементтер болады.
Қоспалық элементтер дегеніміз-талап етілетін қасиеттер беру үшін құрылымдық болаттардың құрамына енгізілетін химиялық элементтер болып табылады. Жоғары сапалы болатты таңбаланғанда соңына А әрпі ерекше сапалы болса Ш әрпі қойылады. .
У7, У7А таңбалы аспаптық көміртектік болаттың қолданылуы. Ағаш өңдеуде: балталар, шойбалталар, қашаулар, қысқаштар, соқпалар, ұсталық мөртабандар:: инелік сым: слесарлық монтаждау аспаптары: балғалар, зілбағалар, бұрауыштар, шапқылар, аралас атауыздар, өткір атауыздар, бүйірлік бұрауыштар, дәлдігі төмендетілген мөлшерлегіштер, жалпақ және бұралған серіппелер мен күрделі құрылымды серіппелі тетіктер, клапандар, қоларалар, бұрғылар, егеулер, слесарлық қырғыштар және басқа құрал саймандар жасауға қолданады.
Негізгі қоспаланатын элементтер және олардың болаттың қасиетіне әсері
Түсті металдар мен олардың қоспалары қара металдарға қарағанда аз мөлшерде қолданылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz