Отбасы - шағын мемлекет

Қызылорда облысы
Арал қалалық №71 орта мектебінің
Мұғалімі
Кикбаева Шынар
Сабақтың тақырыбы: «Отбасы-шағын мемлекет»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға отбасы туралы мәліметтер бере отырып,
отбасыныңқоғамдағы ролімен таныстыру. Ата-ана мен мектеп
арасындағы байланысты күшейту.
2. Дамытушылық :Отбасы туралы түсініктерін қалыптастырып, шығармашылық
қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелілік: Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа
және отбасының мүшелеріне деген махаббат және құрметке
тәрбиелеу.
Мамұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Отбасы дегеніміз не?
- Бала дегеніміз кім?
- Тілек шырағданы
- Мектеп-Оқушы-Отбасы (ата аналарға араналған ситуациялық сұрақтар)
- Сіз қандай ата-анасыз? (психологиялық сауалнама)
- Сергіту сәті (жұмбақтар, мақал-мәтелдер)
- «Тесік шелек» көрініс
Қорытындылау (әдемі үй ойыны)
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Ә. Назарбаев
Кіріспе
Отбасы - адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін - шеше, бұлар - жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері - баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала - солардан.
1. Отбасы дегеніміз не? Оқушылар оз ойларын жазады?
2. Бала дегеніміз кім? Ата-аналар өз ойларын жазады
3. Тілек шамы:
Сонау ерте замандардан от халқымыз үшін қастерлі ұғым. От-жылулықтың, жарықтың мәнін білдіреді. Ал жылылық пен ыстық алақан аналарға тән. Ендеше, тілек шамын бір-біріне ұсыну арқылы жылы лебіздерін білдірсін.
4. Мектеп-оқушы-отбасы
1-ситуациялық сұрақ: Балаңыз сыныпта қандай қоғамдық жұмыс
атқарады?
2-ситуациялық сұрақ:Балаңыз тоқсандық қорытындыда қандай пәннен
ұсталды?
3-ситуациялық сұрақ: Егер мынандай жағдай болса? (көрініс)
4-ситуациялық сұрақ: Балаңыз болашақта қандай мамадық таңдап отыр?
5-ситуациялық сұрақ: Балаңыздың ең сүйікті пәні
6-ситуациялық сұрақ: Отбасында балаңыздың ролі қандай
5. Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие? (Қолыңыздан келе ме?)
Шарты: Зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңзді сұраймыз.
Жауаптар:
а) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын (3 ұпай)
б) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын (2ұпай)
в) қолымнан келмейді (1ұпай)
1. Кез- келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?
2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?
3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?
5. Егер баланың қылығы сіздің ашуыңыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?
6. Баланың жақсы бір тәртібі үшін оның арманын орындау қолыңыздан келе ме?
7. Бала кезінде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?
8. Балаңызға өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?
10. Баланың көз жасына, еркелеген дөрекі мінезін уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?
11. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?
12. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?
Аты жөніңіз:
Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
(Қолыңыздан келе ме?)
Кілті: А- 3 ұпай, Б- 2 ұпай, в- 1 ұпай
16 ұпайға дейін - бала тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сіз не бейімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.
16 - 30 ұпайға дейін - сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе - ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде сіз оны әр қашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда - тым жұмысақсыз. Баланы тәрбиелеуде мән берген өте қажет деп ойлаймыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz