Ашық сабақ: Қосудың терімділік қасиеті (2 «б» сынып, математика)

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

№2 мектеп-гимназия

Болысбаева Майгүл

Сабақтың тақырыбы: Қосудың терімділік қасиеті

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қосудың терімділік қасиетін

меңгерту. Есептерді әр түрлі тәсілмен

шығаруда терімділік қасиетін қолдану

2. Оқушының ойлау, танымдық қасиеттерін

арттыра отырып, есеп шығару дағдыларын

дамыту

3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар

Барысы

І. Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг

Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтады. Алдымызда қандай мейрам болмақ? Бүгін сабақта Астана қаласына саяхат жасаймыз. Сабақта 4 топқа бөлінеміз.

Астана біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың Астанасы. Қала іргесі қаланғаннан Ақмола деп аталатын, кейіннен Целиноград, 1992 жылдан бастап Ақмола, 1998 жылдың 6 мамырынан Астана деп аталды.

Астана еліміздің ортасында, аса маңызды жолдардың торабында орналасқан.

ІІ. Жаңа сабақ

№1 Тапсырмаларды дұрыс орындасақ, баратын жеріміздің атын табамыз

7 + 8 = 15 30 + 5 = 35

8 + 7 = 15 5 + 30 =35

  • Қандай ереже бар? Қосудың қандай қасиеті?

а + в = в + а (қосудың ауыстырымдылық қасиеті)

№2

  1. 3 + (2+1) = 6 сандарды кез-келген ретпен қосуға болады
  2. 2 + (3+1) =6

(қосудың терімділік қасиеті)

(а+в) + с = а+(в+с)

Тапсырма орындадық

«Ақорда Астананың жүрегі»

Сөзі шықты

Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Онда Елбасымыз жұмыс істейді. Мемлекеттік кездесулер мен салтанатты шаралар осы ғимараттың ішінде өтеді.

№3

Көк - 10 ш 1) 10+(20+30) =60 шар

Жасыл - 20 ш ? шар 2) 20+(10+30) ) =60 шар

Қызыл - 30 ш 3) 30+(20+10) ) =60 шар

Тапсырма орындалды «Мәуелі бәйтерек» сөзі шықты

Бәйтерек Астананың символы. Бәйтеректің биіктігі 97 метр. Бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына 1997 ж сәйкес келеді.

№4

Шымшық - 3 ш: (3+4) +5=12 (қ)

Көгершін - 4 ? құс

Торғай - 5 ж: барлығы 12 құс

Тапсырма орындалды. «Бейбітшілік және келісім сарайы» сөзі шықты.

«Бейбітшілік және үйлесім сарайы» - бұл мәдениет музейі, Өркениет Университеті және 1500 орындық опера театры орналасқан тұңғыш архитекторлық жоба.

Топпен жұмыс

Цифрлармен жазып, мәнін тап.

І топ (а+в) +с=а+(в+с)

ІІ топ (а+в) +с=(а+с) +в

ІІІ топ (а+в) +с=(с+а) +в

ІҮ топ (а+в) +с=(в+а) +с

  • Қосудың қандай қасиеті

Тапсырма орындалды «Думан» ойын-сауық кешені сөзі шықты.

«Думан» ойын-сауық кешені күмбезді кеңістік. Онда океанариум, кинозал бар. Керемет акватеатрда көл тауын және қастарындағы жыртқыш балықтарды тамашалай аласыздар.

Т иімді тәсілмен есепте

І топ ІІ иоп ІІІ топ ІҮ топ

30+5+5+8 8+2+20+30 3+10+7+80 4+40+10+6

7+5+3+5 4+44+6 8+80+2 15+1+9

75+6+4 6+30+4 8+6+2 7+5+3

№6 ауызша

Сағат қанша?

1 сағ - ? мин

Сағ 12 00 , 4 00 , 7 00 , 10 00

ІІІ. Қорытынды

Астана қаласына саяхат жасадық. Астананың көрікті жерлері туралы мәлімет алдық. Саяхатымызды Елбасының сөзімен аяқтағым келіп тұр.

. . . Өзінің жаңа Астанасы мен өз елін шексіз мақтан тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.

ІҮ. Бекіту

  • Қосудың қандай қасиеттері бар?
  • Қосудың терімділік қасиеті дегеніміз не?

Ү. Үйге тапсырма

№5 84 бет

ҮІ. Бағалау

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

№2 мектеп-гимназия

Математика пәні бойынша өткізілген ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қосудың терімділік қасиеті

Өткізген: М. Болысбаева

2 б сыныбы

2013 жыл


Ұқсас жұмыстар
Тік төртбұрыштың қасиеттері және қосудың ауыстырымдылық пен терімділік қасиеттері
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: тұжырым және есептеуде қолданылуы
Сабақ жоспары: 1-сынып математикасы - 8 санының құрамы және қосудың ауыстырымдылық қасиеті
2-сынып математикасы: Қосудың қасиеттері - сабақтың үлгі жоспары
4-сынып математика: арифметикалық амалдардың қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірілімдік)
Ашық сабақ: 2-сынып математика - Теңдеуді шығару
Қарлығаштың қасиеті: 2-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Математикадан 2-б сыныпқа арналған ашық сабақ: Теңдеуді қайталау (09.12.2015)
Тік төртбұрыштың қасиеттері және қосудың қасиеттерін қолдана отырып есептер шығару
2-сынып: Қызықты математика ашық сабағының оқу-әдістемелік жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz