Сыңғырла, күміс қоңырау!

1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы.

Жүргізушілер: Қарабекова Мадина-10-сынып оқушысы, Балтабайұлы Серік-11-сынып оқушысы

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар!

1-жүргізуші: Ардақты ата-аналар!

2-жүргізуші: және күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!

1-жүргізуші: Аралап көрікті жерлерді,

Жаз бойы тынығып демалдық.

Білімге шақырып келді күз,

Мектепке көңілді оралдық.

2-жүргізуші: Білім күнгі мерекелік жиында

Мектептен басталады білім нәрі.

Елімнің көк байрағы енгізіліп,

Шырқалсын қазағымның Әнұраны!

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

/ҚР-ның Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұраны орындалады. /

2-жүргізуші: Дәстүрлі 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Биыл егеменді еліміздің төлқұжаты - Ата заңымыздың қабылданғанына 15 жыл! Ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандаған Қазақстан халқының бұл Конституциясы адамзат дамуының ғаламаттық үрдісіне сай қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарды толығымен бекітуімен ерекшеленеді.

2-жүргізуші: Конституция - жеке тұлға және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Республиканың ең қымбат қазынасы ретінде танып, мемлекеттен олардың орындалуына жағдайлар жасауын талап етеді.

1-жүргізуші: Сонымен қатар биыл Әбіш Кекілбаев ағамыз айтқандай, әлсізге - Медет, күштіге - Айбар, зарыққанға - Жебеу, тарыққанға - Медеу, асқанға - Тосқан, сасқанға - Сая, ұрпаққа - Ұстаз, ұлысқа - Ұран, ел Иесі, жер Киесі Бекет Атаның туғанына 260 жыл.

2-жүргізуші: Қасиетті Бекет Ата жастайынан рухы күшті рухани ортаның әсерімен тәрбиеленген. Ел аузымен айтылатын:

. . . Таудан асқан тас бұлақ

Тасыса құяр теңізге.

Жақсыдан туған жас құрақ,

Тартпай қоймас негізге-

деген халық даналығы Бекет атаға да қатысты. Бекет Ата - киелі, әрі пір. Сондықтан да осы айтулы күн, яғни атаның 260 жылдығы кең көлемде аталып өтуде.

1-жүргізуші: Ата Заңымыздың 15 жылдығы мен Бекет Атаның 260 жылдығы тағы бір мерекемен тұспа-тұс келіп отыр. Ол - киелі де құтты шаңырағымыз - алтын ұямыздың құрылғанына 5 жыл!

2-жүргізуші: Осындай мерекелермен қатар келіп жеткен жаңа 2010-2011 оқу жылы баршамызға құтты болсын, ағайын!

1-жүргізуші: Еліміз дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға қадам басқан күндерек беттерінде ел сыйлаған ағалар мен апаларымыз бүгінгі жиынымыздың қадірлі қонақтары.

2-жүргізуші: Шарықтасын шат көңілдің алабы,

Шат жүрекке ақ тілектер қонады.

Дархандай кең біз қонақжай халықпыз

Әрқашанда төрде отырар қонағы.

1-жүргізуші: Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік.

/Қонақтар таныстырылады. /

1-жүргізуші: Еліміздің келешегі бүгінгі ұрпақ екені баршамызға мәлім. Алтын ордамыздың табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен арамызда.

2-жүргізуші: Ендеше, 1-а сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Бабаева Жібек Шамғалиқызына және 1-ә сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Кенжеханова Әлия Мырзахбарқызына ду қол шапалақпен қошеметімізді білдірсек.

1-жүргізуші: Киелі шаңырағымызда жыл сайын жас мамандар қатары толығуда.

Білім бәсекелестігінде өз біліктілігімен танылған биылғы жылы біздің гимназиямыздан ұстаздық жолының бастауын бастағалы тұрған жас мамандарды қошеметпен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: КубеноваАян Нарымбаевна - математика пәні мұғалімі

1-жүргізуші: Тумаева Гүлзира Бақытовна -география пәні мұғалімі

2-жүргізуші: Баймурзаева Балнұр Тілеубековна - ағылшын тілі пәні мұғалімі

1-жүргізуші: Төлеуова Жамила Султанбаевна - қазақ тілі пәні мұғалімі

/Жас мамандар ортаға шақырылады. /

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін және жас мамандарға тілек хаттарын табыс ету үшін алғашқы сөз кезегі гимназия директоры Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлына беріледі.

/құттықтау сөз кезегі беріледі, тілек хаттар табыс етіледі. /

1-жүргізуші: Халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының дипломанты 11-сынып оқушысы Меңдіғалиева Жансаяның орындауындағы «Ұстазым» әнін сазды сәлем ретінде жолдаймыз. Қабыл алыңыздар!

/Сазды сәлем/

2-жүргізуші: Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,

Күн сайын өркендерміз, өсерміз.

Бүгінгі салтанатты жиналыста

Құрметпен өзіңізге сөз береміз.

1-жүргізуші: Ендеше, сөз кезегі сіздерде, құрметті қонақтар!

/Құттықтау сөз беріледі. /

1-жүргізуші: 5 жылдық тойымызға

Биден шашу шашайық!

2-жүргізуші: Мың бұралған бишілерді

Қол соғып қарсы алайық!

1-жүргізуші: «Құрық балалар өнер мектебінің» бишілер тобының орындауында би.

/Сазды сәлем/

1-жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы,

Шақырады қыркүйектің нұр таңы.

Асығуда әліппені алуға

Еліміздің тағы бір жас ұрпағы!

2-жүргізуші: Сөз кезегі гимназия табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларына беріледі.

1-оқушы: Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая төл мерекең қарсы алды.

Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

2-оқушы : Келді міне, қоңыр күз

Келді қағып қоңырау.

Мектеп - ана жылы жүз

Ашты құшақ омырау.

3-оқушы: Алты жасқа келгенім

Еркеліктен кеткенім

Кітабымды қолтықтап,

Мектебіме жеткенім.

4-оқушы: Мейірім, нәр, гүл өңі

Ұстаздардың реңі.

Шәкірттерін құшақтап,

Шаттанады, күледі.

5-оқушы: Арттырған шәкірт талғамын,

Ұстаздар - үміт ардағым.

Өзіңнен үміт нәрін ап,

Қырандай алға самғармын.

6-оқушы: Мектеп - қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін

Біз - оқушы баламыз.

7-оқушы: Алдыңа кеп ұстазым,

Тұңғышқалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімің сезілген.

/1-сынып оқушыларының құттықтауы/

1-жүргізуші: Құтты болсын қарағым,

Білімге қадам басқаның.

Сөмке артып арқаңа

Мектеп есігін ашқаның.

2-жүргізуші: Айналайын, дарын бол,

Жақсы оқып, ер жетіп.

Оқу оқып, ғалым бол,

Жанған оттай жалын бол!

1-жүргізуші: Әділ шешер әр істі

Ақылың асқан дана бол.

Шыбықтай өсіп шынар бол,

Білім жолын қуар бол!

2-жүргізуші: Бүлдіршіндер, білім майданына алғаш аттаған қадамдарың құтты болсын!

1-жүргізуші: Еліміздің көк байрағын аспандататын, келешекке нық қадам баса алатын білімді де саналы азаматтары бола біліңдер.

1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі ата-аналар атынан ата-аналар кеңесінің төрайымы, «Құрық балалр өнер мектебінің» директоры Әлпіш Фарида Бектемірқызына беріледі.

/Құттықтау сөз/


Ұқсас жұмыстар
«сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау туралы
1 қыркүйек 2014-15 оқу жылына сценарий
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Құтты болсын қадамың, Құтты болсын талабың
"мемлекттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз!
Соңғы қоңырау
Жас түлектерге ұстаздықтілегі
Сыңғырла соңғы қоңырау сценарий
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz