3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабақ жоспары: Түбір мен қосымшалардың жазылуы

Қазақ тілі

3сынып

Бастауыш сынып мұғалімі

Мухаметжанова Арайлым Кадыровна

Сабақтың тақырыбы : Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты : Білімділік Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін білу меңгеру.
Дамытушылық : Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін, логикалық ойлауы мен дүние танымын, есте сақтау қабіліттерін, жалпы оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты, әдемі, жазуға, тиянақтылыққа, ұжымдыққа, әдептілікке, қазақ тілін қастерлеуге, өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ойын -сабақ
Сабақтың әдіс -тәсілі : Сұрақ -жауап, ой жинақтау, ереже айту, , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі : Әр топ бойынша атауы, ойын, «мәре » сызығы.
Сабақтың барысы :

1. Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап - таза

Борда дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға.
Ана тілімізді құрметеп, тілімізді білуіміз біздің басты міндетіміз.
2. Үй жұмысын тексеру:

4 жаттығу, ережені айту.

Енді сабағымызды бастау үшін түбірмен қосымшаның жазылуын еске түсіріп көрейік.

3. Жаңа сабақ:

Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, немесе у дыбыстарына өзгереді. Мысалы:

Күрек - күрегі, сабақ- сабағы, тап - табады, сеп - сеуіп - себеді.

Енді әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз.

4. Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз

Таза, көркем жазу минуты

Қ қ Қ қ

қала қала қала қала

5. Жаттығумен жұмыс:

1-жаттығу екі бағандағы салыстырып қандай өзгеріске ұшырағанын айту.

/ ауызша /

Жарық - жарығы Тарақ - тарағы

Байлық - байлығы Көлік -көлігі

3-жаттығу қосымша жалғанғанда түбірінде өзгеріс болған сөздерді теріп жазу.

4- жаттығу сөздерге үлгі бойынша қосымша қосып жазу.

Лақ-лағы

Өсімдік - өсімдігі

Арғымақ -арғымағы

Сеп -себу

Кеп -кебу

Теп -тебу

Қап -қауып

Тап -тауып

Жап -жауып

6. Сергіту сәті :

Түбір болып жасаймыз,
Қосымшасы мынадай.
Екі түрге бөлініп,
Шығып алды осылай,
Жұрнақ, жалғау кәнекей,
Жасап көрші қайталай.

7. Топпен жұмыс:

1. Көп нүктенің орнына түбір сөздерді тауып қою.

1топ 2топ 3топ

жағу төгу ағу

. . . жағады . . . төгеді . . . ағады

жағып төгіп ағып

2. Өзіңді -өзің тексер

1. Қосымша деген:

А. түбір жалғау

Ә. жұрнақ жалғау,

Б. түбір жұрнақ

2. Жұрнақ деген:

А. сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

Ә. Сөздің мағынасын білдіретін қосымша

Б. сөз мағынасын өзгертетін қосымша

3. -лық, -лік жұрнақтарын дұрыс қосыңдар:

А. сән, ән

Ә. қала, әке

Б. дала, мектеп

4. Түбір сөзді табыңдар:

А. өнер, өнерлі

Ә. жарыс, табыскер

Б. іс, тіл

5. Мақалды аяқта:

Кітап -алтын

А. қор

Ә. бесік

Б. қазына

3. Суретпен жұмыс:

Сурет бойынша мәтін құрастырып, оған ат қою.

8. Жұмбақтар шешу:

Бірі - ағаш кесу құралы,
Бірі - шырынды бал бұлағы
(Ара)
Санасаң,
Бір үйде төртеуі бар.
Қаласаң,
Ауызды өртейтін нәр.
(Бұрыш)
Жел соқса,
Жайқалып толқиды,
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
( Өлең)
Бірі - ыдысқа керек,
Бірі - жүріске керек.
(Аяқ)

9. «Адасқан сөздер»

Арыстан боздайды
Түйе мөңірейді
Жылқы ақырады
Қой кісінейді
Сиыр маңырайды
10. Қорытынды: Ребус шешу

11. Үйге тапсырма беру: 5-жаттығу 19 бет, ереже жаттау 18 бет

12. Бағалау: оқушыларды сабаққа қатысқандары бойынша бағалап мадақтау


Ұқсас жұмыстар
3-сыныпта ашық сабақ: Түбір мен қосымшаның жазылуы
3-сынып қазақ тілі: Сөз құрамын қайталау - түбір мен қосымшаның жазылу ережелері
Сабақ жоспары: Түбір мен қосымша (Қазақ тілі)
3-сыныпқа арналған қайталау сабағы: Түбір мен туынды сөз
Түбір мен қосымша: интегративті ашық сабақ жоспары (3-сынып)
Түбір және қосымша: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі сабақ жоспарлары: Біріккен сөздердің жазылуы, сөз таптарын қайталау, буын үндестігі
Тулепова Гүлмира Набидоллақызының кәсіби портфолиосы және түбір мен жалғау жөніндегі 3-сыныпқа арналған пәнаралық сабақ жоспары
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Түбір, жұрнақ және жалғауды пысықтау
3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Жыл мезгілдері (сабақ жоспары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz