Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Жол және бала тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Мухаметжанова Арайлым Кадыровна
Бастауыш сынып мұғалімі
№2Ленинград орта мектебі
Тақырыбы: «Жол және бала»
Мақсаты:1.Оқушыларға жолда жүру тәртібі туралы білімдерін кеңейту.
2. Оқушыларды жол белгілерін білу дағдысын қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушыларды мейірімділікке байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік :суреттер
Сабақтың барысы: Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына
барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары
бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге
дайынбыз ба?
(бағдаршам болып киінген оқушы)
Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл
Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын
-Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр»
екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?
Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.
Нұсқау белгісі : Баратын жерінің бағыты тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап
тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
-Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі.
«Шығармашылық жұмыс.»
Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру
Өлең құрастыру
---------- балалар
----------- тротуар
------------ ұмытпа
------------- сақта!
Велосипед жолы деген белгісін көрсет «Р» деген
белгі нені білдіреді ?
[pic] [pic]
«Кім көп біледі?»
1.Бір ғажабы бұл жерде,
Бір нәрсені ел күтеді.
Отырады біреуі
Тік тұрады біреуі.
Неғылған жер бұл өзі
Айтыңдар кім біледі? / аялдама/
2.Жол астында бір ін бар,
Не екенін кім табар.
Неге онымен адамдар
Әрі-бері ағылар. / жол асты жаяу өтпесі метро/
3.Үлкенде кішілерде
Жол белгісіне қарады.
Мысықтарда күшіктерде
Батыл жүріп барады.
Бірақ бұл тир
Жиек жол емес
Құпиясын кім табады. / жаяулар өтпесі/
4.Келеді Асан зулатып
Велосипедтің үстінде
Барма екен оған рұқсат
Қай белгі тұ оны нұсқап / велосипед жолы/
5.Аудан мектеп үй стадион
Салынып жатқан жерлерде
Тура жүрсең түсетін
Шұңқырлар бар жерлерде
Жүйіткіген жол үстінде
Қандай белгі тұрады? /жаяулар жүруге болмайды/
- Рахмет балалар сиқырымызды шештіңдер
Дидактикалық ойын: «Жол белгілерін қою»
Ән: «Бағдаршам»
1.Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата — ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
-Жүрісті реттеп тұратын адам? / май қызметкері/
Жаяу жүріп келе жатқан адам?
Жолдардың түйісуі? / қиылыс/
Осымен сынып сағатымыз аяқталды.
Суретпен жұмыс.
А) жолда жүру ережесінің сақталуы
Ә) көлік түрлері
Б) жол белгілері
Осымен сынып сағатымыз аяқталды.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие бағыттары |
Тәрбие сағаты |
Сынып жетекші портфолиосы |
Сынып сағаты |
Топ старостасы |
Ақиқат тобына |
Бағдаршам |
Тапқыр достар. 2-сынып |
«Әдептен озбайық» ашық тәрбие сағаты |
Отбасы тәрбиесі |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz