А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ

Әдебиеттік оқу 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: автордың өмірі, шығармашылығымен таныстыру; мысалдың мазмұнын меңгерту; тәрбиелік мәнін ашу; бидай, қаңбақ жайлы жаңа мағлұматтар беру; өз ойын, пікірін дәлелдей білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушыларды дауыстап, дұрыс, мәнерлеп, кейіпкердің образына кіріп оқуға машықтандыру; сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: мақтаншақтық, уақытты босқа өткізу, жеңілтектік сияқты жат мінездерден аулақ болуға үйрете отырып адамгершілік қасиеттерге, еңбекке, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: сахналық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, оқу, іздену, топпен жұмыс, көрнекілік, сахналау, ББҮ кестесі, эссе.
Сабақтың көрнекілігі: А. Тоқмағамбетов суреті, тақырыпқа байланысты слайд, оқу құралдары, кестелер, бидай мен қаңбақтың атрибуттары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) дайындығын қадағалау
б) психологиялық дайындық
Еңбекті сүй, құрметте,
Керек болар өмірде,
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді жатқа сұрау. ә) Әуенмен айтқызу.
б) Үй тапсырмасын қорытындылау:
- Өлең сенде қандай көңіл күй туғызды?
- Күзгі еңбек түрлерін ата.
- Біздің облысымыз қүзде қандай дәнді дақылдарды жинайды?
- Күзде пісетін бақша дақылдарын ата.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Жұмбақ шешкізу.
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. (Бидай)
2. Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ)
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты - «Бидай мен Қаңбақ» атты мысалмен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Жаңа ақпараттармен танысу.
- Асқар Тоқмағамбетов кім?
- Бидай туралы не білесіңдер?
- Қаңбақ қандай өсімдік? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
2. ББҮ кестесімен жұмыс. /Кестенің «білемін», «білгім келеді» бөліктерін толтыру/
Бидай Қазақстанда өсіріледі
Бидайдың түрлері
Одан нан өнімдері жасалады
Қаңбақтың пайдасы бар ма?
Қаңбақ - шөп
А. Тоқмағамбетов - ақын, жазушы, жерлесіміз
Нан туралы мақал - мәтел, тақпақ
3. Мұғалімнің түсіндірмесі. /Слайд арқылы/
а/ АСҚАР ТОҚМАҒАМБЕТОВ (19. 09. 1905 - 21. 08. 1983 ж. ж. ) Қызылорда облысы., Тереңөзек ауданы, бұрынғы ХҮІІІ партия съезді атындағы кеңшарда дүниеге келген - ақын, жазушы.
1932 жылы Москва полиграфия институтын бітірген. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады:
- Кеңшар, ауыл өмірі; 2. Елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; 3. Отан қорғау, ерлік; 4. Халықтар достығы тақырыптары. Шығармалары: «Біздің Сәуле», «Қош, аман бол», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға», т. б. әнге арналған өлеңдері. Тоқмағамбетов проза жанрында «Қыран тұғырдан ұшады», «Ақ - моншақ» (О. Бодықовпен бірге) повесі, «Әке мен бала» романы, «Қарбаласта» т. б. Тоқтағамбетов «Жыр күмбезі» (1975) атты тарихи романның авторы. Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы «Күлкі - сықақ» 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценарий де жазды. С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды (1953) . Марапаттаулары: 1 - дәр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ә/ БИДАЙ - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50 - 70%- ға дейін, ақуыздар 10%- дан 20%- ға дейін жетеді. Сондай - ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т. б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар. б/ ҚАҢБАҚ - бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Каспий, Арал теңіздері атырауында, Сарыарқаның шығысы мен батысында, Үстүрттің солтүстігінде, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Мойынқұм, Балқаш - Алакөл ойысының саз топырақты шөлді аймақтарында өседі. Биікт. 15 - 60 см. Сабағы түбінен бастап бұтақтанған, бұтағы өте қалың, тікенегі көп болады, тамыр жүйесі әлсіз. Мал азығы, оны әсіресе түйе сүйсініп жейді. Ақ қаңбақ деген түрі - қалампыр тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның құмды далаларында, өзен жағаларында, тақырланған жерлерде өседі. 1 га жерден 40 - 50 ц пішен алынады. Тамыр ұнтағы жүн жууға, сабын, шампун өндіру өнеркәсібіне қолданылады. Шөбінің тұнбасын бауыр ауруын емдеуге пайдаланады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz