Компьютерлік вирустардың зияны

Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының
36 ғылыми - тәжірибелік конференциясы
Тақырыбы: «Компьютерлік вирустардың зияны»
Ғылыми жұмыстың авторы: Қамысбаев Ержан Ясонович
Мектебі: Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектеп
10 «ә» сынып оқушысы
Ғылыми жұмыстың жетекшісі: Алчинова Арай Ондагановна
2009/2010 оқу жылы
Абстракт.
10 - сынып оқушысы Қамысбаев Ержан «Компьютерлік вирустардың зияны» тақырыбындағы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру, білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың біліктілігін арттыру, компьютерлік вирустардың зияның және оның ену мүмкіндіктерін сабақ өткізу барысында оқушыларға түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өтілген тақырыпты оқушыларға түсінікті жеткізу.
Осы оқушы мақсатты негізге ала отырып, өзін толғандырып жүрген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелер туралы жүйелі ой қозғайды. Себебі бүгінгі таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, өркениетті 50 елдің қатарына кіру өте күрделі мәселе.
Осы мәселе мақсатында болашақта оқушы, орта және жоғары оқу орындарында сабақ үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы, қаламыздың жастарының біліктілігін арттыруды көздеп отыр.
Жалпы ел мақсаты болып отырған мәселе, оқушымыздың ой- санасында үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болатынына сенімдімін.
Ғылыми жетекшісі: А. Алчинова
Абстракт.
.
Ученик 10 класса Камысбаев Ержан работает над темой «Компьютерные вирусы» главная задача ево работы применение новых информационных технологий в процессе обучение применяются при обучений для укрепления знаний учащихся, получение новых понятий о вреде компьютерных вирусов и методов их излечения.
Они повышают интерес к предмету и дают обширные понятия о новых информационных технология.
Казакстан входит в 50 развивающих стран, поэтому это тема наиболле октуальна сейчас потому как новые технологоии прочно входит в нашу жизнь. Ученики используют новые технология в школах и вузах.
Инструктор: А. Алчинова
Abstrakt.
Ihe schoolboy 10 classed Kamysbaev Erzhan works above a theme of «computer viruses» Kazakhstan enters info 50 less developed countvies, therefore it a theme is most urgent now, thevefore as the new information technologies trongly are included info jur life. The schoolboys uses new technologies at schools, high schools.
New information technologies in process training will be applied to strengthening knowledge of the pupils, reception of new concepts about harm of, computer viruses and, for the man and methods sheir treat ment.
They valise interest to a subject and give extensive motion technologies.
Instructor: Alhinova A. O
Тақырыбы: «Компьютерлік вирустардың зияны»
Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
1. 1 Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Компъютерге вирустың ену мүмкіндіктері
2. 2 Компъютерлік вирустардан сақтану жолдары
2. 4 Компъютерлік вирустардың жіктелуі
2. 5 Антивирустық программалар
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе бөлімі
Қазіргі кезде мемлекетіміз бәсекеге 50 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Ол үшін жастар және әр бір қазақ азаматы жаңа ақпараттық-комуникациялық технологияны жетік меңгеруіміз қажет. Мен зерттеу барысында компьютерлік вирустардың мүмкіндіктерін зертедім. Мен бұл тақырыпты алған себебім қазақ жастары жаңа технологияны пайдалана білу керек емес па? Сол сепбеті висрустарды компьютерлерден сақтану жолдарын әрбір қазақ азаматы дұрыс пайдалану үшін ай сайын курстар өткізіп тұру керек. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға 15-16 жылдай уақыт . Әрине бұл аз. Жаңа ақпараттық технологиялар дамып жетісе қойған жоқ. Мен бұл жағдайға қарамастан жаңа ақпарттық-коммуникациялық технлогияларды дамытамын. Мен алдағы уақытта компьютерлік антивирустардың жаңа түрін шығарғым келеді. Бүгінгі таңда еліміздің орта және жоғары оқу орындарында сабақ үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану міндетке айналып отыр. Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан кезіміздің ақпараттандыру заманы деп айтуға болатының екенің бірі біледі. Компьютерсіз осы кезде бірде-бір жұмыс орындалмайтын сияқты. Біздер технологияның өсуімен жетістіктеріне ат салысып күресудеміз. Әрбір ел болсын, өзінің ақпараттандырырылған жақтарынан мақтан мақтан ұстап, әлемге жар салуда.
Бұлардың барлығы дерлік үлкен жетістіктер. Бірақ, біз адам балалары өзіміздің денсаулығымызды естен шығарған сияқтымыз. Ия, мемлекеттің ақпараттандырылғаны барлығымызға жақсы.
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияны, болашақта еңбекке деген, өмірге, білімді жалғастыруға пайдалану.
1. 1 Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.
Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеумен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылды.
Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлуінде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар. Сондықтан да біздер компъютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай қадергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компъютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.
Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с. ) .
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ - ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
- кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;
- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
- көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.
Вирус жұққан блакноттың суреті
2. 1 Компьютерлік вирустардың ену мүмкіндіктері
Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады.
Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.
Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файлдар құрамына еңсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым - тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты «инкубациялық мезгіл» деп атайды. Бұл мезгіл аралығында олар екпінді күйде файлдар арасына таратылып, зақым келтіруіді белгілі бір уақыт мөлшері өткен соң немесе ол өзін-өзі белгіленген мөлшерде көбейтіп болған соң ғана бастайды.
2. 2 Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары
Вирустардан сақтану үшін мынандай шаралар қолдануға болады:
- Информация қорғаудың жалпы шаралары - дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істейтін программаларды қолдануға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуін тырысу;
- Профилактикалық шараларды пайдалану яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;
- Вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану;
Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануға ғана емес басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізі екі түрі белгілі.
- Информацияның көшірмесін алып тастау - файлдары және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.
- Керекті информацияңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою - ол информацияны рұқсатсыз көшіріп алуды, яғни программамен дұрыс жұмыс істемейтіндерден және қателігі бар программалардан қашық жүруді және мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді болдырмауды қамтамассыз етеді. Компьютерлік вирустардың жіктелуі.
Қазіргі кезде 10 000 шамасында компъютерлік вирустар белгілі.
Оларды әдетте әсер етуіне, логикасына байланысты және көлеміне қарай топтарға жіктейді.
Компъютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі.
«А» 648 байт
«В» 1701 байт
Логикасына және әсер етуіне қарай оларды шартты түрде мыналарға жіктеуге болады:
- «Ұстауыш- вирустар» - программалық жабдықтар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктер пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.
- «Логикалық бомбалар» - қарапайым прогаммаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар орындалғанды ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға» тырысады.
- «Құрттар» - жүйелік прогламмалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау прогламмаларына кіріп алып сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т. с. с
- «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы прогламмаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әркеттерді орындатады. Жасалу құрылмалы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компъютер желілерін жайлап алады.
Мақсаттарына қарай вирустар мынандай 4 бөлікке бөлінеді:
2. 5 Антивирустық программалар
Жалпы информацияда сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек. Мұндай программаларды бірнеше түрлерге бөлуге болады: детекторлар, докторлар, ревизорлар, доктор - ревизорлар, филътр программалар және вакциналар.
Вирустар әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізі топқа бөлуге болады
- Файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;
- Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар.
- Вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz