Уақыт және оны өлшеу: сағат пен минут

Сабақтың тақырыбы : Уақыт және оны өлшеу. Сағат (сағ) . Минут (мин) .

Мақсаты :Қандай да қайталайтын құбылысты сипаттайтын шамалардың бірі ретінде уақыт аралығы жайында түсінік беру және оның бірліктері сағатпен және минутпен таныстыру; сағат және минуттың ара қатынасын тағайындау, өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтау; сандарды және сәйкес шамаларды қосу мен азайтуды салыстыра қарастыру; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.

I. Ұйымдастыру сәті

II. Тірек білімді еске түсіру

А) Ассоциация картасын құру.

http://tak-to-ent.net/matem/ris/21/23.png

-Осы сөзді естігенде, сендердің бастарыңа қандай ой келеді?

-Неліктен уақытты үнемдеу керек?

-Уақыт жайында қандай мақалдарды білесіңдер?

Балалар ассосациясы жазылады. Барлық сөздердің ішінен сабақта қолданылатын сөздер айшықталып бөлініп алынады.

Ә) Ойын: «Сағат сатып ал»

Адамға ең қажет нәрсенің бірі - сағат. Ол әрбір уақыттың маңызды екенін көрсетіп тұрады. Сондықтан өздеріңе ұнаған сағатты сатып алыңдар.

http://tak-to-ent.net/matem/ris/21/24.png

III. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс

Өздерің таңдаған сағатпен танысамыз.

№1. Сағат моделі пайдаланылып, практикалық жұмыстар жүргізіледі. Қолдарындағы сағат модельдерімен оқушылар бір сағатқа дейінгі дәлдікпен уақытты анықтауға жаттығады. Толық дөңгелекті минуттық тілдің бір айналып шығуы 1 сағат, ал 1сағ=60 мин екенін мұғалім түсіндіреді.

№2. Практикалық жұмыс.

Еркін талқылау түрінде жұмыс жалғасады. Қолдарындағы сағат модельдерімен оқушылар қашан ұйқыдан тұратынын, ойнайтынын, демалатынын, сабаққа баратынын, ұйықтайтынын т. с. с. бір сағатқа дейінгі дәлдікпен көрсетуді талап етеді.

№3. Жұппен жұмыс. Уақыт 2-3 минут. Оқушылар жолдасына неліктен сағат тілдерінің осылайша

орналасатынын түсіндіреді. Осыдан соң қажетті түзетулер енгізе отырып, мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды.

№4. Математикалық диктант.

Жауаптың дұрыс нұсқалары тақтаға ілініп, оқушылар өзара тексеруді орындайды. Жиі кездескен қателер бойынша талдау жүргізіледі.

Сергіту сәті

Суреттегі қоян әрбір 13-ші сәбізді жегенде ең соңынан қызыл сәбізді жейді екен. Сағат тілінің бағытымен санағанда қай сәбізден бастап жейді?

http://tak-to-ent.net/matem/ris/21/25.png

№5. Есепті шығару мұғалім басшылығымен тақтада жүргізіледі. Бір кері есеп талқыланады және жазылады. Екінші кері есепті оқушыларға өздігінен жазу ұсынылады.

Рефлексия.

№6. Ойын жарыс:«Кім жылдам?»

Оқушы бір минут ішінде жауаптың нұсқаларын ғана жазады. Жұмыс алдында шамаларды қосудың ерекшелігі міндетті түрде еске түсіріледі.

Топпен жұмыс. «Менің күн режимім» жобасын дайындап, қорғау

Үй тапсырмасы. 43-бет, «Жасыл қоршау»


Ұқсас жұмыстар
1-сынып математика: Сағат циферблатында уақытты анықтау және уақыт аралығын өлшеу
Уақытты өлшеу: сағат пен минутты оқытуға арналған практикалық сабақ жоспары
2-сынып математикасы: Уақыттың өлшемдері - сағат пен минут (ашық сабақ, аукцион форматы)
7-сынып: Атмосфералық қысым және оны өлшеу әдістері
Термодинамикалық параметрлер: температура және оны өлшеу тәсілдері
Температура және оны өлшеу әдістері (8-сынып сабақ жоспары)
4-сынып математикасы: Шамалар мен оларды өлшеу - уақыт, ұзындық және масса бірліктері
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Температура және оны өлшеу әдістері
Уақыт. Сағат неше? - сөздік қорды кеңейту және септік жалғауларын меңгертуге арналған сабақ жоспары
Тарих және уақыт: уақыт өлшемдері мен жыл санау жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz