Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Қызықты есептер жайлы ақпарат
Семей қаласының №37 гимназиясы
[pic]
Тақырыбы: «Қызықты есептер»
Дайындаған: математика пәнінің мұғалімі
Тунгышбаева
Ж.К.
СЕМЕЙ – 2010
Күні: 20.04.2010
Тақырыбы: «Қызықты есептер»
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған
білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді,
озық болуға тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: мультимедиа, плакаттар, шарлар, ойынға қажет әртүрлі заттар.
Ойынның барысы:
1. Таныстыру – топтың аты, эмблемасы
2. «Қызықты есептер» - логикалық есептер
3. «Әр қолда-өзінің ісі» - капитандар сайысы
4. «Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу
5. Қорытынды
Жас болсақ та қиындықтан қашпаймыз,
Сұрақтарды бірден шешіп тоқтаймыз.
Деп отырған болсаңыздар ендеше,
Сайысымызды бастаймыз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Қызықты есептер» деп аталатын
сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ойынды бастамас бұрын әділқазыларды
сайлап алайық.
1. ____________________
2. ____________________
3. ____________________
Әділқазы ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл.
Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік, ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал аппақ ниетпен.
Түсеміз біз білімдердің сайысына,
Жеңсеңдер қол соғамыз табысына.
Талапкердің талабы баудай болар,
Аямас тиіп кетсең намысына.
1-сайыс топтардың өздерін таныстыруы, ең жоғарғы ұпай 5.
2-сайыс «Қызықты есептер» дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан
отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)
2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең
бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)
3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында,
біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше
үйрек ұшып барады?(3 үйрек)
4. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап
тұруы мүмкін бе?(жоқ)
5. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма
корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру
керек)
6. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында
барлығы неше бала?(6)
7. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш
қалады?(5)
8. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм
болады?(2 кг)
9. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)
10. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)
11. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың
соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды.
Поезда неше вагон болған?(13)
12. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)
13. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат
ойнаған?(2)
14. Сәуледе 6 сақина бар, оның 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл.
Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?
3-сайыс «Әр қолда-өзінің ісі» - капитандар сайысы. Топ капитандарына
қағаз және екі қолына да қарындаш беріледі. Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш,
оң қолмен шеңбер салыңдар.
Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала бола ма?
Ойын-сауық жасамай
Жастар жолы болар ма?
Құпиялы сандықтың
Кілтін аша алар ма?
4-сайыс «Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу.
1. Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз.(цифрлар)
2. Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)
3. Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)
4. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)
5. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)
6. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілге армандаған қана бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренерміз аман болсақ!
Енді әділқазылардан бүгінгі сайысты қорытындылап, марапаттауларыңызды
сұраймыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz