Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Саналы әрі тәртіпті болуга ықпал ету
Саналы әрі тәртіпті болуға ықпал ету
Бүгінгі таңда бала тәбиелеуде біздің мұғалімдер мен ата-аналарды толғандыратын мәселе - жасөспірімдерді жаман қылықтан сақтандырып, өмірдегі өз орнын, өз жолын жаңылмай табатын көздеген мақсаты үшін күресе білетін талантты да табанды ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Осы орайда бала тәрбиесін қалай жүргізуге болады ? Олардың қателіксіз тіршілік етуі үшін мінсіз тәрбие беру жолдары қандай ? Оларды саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеуді қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақтар туындайды.
Саналы тәртіп оқушыларға ата-аналармен , оқушылар ұйымымен, жұртшылықпен мектеп жасайтын тәрбиелік ықпалдылық нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың саналы тәртібі үшін сабақтың табыстылығы, мектепте қатаң режим мен тәртіптің болуын қамтамасыз ету - өте қажетті міндетті шарт. Мектепте бекітілген оқушыларға арналған ереженің де мәні зор. Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жақсартуға олардың мінез-құлқын бағалау және оқудағы, қоғамдық жұмыстарды атқарудағы табыстарын мадақтап отырудың мәні зор. Бұл бағытта оқушылардың саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеуді жақсарту педагогтардың бірінші кезектегі міндеті. Бұл міндетті жүзеге асыруға мектептегі, ауылдағы, қаладағы көмекші жастар ұйымдары көмектесе алады. Олардың жоспарлы іс-әрекеті оқушылардың өзін-өзі басқаруын жүзеге асырады.
Өзін- өзі басқару - оқушыларды қоғамдық белсенділікке және саналы тәртіпке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оқушылар тек орындаушы ғана емес, ұйымдастырушы да бола алады. Ұйымдастыру жұмысы оқушы үшін өте күрделі, сондықтан сынып жетекшінің сынып белсенділеріне үнемі көмек көрсетіп, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруы аса маңызды. Оқушылар үшін сынып жетекшінің әрбір қимылы, іс-әрекетінің тәрбиелік мәні зор. Сондай- ақ тәртіпті мінез -құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруда сынып жетекшінің әр түрлі , нақты және мақсаттылықпен ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы қызметінің үлкен мәні бар. Өмірде еңбек пен тәртіп қатар жүреді. Оқушылар болашақта қандай мамандық иесі болмасын еңбек тәртібін талап етушілікпен кездеспей қоймайды. Балалардың бойында еңбек ету ынтасын, еңбек ету қажеттілігін ояту, кез келген жұмыстан қоғамдық ойды көре білуге үйрету, оны жігермен, ынтамен орындату өте маңызды. Бұл орайда сынып бөлмесінің тазалығынан бастап кезекшілік атқару, рейдтерге, сенбіліктерге қатысуды, қарттар үйіне көмектесуді атап өтуге болады. Сыныптың мектеп бойынша кезекшілік атқаруы ұйымдастырушылық дағдылар алуға көмектеседі. Саналы тәртіпке тәрбиелеудің маңызды шарты - педагогтар мен оқушылардың өзара қарым - қатынасының дұрыс орнауы.
Оқушылармен жұмыс істей отырып сынып жетекшісі сынып оқушыларында қалыптасқан мінез-құлықтың ұнамсыз тұстарын жоюға, оларды қайта тәрбиелеуге тура келетін жағдайлармен ұшырасып отырады. Мұндай кезде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін жүзеге асырған тиімді. Әрбір жас мінез-құлқының жаман, жақсысын ой таразысына салып, алдына таудай талаптар қойып, оны орындау жолын қарастырады. Оқушылардың арасында ой-армандарын күнделікке түсіретіндер жиі кездеседі. Күнделік-оқушының өзін-өзі тәрбиелеу ісіне психологиялық жағынан құнды құжаттардың бірі. Өзін-өзі тәрбиелеу бағытында ұлы Абайдың қара сөздері көп көмектесетіні даусыз.Талап қоюшылықты құрмет көрсетуге қарсы қоюдан сақтану керек. Біздің балаларға қоятын талабымыз-оларға білдірген сенімінің көрінісі. Мектепте, одан тыс жерлерде мінез-құлық ережелерін бұзатын оқушы болса, онымен жеке жұмыс жүргізіліп, оның сынып ұжымымен үнемі байланыста болуын қадағалау керек. Сынып жетекші сыныпты топтастырады, сынып сағатын, сынып жиналысын уақытында өткізеді, белсенді оқушылардың қызметін бақылайды, кезекшілік ұйымдастырады, барлық мұғалімдердің өз сынып оқушыларына бірдей талап қоюын бақылайды, сондай-ақ ата-аналармен тығыз байланыс орнату тиіс. Әрбір пән мұғалімі оқушылардың сабақ үстіндегі мінез-құлқының тәртіптілігін ұйымдастырады, оқу тапсырмаларын бақылайды, сабақта, сабақтан тыс кезде де оларға бірыңғай талап қояды. Сөйтіп мектептегі барлық мұғалімдердің, олардың қоғамдық ұйымдармен келісілген іс-әрекеті оқушыларды саналы тәртіпке, мінез - құлық мәдениетіне тәрбиелеу жөніндегі жұмыстардың табысты болуын қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, жастар ұйымы, ата-ана мен мектеп, яғни оқушыға әсер ете алатын ұйымдар барлығы бірлестікте жұмыс жасай отырып, адамгершілігі мол, өз ісіне есеп бере алатын саналы ұрпақ тәрбиелеуге жұмылдырылуы керек.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz