Көңілді тапқырлар клубы (квн) сценарийлері

(КВН) Секретарша:
Ыбырай: Негізінде лауазымы жоғары бастыққа кіріп сөйлесу үшін оның алдында отырған хатшының көңілін табу керек бірінші, сонымен қабылдау бөлмесінде болған жағдай.
№ 1 оқушы: Сәлеметсізбе!
№ 2 оқушы: Санап жаттық
№ 1 оқушы: Жоқ, мен түсінбедім, бастық бар ма іште?
№ 2 оқушы: Бастықтың қолы бос емес!
№ 1 оқушы: Не істеп жатыр?
№ 2 оқушы: Аяғы да бос емес, суға салып отыр
№ 1 оқушы: Жоқ, қызық, жоқ, сен түсінбедің ғой деймін, мен бастыққа кіру керекпін!
№ 2 оқушы: Бастыққа келіп тұрсыз ба?
№ 1 оқушы: Иә, мен бастыққа келіп тұрмын
№ 2 оқушы: Бастыққа келіп тұрсаңыз, күтесіз, күтесіз, куутесіз!!!
№ 1 оқушы: Жоқ, мен түсінбедім, мен бастыққа кіру керекпін!
№ 2 оқушы: Күтесіз!
№ 1 оқушы: Мен кіремін бастыққа
№ 2 оқушы: Шамалы қарамайсыз ба? компьютер тұр ғой!
№ 1 оқушы: Жоқ, сен мені неге итеріп жатсын? жоқ сен мені неге итеріп жатсын?? Таң атпай дік-дік етіп, а?
№ 2 оқушы: Мен сізге не деп тұрмын, бастықты күтесіз, бастыққа келдіңіз бе онда күтесіз! күтесіз!!
№ 1 оқушы: Қанша күту керек?
№ 2 оқушы: 1 жыл күтесіз
№ 1 оқушы: Ойбаййй, қай жаққа кетіп қалды бастығың?
№ 2 оқушы: Әскерге
Жатақхана №1
№ 1 оқушы: Немене шу мынау? Бұл не деген шу? Не деген шу біздің жатақханада? Немене маған айғайлап тұрсын сен?
№ 2 оқушы: Айғайлаған жоқпын ғой!
№ 1 оқушы: Ішінен айғайлап тұрсын ғой сен маған! Немене айғайлайсын сен маған?
№ 2 оқушы: Айғайлаған жоқпын ғой!
№ 1 оқушы: Немене шулатып жүрсіңдер? Мен осы жатақхананың коменданты боламын!
№ 2 оқушы: Апай концертке дайындалып жатырмыз
№ 1 оқушы: Кетіңдер бар, кетіңдер бар осы жерден! Осы концерттеріне түкіргенім бар. Ал, кетіңдер бар, кетіңдер бар, босатыңдар мына жерді!
№ 2 оқушы: Апай, біз осы жатақханада тұрамыз
№ 1 оқушы: Осы жатақханадан болсаңдар, бар бөлмелеріне кіріңдер бар!
№ 2 оқушы: Кірейік біз енді өз жатақханамызға
№ 1 оқушы: Немене істеп жатсын? баспаңдар андағы жерді, анау досыңның аяғы саз ғой! баспаңдар еденді! жаңа ғана жуып қойдым ғой . . .
Осылай тәрбиелемесем түсінбейді осылар
№ 3 оқушы: Сәлеметсізбе!
№ 1 оқушы: Сәлеметсізбе!
№ 3 оқушы: Мен бірінші курс студенті едім, мына жатақханаға орналасуға келдім
№ 1 оқушы: Орналасуға келдін бе? мен саған мынау жатқхананың бірден тәртіптерін түсіндіріп кетейін: жатақханада ең бастысы бөлмені таза ұстау керек, 11-ден кейін кіруге болмайды, және ең бастысы, ЕҢ бастысы ішімдік ішуге болмайды.
№ 3 оқушы: О, апай ішпеймінде, темекі шекпеймінде, а, апай кешіріңіз мына балай кім?
№ 1 оқушы: Мына бала кеше балконнан кіремін деп, кіре алмай кеткен студент, кіре алмай кетті кеше, айтпақшы балконнан кіруге болмайды түсіндін бә?
№ 3 оқушы: жоқ кірмеймін ғой
№ 1 оқушы: бар, қазір бөлменнің кілтін беремін, күте тұр ана жерде
№ 3 оқушы: а, иа, жарайды
№ 1 оқушы: ей, сен кімсің?
№ 4 оқушы: Сәлеметсізбе?
№ 1 оқушы: ай, Сейфуллин қайдан келе жатырсың?
№ 4 оқушы: ауылдан, апам соғым беріп жіберген ғой
№ 1 оқушы: а, соғым беріп жіберді ме? соғым беріп жіберді ме?
. . .
Би (ұлдар)
№5 оқушы: «Жалынды жастар» коммандасы өз тарихын біліп, құрметтейтін, мәдениетті сақтайтын комманда. Сонымен өткен тарихын мен мәдениетін ұмытпай, сақтап жүрген және де қазіргі кездегі үрдістен қалыспайтын жастардың өнерін қарсы алыңыздар!
«Қара жорға» мен «жаңа би» биі
«Клип түсіру»
№1 оқушы: Достар, мен оқу бітіргенде, дәрігер боламын!
№2 оқушы: Мен оқу бітіргенде кәсіпкер боламын!
№3 оқушы: Ал мен оқу бітіргенде режиссер боламын! Сонда өзіме ұнайтын «Он тебя целует» әніне клип түсіремін! Міне былай! Кастинг!!
Мына әнде басты рөлдегі жігіт мен боламын, оның ғашық қызын Сандуғаш ойнайды, және де оның қасындағы жігітті Ыбырай сомдайды. Махаббат сен менің құлағыма сыбырлайтын желдің рөлін ойнайсын. Сонымен, маэстро музыка!
«Жалынды жастар» коммандасының құрамасы:
Бөгенбай - комманда капитаны;
Ербол, Дәнекер, Нұрмұқан, Махаббат, Инабат, Сандуғаш, Аян, Аңсар, Ыбырай, Жамиля, Назкен.
КВН №1:
1) Кинотеатр - Ыбырай, Дәнекер, Аңсар, Аян;
2) Актер - Махаббат, Сандуғаш, Инабат, Назкен, Аян;
3) Бір түрлі мектеп - Махаббат, Сандуғаш, Инабат, Назкен, Аян, Жамиля, Аңсар;
4) Иллюзиялық шоу - Аян, Дәнекер, Махаббат;
5) Ереже бұзудан сақтанатын жүргізуші.
Қатысушылар:
Бөгенбай, Сандуғаш, Ербол, Аян, Нұрмұқан, Дәнекер.
Ыбырай:
Автокөліктің салонының артқы жағында төрт адам отырған кезде кішкентай балаларға әййй обал-аййй . . .
Бөгенбай (жүргізуші) : Әй, әй жатыңдар, жатыңдар, МАИ қызметкері.
Сандуғаш (әйелі) : МАИ, МАИ тұр . . . жат, жат, жат, жат, бол, жат.
Ербол (баласы) : болды ма?
Сандуғаш (әйелі) : немене?
Ербол (баласы) : болды ма?
Сандуғаш (әйелі) : жатсайшы солайынан, көріп қояды, қазір . . . тиы . . .
Ербол (баласы) : ана болды ма???
Сандуғаш (әйелі) : жат деймін, жатсайыншы бол!
Ербол (баласы) : тұншығып кеттім . . .
Дәнекер, Нұрмұқан, Ыбырай (балалары) Ерболдың (баласының) басынан басады. .
Сандуғаш (әйелі) : ей, тұншықпашы қазір, жатсайыншы, болды, тыныш ғана, тыныш ғана жат!
Бөгенбай (жүргізуші) : болды, болды, болды өтіп кеттік. .
Ербол (баласы) басын көтеріп, тік отырады.
МАИ қызметкерінің машинасының мигалкасының дыбысы шығады . . .
Жүргізуші машинаны тез тоқтатады . . .
Сандуғаш (әйелі) : болды міне, болды міне, тоқтатты міне, МАИ тоқтатты, тоқтатты міне, түсінбейсіңдер, жат дегенде неге жатпайсың, а а ??, жат дегенде неге жатпайсың??? (Ерболдың басынан нұқиды), сен үшін бар ғой әкене айыппұл салады, әкене айыппұл салады, сен үшін! сен үшін, бәрі сен үшін, неге сен осы айтқанды түсінбейсің, а а а???
Бөгенбай (жүргізуші) : ей, жаны шыққыр! неге белдігіңді тағып отырмайсың, а а а???
6) Әскерде болған оқиға - Бөгенбай, Ыбырай, Ербол;
7) Крыша - Аңсар, Дәнекер, Бөгенбай, Аян, Ербол, Ыбырай, Нұрмұқан;
8) Қазақстан футбол құрамасының гол салуы - Аян;
Ыбырай: Неге Қазақстанның футбол құрамасы бір голдан кейін екінші гол салмайды?? Сонымен қарапайым ойын . . . Қазақстан құрамасының ойыншылары . . .
9) Олимпиада чемпионы төсек салуда.
Ыбырай: Лондон олимпиадасының тағы да бір олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың (Ербол) кешке төсек салуы . . .
10) Пародия - Махаббат, Дәнекер, «Тау-тау»;
«Нұр-Мұқасан» - Жамиля, Сандуғаш;
«Қыдырәлі мен Қарақат» - Сандуғаш, Ербол;
«Кешью» - Бөгенбай, Ербол, Ыбырай;
«Жолбарыс» - Аңсар;
«Қоңыр» - Дәнекер, Ербол, Бөгенбай.
11) Фотоға түсіру;
12) Скетч;
13) Ата-аналардан скетч;
Әзіл-сықақ
Бөгенбай:
1) Бір күні бір ағамыз бір мекемеге барыпты, сөйтіп барып айтады дейді:
- Әй, айналайын жігіттер, анау екі баламды үйлендіріп, той жасайын деп едім, соған ана аппаратура табыла ма сендерде?
Сөйтсе, анау жігіттер:
- иә, иә, иә, иә, бәрі бар, бізде, бәрі бар деп.
Соған анау ағамыз айтыпты:
- айтпақшы, сендерде, анау, «Гүлім, гүлім, гүлімсің . . . » деген ән бар ма?
сөйтсе, анау жігіттер:
- иә, иә, иә, иә, бар, бар, бар.
- анау, «өзің болдың арманым» деген ән бар ма десе . . .
- иә, иә, иә, соны біз айтамыз ғой, біз айтамыз ғой деп.
- ал, енді анау, әәә, билеуге қандай әндерін бар . . . әәә, анау ән бар ма «Сағынғанда Ақмаржан» ???
- иә, иә, иә, иә, ол да бар, бар, бар . . .
- сосын анау, «Тоқта қарындас . . . билейікші қарындас» деген . . .
- иә, иә, иә, оны да біз айтамыз, бар, бар . . .
- «Биле, биле құдалар» деген ән бар ма?
- ойбай, олда бар . . .
- ал «Ойна да күл» деген ән бар ма?
- ойбай, аға, ол да бар, ол да бар . . . десе
Ағамыз айтады дейді:
- айналайын жігіттер, өтініш, ертең анау біздің тойда осы өлеңдерді айтпай-ақ қойындаршы деп . . .
2) Тағы да бір ағамыз тамада іздеп келіпті, сөйтіп, анау, тамаданың үйіне келіп айтады дейді:
- «әй, тамада, тамада бала, анау, жалғыз балам бар еді, соны бір үйлендіріп, той жасайын деп едім, соған өзіңді тамада қылсам ба деп едім, сенің енді . . . жаңағы . . . ставкаң қанша болады . . . десе, анау жігіт айтыпты:
- ағасы, енді ол мың доллар болады . . . деп, сөйтсе, анау ағамыз, подъезде есіңен танып қалыпты . . . соны не керек, тамада су шашып, әзерге дегенде, анау ағамызды тұрғызып алып,
- ойбай, аға, ставканы өзіңіз айта салыңызшы десе . . .
Ағамыз:
- елу доллар десе, тамада талып қалыпты.
3) Бір күні орманда кірпі жүгіріп жүр дейді, сөйтсе, бұғы, келіп:
- кірпі, не болды, неге жүгіріп жүрсін? десе, кірпі айтады дейді:
- кайф ұстап жүрмін, кайф деп, сөйтсе бұғы:
- жүгіргеннің несі кайф? десе
- жүгіріп көрсейші деп, бұғы мыңмен жүгірген ғой . . . бұрқырап, шаршап келіп,
- ей, кірпі, бұнын несі кайф? десе, кірпі айтады дейді:
- бұнын несі, сенің қарныңды шөп қыдықтамайды ма? - деп, тема айтып қояды екен . . .
4) Тағы да бір күні бір ағамыз жұмыстан келсе үйінде жүрген жиен бала иттің шыңжырында байлаулы тұр, - дейді, сөйтсе, ағамыз барып, әйеліне айтыпты:
- ей, қатын, сен, жиенді неге иттің шыңжырына байлап қойғансың? десе, әйелі айтады дейді:
-ойбааай, жиенің жынды ма, бір пәле, итті ары қуады, бері қуады, сосын болмаған соң иттің шыңжырына байлап қойдым, деп, сосын күйеуі айтыпты:
- ей, сен жындысың ба? жиенді байлағанын не, итті байламайсың ба? - десе, әйелі:
- ойбай, сонда сенің жиенің бос жүре ме? деп, айтады дейді.
5) Баяғыда бір адам тоғызыншы этаждан құлап кетіпті, бейшара, жерге түскеннен кейін тірі қалыпты, енді атып тұрып, үстің қағып жатса, бір полиция келіп,
- әй, не болды? десе,
- білмеймін, өзім жаңа келдім, деп, айтады дейді.
6) Бір күні бір ағамыз әйеліне:
- жаным, мына менің жемпірімнің мойыны созылып кетіпті, маған ақша бер, ертең базарға барып, плотный туфли алмасам. - деп, айтады дейді.
7)
- Ей, Баука, сотканды айтып жіберсейші, сотканын нөмірін
- Қой, ей, тұрайын енді осы жерде, шұбыртыыып, 8 702 998 57 96 . . . деп
- Пасворд ше, пасворд?
- 8 7 . . . , ей, қой енді, айналайын, ей.
КВН №2
Ыбырай: Олимпиада чемпионы, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сапиевтің журналистерге сұхбат беруі:
Аңсар: - Сәке, Сәке, сізге сұрақ қоятын мүмкіндік дәл осы жерде туды-ау деп үміттенемін . . . сіз әлемнің ең үздік боксшысына берілетін «Баркер кубогін» жеңіп алдыңыз, әлемнің үздігі атаңғаңызда қандай сезімде болдыңыз??
Дәнекер: - енді ол менің жеңісім емес, ол елімнің жеңісі, ол менің қолым емес, ол елімнің қолы, мен . . . ол . . . это . . . әнұран айтылғанда ол сезім . . . айту мүмкін емес.
2)
Дәнекер: Егерде «Рэкетир» фильмімен «Жаужүрек мың бала» фильмін біріктірсе қалай болар еді:
Ыбырай: - эй, ты кто такой вообще, а? а? пришел тут и базаришь, все, этот Руслан твой мне не авторитет, понял, все базар окончен!
Ербол: - әй, сумелек, сен киммен сойлесип турганынды билесин бе? бул Жолан батырдын улы Айыр.
3)
Ыбырай: Кезінде боксқа қатысқан, тіпті чемпион болған ағамыз, аяқ астынан сынықшы болып кетіпті.
Дәнекер: - ай, бісіміллә, ал,
Нұрмұқан: - әй, айналайын, бел ауырады, енді
Дәнекер: - а а а, ары қара, ары қара, ал, енді бұл қазақтың емі, айналайын
Нұрмұқан: - иә
Дәнекер: - ал, бұл енді менің қолым емес, ал менің қолым емес, ол менің қолым емес, ол елімнің қолы, мен . . . ол . . . это . . . әнұран айтылғанда ол сезім . . . айту мүмкін емес.
4)
Ыбырай: - Ғылым таппай мақтанба дейді, ал мен мақтанамын, сендер Шыңғысханның атының оң жақ көзінің түсінің қандай болғанын білесіңдер ме?
Аңсар: - Әә, ҰБТ-ның сұрақтарын құрастырған сіз бә, не?
5)
Ыбырай: Бір жұмысты жасап жатқан кезде, басқа біреу келіп, дәл сол жұмысты жаса деп бұйрық бергенде, жұмыс істегін келмей қалады, сонымен қарапайым отбасы:
Дәнекер: - ей, балам, анау қонақтармен амандас . . .
Бөгенбай: - отырыңыздар, отырыңыздар, қолдарыңызды жуып алыңыздар . .
Дәнекер: - әй, балам, анау құманды алда, қолдарына су құй . . .
Бөгенбай: - қолдарыңызды сүртіп алыңыздар
Дәнекер: - әй, берсейші анау орамалды, не істеп тұрсын?
Аңсар: - әй, балам, әй, анау немереме айтшы қонақтарға орамал берсің . . . әй осыларға айтпасам ештене істемейді.
6)
Ыбырай: «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 70 жылдан кейін пәтер алып жатқан жас жанұя:
Назкен: - әй шал ау, жетпіс жылдан кейін болса да үкімет үйін берді ау, әйтеуір,
Ербол: - үкіметте берем деген затын түбі береді ғой, ал сен сенген жоқсын, бес жыл ерте үйленгенде, алпыс бес жасымызда алар ма едік бұл пәтерді, иә?
Назкен: - әй, сорлы басым ау, медакадемияда оқып нем бар еді, оданда юристке оқу керек еді, юрист, юрист.
Ербол: - қойшы, сонда юристтерге жұмыс табылып жатыр ма?
Назкен: - жоқ, қазір бізді тыңдап отырған көрермендеріміздің ішінен болашақ юристтер болса үміттерін үзбесін дегенім ғой,
Аңсар: - әке, ана, мен бүгін елуге толдым
Ербол: - о о, құтты болсын!
Аңсар: - бұйырса, осы жазда, бала-бақшаға тұратын кезегімде келеді, енді жазға дейін уақыт өткізе алмай жүрмін, не істесем болады?
Ербол: - сен бар да несие ал, сосын көрейін уақытты тоқтата алмағанынды
Аңсар: - өйй, әке
Назкен: - әй, сен де балаға дұрыс әңгіме айтпайсын . . .
Өмір жасын пәтердің кезегіндей болсың, ұзақ,
Бала-шаған несиенің пайызындай болсың, көп,
Денсаулығың мұғалімдердің жүйкесіндей болсың, мықты,
Өзің «Нұр Отан» сияқты бол, айтқан нәрсеңді істе және ешқашан жеңілме!
Аңсар: - аумин!
7)
Ыбырай: Өсек айтуды жақсы көретін екі құстың әңгімесі:
Махаббат: - Өлә, құс десе өзімізгеде да, анау Бүркітті айтамын, «Тау-тау» деген өлеңін шығарып, көтеріліп кетіпті ғой
Сандуғаш: - қой . . . ол ештене емес
Махаббат: - а а
Сандуғаш: - ол ештене емес, сол Бүркітті ше, алдында кафеде отырғызып кетіпті ғой
Махаббат: - кім?
Сандуғаш: - шағала
Махаббат: - чайка ма? Ее, одан шығады, ол ештене емес, анау тауықты айтамын, айтсам өсек болады, құрсын, тауықты айтамын, үйінде отырып туып қойыпты,
Сандуғаш: - қой, өлә, масқара, сондай болды ма?
Махаббат: - ол ештене емес, анау, үкіні, айтамын, үкіні, түнімен жүреді, ай, сол бұзылып кетпесе болғаны . . .
Сандуғаш: - әй, осы бұзылады ау
Махаббат: - анау, өткенде құстықта отырсам
Сандуғаш: - құстығын несі?
Махаббат: - құдалықта
Сандуғаш: - а а а
Махаббат: - анау, кім бар ғой, құда бала, жарқанат, ойбай, ішіп алып, қанымды ішті
Сандуғаш: - қой
Махаббат: - анау құдағи, индюк бар ғой, миымды ашытты
Сандуғаш: - не дейді?
Махаббат: - білмеймін, (индюктің дауысы), деп миымды ашытып, ештене түсінбейсін
Сандуғаш: - өләә, масқарааа . . . ай, айналайын оның бәрін кімнен естідің?
Махаббат: - а а а?
Сандуғаш: - кімнен естідің?
Махаббат: - анау, кеше түскен келін тоқылдақтан . . .
8)
Ыбырай: Егінді-Ағаш орманға бай өлке. Сонымен, сол ормандардың біріндегі ағаштардың әңгімесі.
Сандуғаш: - Бұтағыңды тартшы, ауызымызға тығасың ба?
Махаббат: - жапырағыңды жаймашы маған қарай . . .
Сандуғаш: - өзін дұрыстап тұрсайшы, тамырыңды тартылмай, өзі бір аяқпен тұрмыз ғой
Махаббат: - әй, мен ғой сені суарып отырған, тамырыммен
Сандуғаш: - сондайларыңды қойындаршы, сондайларыңды . . . Өй, тартшы деймін бұтағыңды!
Назкен: - жел ғой, досым, жел . . .
Бір адам (Аян) өтіп бара жатып, темекісін лақтырып кетеді
Махаббат: - әәй
Сандуғаш: - темекісін тастап кетті ғой
Махаббат: - әәәй, темекі . . .
Сандуғаш: - сенің аяғынның асты бықсып жатыр (үрлейді)
Махаббат: - үрлеме, үрлеме, өртенеміз, үрлеме, үрлемеңдер!
Сандуғаш: - бықсып жатыр, түтін шығып жатыр ғой . . .
Махаббат: - енді не істейміз???
Сандуғаш : - осындайда иттерде өтпейді ғой
Махаббат: - соны айтамын . . . Өй, мені құтқарсаңдаршы, енді
Сандуғаш: - сен өрттенсен, бәріміз өрттенеміз . . .
Махаббат: - жқ!!!
Ыбырай: - жігіттер шылымды шегуді қояйық, орманымыз азайып бара жатыр!
9)
Бөгенбай:
Олимпиада жаңалықтары:
- 4 бажа жиналып, не үшін ішерін білмей отырғанда, Винокуров аяқ астынан чемпион болып кетіпті.
- Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе помада жағып алған.
- Қызым саған айтамын, келінім босаңды.
- Он үште «Отау тв»
- Кеше сотка, сим-карта, сеть үшеуі жүз граммдатып, нәтижесінде сеть қуып кетіпті.
- Хирургтардың ұраны: жеті рет өлшеп, бір рет кес!
- Бір пысық бала өзінің қызына 9 наурызда сөз берсе, қызы 8 мамырда жауап беріпті.
10)
Ыбырай: Нағыз қызық нәрселердің барлығы жанұяда болады, ал үйдегі нәрсені біз ешқашанда сыртқа шығармаймыз. Сонымен тату-тәтті жанұяда болған оқиға:
Бөгенбай: - Осы үйді мен түсінбеймін күнде жинайсын, күнде шашылады, кім шашады, соны түсінбеймін, түсінбеймін мен осы үйді, бүгін жинасам, ертең шашылады, ертең жинасам, арғы күні жиналғысы келіп тұрады, айналайын, не деген адамсыңдар? жинап жүрмейсіңдер ме соңдарынан.
Бері кел, айналайын, сағат жеті болды ғой, жұмысына бармайсың ба? жұмысына барсайшы, жұмысына!
Дәнекер: - Ей, қойшы ей, менің балғам қайда?
Бөгенбай: - Әй, осы үйдің еркегі сен емессін бе? Балғаны мен білемін бе, сен білесің бе?
Дәнекер: - Оу, айналайын, не болды, еркек, әйел деп бөлініп, а? не болды?
Бөгенбай: - Ойнап жатырмын ғой . . .
Дәнекер: - Осы үйге ақша алып келетін кім?
Бөгенбай: - Сол ақшаны жұмсайтын кім?
Дәнекер: - Әй, таң атпай, балаларды бала-бақшаға апаратын кім?
Бөгенбай: - Сол бала-бақшадан балаларды алып келетін кім?
Дәнекер: - Өй, айналайын, сол балалар дүниеге кімнің арқасында келді?
Бөгенбай: - Әрине, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген, менің арқамда, не сонда, сенің арқаңда дүниеге келді дейсің бе?
Дәнекер: - Оу, айналайын, не болды сонда? Әй, бұл үйдің еркегі кім?
Бөгенбай: - а а?
Дәнекер: - еркегі кім?
Бөгенбай: - Сол еркектің түнде аяғын уқалайтын кім?
Дәнекер: - Тфуй, балғам қайда? балғамды табыңдаршы менің!
Ербол: - Гүлжан, Гүлжан, күйеуін кетіп қалды ма?
Бөгенбай: - ау?
Ербол: - күйеуін кетіп қалды ма?
Бөгенбай: - ойбай, сен осы біздің үйді аңдып жүресің бе?
Ербол: - шай ішпесем, сенімен шай ішпесем ше, басым ауырмайды.
Бөгенбай: - мен ішсем, ауырады, сенімен! Қызғаншақ күйеуін қайда?
Ербол: - ойбай, жүр ғой.
Бөгенбай: - жүр ме? жоқ, мен сенің күйеуіне таң қаламын, не ғып сені қызғанатынын, ей, біздің Арманды қарашы мені бір қызғанбайды ғой.
Ербол: - ойбай, сенің қызғанатын жеріңде жоқ ғой, айналайыным-ау, қойшы . . . Ойбай, Гүлжан, көзіне не болған?
Бөгенбай: - қойшы, айтпай-ақ қояйыншы
Ербол: - айтшы, айтшы, айтшы, айтшы, а а а!!!
Бөгенбай: - кеше концерт болды үйде . . .
Ербол: - не болды???
Бөгенбай: - концерт болды, три Д (3D)
Ербол: - Арман концерт қойды ма?
Бөгенбай: - иә, концерт қойды, алдыңғы қатарда отырғанмын ғой
Ербол: - ойбайй, байқамайсын ба?
Бөгенбай: - қайдан білейік енді . . .
Аян: - мама, мама, сені папа шақырып жатыр
Бөгенбай: - а а?
Аян: - сені папа шақырып жатыр . . .
Бөгенбай: - әй, папаң жұмыста ғой, сенің
Аян: - е, білмеймін, папа шақырып жатыр, шай, тамақ қашан дайын болады дейді
Бөгенбай: - әй, былай деп айтшы, Құралаймен сөйлесіп жатыр, сосын барады деші
Аян: - ей, папаға бар дейсің, папаға барсам мамаға бар дейді, мамаға барсам папаға бар дейді, папаға барсам мамаға бар дейді, мамаға барсам папаға бар дейді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz