Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Астана - арман қала. сыныптан тыс шара
Сыныптан тыс шараның мақсаты:
* Оқушыларға әсем қаламыз Астана туралы толық мағлүматтар беру, білімдерін кеңейту, толықтыру;
* Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту;
* Қазақстанға деген сенімді және дамыған елу елдің қатарына қосылуға ат салыса алатын, Отанды сүйе білетін, байлығын қорғауға қабілетті, болашақта Отанымыз Қазақстанды көркейтуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.
Түрі: Сыныптан тыс шара
Көрнеклігі: Астана туралы альбом, <<Астана-арман қала>> слайд, рәміздер, жалушалар, шар.
Барысы:
Мүғалім: Біз күнделікті өмірде бір-бірімізбен сөйлесеміз, пікір алысамыз, әңгімелесеміз. Біздің туып өскен жеріміз - Қазақстан Республикасы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқаруға дана басшыларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп қатерден қорғап келеді. Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Қазақ халқы - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстанда ынтымағы жарасқан ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Олай болса менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.
* Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды?
* Тұңғыш президентіміз қашан сайланды?
* Тәуелсіздік белгілерін атаңдар
* Әсем еліміздің тәуелсіздігіне биыл неше жыл толып отыр?
Мұғалім: Міне, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері дүние жүзіндегі өркениетті елдер қатарынан танылып келеді. Соның ішінде бізді әлемге танытып отырған бұл - ару Астанамыз. Күннен күнге көркейіп келе жатырған Астананы көріп, тамашалаған да шығарсыздар. Ендеше , Астанамыздың, жалпы еліміздің тарихын білу - біздің парызымыз. Олай болса, Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей тойына орай өткелі отырған <<Астана-арман қала>> атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының әнұраны.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар.
2-жүргізуші: Мереке құтты болсын!
1-жүргізуші: Астана қаласы қаншама еңбектермен, күшпен құрылып отыр десеңізші.
2жүргізуші: Астанамыздың көркеюі елбасы мен дана бабаларымыздың арқасы екенін білуіміз керек.
1-жүргізуші: Қазақ тарихында Республика астанасы бірнеше рет ауысқан. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялау туралы жарлыққа Қазақстан республикасының Президенті қол қойды.
2жүргізуші: Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының Астанасы ретінде ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өткізілді. Міне, содан бері 13 жыл уақыт өтті. Енді өткенге көз жүгіртіп, Ұлы дала тарихына шолып өтсек.
1-оқушы: Кеңес өкіметі орныққаннан кейін 1920 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы Орынюор қаласы болды.
2 оқушы: 1925 жылы бұрынғы Қоқан хандығының некаралық қамалы болған Ақмешіт Қазақстанның астанасына айналды. Сол жылы Қазақстан кеңестерінің шешімі бойынша Ақмешіттің патшалық атауын Қызылорда деп өзгертті.
3-оқушы: 1927 жылы Транссібір темір жол магистралі салынды. Ол қазақстанның ең ірі елді-мекені Алматы қалыс арқылы өтті. Бұл қала 1921 жыла дейін Верный атанып келген. 1929 жылы Республика өкіметі жаңа астанаға көшеді. Ол Алматы қаласы еді.
4-оқушы: Тура 70 жылдан кейін 1997 жылы 20 қазанда елбасының жарлығымен Ақмола - Қазақстан Республикасының астанасын айналды. Сонымен Ақмола Астана болып дәйекті түрде өзгертіліп, Тәуелсіз ел егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды.
Таңшолпан: Қадамың бар баспаған
Асуың бар аспаған
Халқың жетсін мұратқа
Ей бас қала - Астанам!
Жасқайыр: Тың жалдарды бастаған
Жалған атын тастаған
Қайта түлеп құлпырған
Ей бас қала - Астанам!
Ақмарал: Жетпіс тоғыз - жас қыран
Жау дұшпанын жасқаған
Намысың бар найзадай
Ей бас қала - Астанам!
Кубей: Кеңесары бас бабаң
Озық туған басқадан
Арыстарды ардақта
Ей бас қала - Астанам!
Алтыншаш: Шырқап көкке асқақ ән
Болашаққа бас қадам
Қазақ рухын биіктет
Ей бас қала - Астанам!
Ғыйлымбек: Жас Астанам-жас қалам
Тарихың бар ашпаған
Ордасы бол ойшылдың
Ей бас қала - Астанам!
1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзіне жазылған Бекболат Тілеухановтың әні <<Елім менің>>.
2-жүргізуші: Орындайтын Малаева Диана, Жұмабаева Рыскул
1-жүргізуші: Елбасы 1991 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін Ақмолаға келіпті. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарапты. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайды екен.
2-жүргізуші: Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді.
1-жүргізуші: Сонымен, Есіл өзені бойынан жобасын елбасы сызып берген қала бой көтерді.
Таңшолпан: Салынып жатыр Астана
Салынып жатыр
Ресторан
Кафе
Асхана
Балға мен балта
Қашау мен қайла қосылса
Ақыл мен айла қосылса
Тіл бітер тегі тасқа да
Салынып жатыр Астана!
Ақмарал: Салынып жатыр Астана
Қарамай тіпті
Дауылға
Желге
Жаңбырға
Жанына серік
Жан-жақтан келіп
Береді ерік ән-жырға
Салынып жатыр...
Салынып жатыр Астана!
1- жүргізуші: Осылайша ірге тасы қаланған қала атауы да бірнеше рет өзгерді.
2-жүргізуші: 1961 жыл - қала атауы Ақмола деп аталды
1-жүргізуші: 1961-1992 жылдар - Целиноград
2-жүргізуші: 1993-1998 жылдар - қайтадан Ақмола атанса
1-жүргізуші: 1998 жылы 6 мамырда қала атауы Астана қаласы болып өзгертілді.
1-жүргізуші:
Ағылып Атыраудан, Алатаудан
Көш қонды Қараөткелге таласа ауған.
Жайнайды Астана ару алқасындай
Ғажайып ғимараттар жаңа салған
2-жүргізуші:
Көз тоймас келбетіңе қандай көркем!
Астанам жаңа қала жайған өркен
Астанам жүрегі елдің, жүрегі елдің,
Соғатын сәтіменен бүгін де, ертең!
Би. Вальс <<Сағындым Алматымды>> 3-сынып оқушылары
Таңшолпан: Астана - Еуразия құрлығының кіндігінде, Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан қала.
Кубей: Астана - Еуропа мен Азия көне заманнан бері жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойындағы қала
Алтыншаш: Көлік жолдары Қытай мен Ресейді, Батыс Еуропа мен Таяу Шығысты байланыстырып жатқан қала
Ғыйлымбек: Астана - Қазақстандықтардың мақтанышы
Бәрі: Астана - Қазақстан Республикасының елордасы.
Астанаға арнау(ән,би) Мұқанова Алтыншаш және 3-сынып оқушылары
1-жүргізуші: Төріне туған жердің туын тігіп
Ерекше ел еңсесі бүгін биік
Астана Ақ Ордасы қазағымның
Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп
2-жүргізуші: Құрметті: ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей тойы құтты болсын. Қуаныш, тыныштық,мол табыс әкелсін деген тілекпен <<Астанаға>> арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Бірге: Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz