Бағдарлама

Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқытудың
факультатив курсы
7 сынып
жалпы білім беретін орта мектеп
Жалпы білім беретін орта мектептің 7-сыныбына арналған қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқытудың бағдарламасы 09. 07. 2010 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, орта білім беру стандартының
№ 367 бұйрығы және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы бұйрығымен /09. 07. 2010ж/ бекітілген бағдарламасын басшылыққа ала отырып, «Қазақ тілі» 7-сынып /авт. М. Артыкова, Г. Ермекбаева, «Атамұра, 2012»/ оқулығы негізінде жасалды.
Түсінік хат
Тілді тереңдетіп оқыту бүгінгі таңда білім берудің мемлекеттік тұжырым концепциясының басты бағыттарының біріне айналып отыр. Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат бір сөзбен айтқанда - оқушылардың қазақша сөйлеу компетенттілігін қалыптастыру. Ал ол оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім барысында қалыптасады. Тереңдетіп оқыту нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни жағдаятқа байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде қойылған сұраққа жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Мұндай деңгейге жету үшін үлкен сөздік қор жинақтау, қазақ тілі грамматикалық категорияларын білумен қатар оқушылар қазақ тілін практикада қолдана алу дәрежесіне жетулері керек. Тереңдетіп оқыту көп ізденісті қажет етеді де, терең білім жолында шығармашылықпен барынша жұмыс істеуді талап етеді.
Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсаты:
- оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, дифференциалды түрде осы пәнді теориялық, әрі практикалық жағынан тереңдету, оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді қолдана білуге үйрету;
- тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту;
- тілдік жағдаятқа сай қарым -қатынас жасауға дағдыландыру;
- ұлттық салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту
- пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық
үйлесімділік, өмірлік қажеттілік) ;
- Өздігінен білім алуға үйрету, шығармашылық жұмысын дамыту
Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу) ;
- Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау;
- Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.
Оқушыларға мынадай талаптар қойылады:
- Тереңдетілген бағдарлама негізінде білім деңгейі сараланады
- Оқушылар қосымша материалмен жұмыс істейді
- Өтілген тақырыптар бойынша әңгіме жазады, ауызекі сөйлеуге жаттығады.
- Шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді
- Сөйлем талдаудың жолдарын меңгереді
Күтілетін нәтиже:
Курс соңында оқушылар өтілген материал шеңберінде ауызекі сөйлеу тілінде
сұхбаттаса алуы қажет, яғни тілдік қарым-қатынасқа түсе алады.
Оқушыларға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі
жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптасады.
Мемлекеттік тілді меңгеруде қызығушылық танытады.
Бағдарламаны құрастырушы:
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Кудедаева Ш. Т. kudedaeva61@mail. ru
Оқу барысында меңгерілетін және қайталанатын тақырыптар:
І Фонетика
Қазақ тіліне тән дыбыстар(ә, ө, і, ү, ұ, ғ, қ, ң, һ) . Дауысты жіне дауысты дыбыстар.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі. Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. Дыбыс үндестігі. Буын үндестігіне
бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы. Фонетикалық талдау.
Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетикалық диктанттар.
ІІ Морфология
Сөз таптары. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұны.
Зат есім. Тәуелдік жалғау.
Сын есім. Туынды сын есім.
Сан есім. Сан есім түрлері
Етістік. Етістіктің шақтары(өткен шақ, келер шақ, нақ осы шақ, ауыспалыосы шақ) .
Тұйық етістіктің септелуі. Тұйық етістіктің жасалу емлесі.
Етістіктің райлары (ашық рай, шартты рай)
Етіс. Өздік етіс. Ырықсыз етіс. Ортақ етіс.
Үстеу. Күшейткіш үстеу.
Шылаулар (септеулік, жалғаулық, демеулік ) . Шылаудың қолдану ерекшеліктері
ІІІ Синтаксис. Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар.
Сөз тіркесі.
Жай сөйлем. Жай сөйлем түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және
олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру.
Құрмалас сөйлем . Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
Біріккен сөздер, кіріккен сөздер (емлесі) . Қос сөздер. Күрделі сөздер.
Кірме сөздер. Термин сөздер. Тіркесті сөздер.
Этнолингвистикалық атаулар.
Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту . Оқушы тілінде байқалатын
лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары.
Талдаудың түрлері. Грамматикалық терминдер.
Пунктуацияны меңгерту. Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация.
Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді
қолдану.
Курс бағдарламасы бойынша терминдер, кірме сөздер, жалпы халықтық
қолданыстағы сөздер қамтылады.
Әдістері :
сұрақ -жауап, сөйлесу, қайталау, талдау, аудару, әңгімелеу, іздендіру, жобалау
әдісі (ойын, саяхат-сабақ түрі, ситуативті жағдай туғызу), шығармашылық
жұмыс, проблемалық оқыту, өзін-өзі тексеру, қорыту.
Мақал-мәтелдер жаттайды, жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешеді,
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Қазақ тілі» оқулығы, 7 сынып, авторлары:Т. Артықова, Г. Ермекбаева-
Алматы «Атамұра», 2012
- Қазақ тілі грамматикасы, Ж. Б. Жеткізген -«Алматыкітап», 2007
- Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -А. Санат, 1995
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы 2010 № 1, 2
- «Қазақ тілі. Оқимыз. Жаттығамыз» Біліми-танымдық журнал, 2012 № 1, 2
- Қазақ тілі (флипчарт- сабақтар) диск1, авторы: Мырзағалиева Ж. С.
«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы» корпоративтік қоры, 2011
- «Самоучитель казахского языка для учащихся и студентов», Т. Шанбай,
К. Байгабулова- Алматы, «Аруна», 2010
Факультатив курсының бағдарламасы
(Аптасына- 1 сағат, жылына- 34 сағат)
І модуль: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Қазақ тілін үйренейік.
Тыңдалым
Оқылым
Айтылым
Коммуникативтік құзырет:
Берілген сұрақтарға жауап береді, қатысымға түседі. Өз ана тілі қай тіл екенін, өзінің отбасы, туыстары қай тілде сөйлейтінін әңгімелеп береді. Жалпы отбасы туралы мәлімет жасайды (өз отбасы мүшелерінің фотосуреттерін пайдаланады) .
Сөздіктер не үшін керек, сабақта қандай сөздіктермен жұмыс жасайтындықтары туралы айтады. Грамматикалық тапсырмаларды орындайды.
(№16 флипчарт- сабақты қолдану)
ІІ модуль: Менің отбасы мүшелерім.
Тәрбие отбасынан басталады.
Тыңдалым
Оқылым
Айтылым
Коммуникативтік құзырет:
Отбасы туралы сұхбатқа қатысады, қысқа сюжеттік монолог құрады.
«Мені әңгімеле» ─отбасы мүшелері мінездерінің ұнамды белгілерін сипаттайды, өзіне ұнамайтын белгілерді айтады. Отбасындағы тәрбие туралы мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойды анықтайды.
«Туыстық атаулар» атты кластер жасайды.
Грамматикалық тақырыпқа сәйкес жаттығулар орындайды. Құрмалас сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін
белгілейді.
ІІІ модуль: Тұрмыстағы мәдениет.
Сыйлықтар.
Біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі.
Лепті сөйлем. Тұйық етістіктің септелуі.
Тұрмыстағы мәдениет, оның негізгі шарттары.
Сыйлықтар. Сыйлық берілетін қуаныштар.
Тыңдалым
Оқылым
Айтылым
Коммуникативтік құзырет:
Тұрмыстағы мәдениет деген не, ережелері туралы әңгімелейді, өз ойларын білдіреді, тілдерін дамытады.
Сыйлықты қай кезде береді, баланың сыйлығы қандай болады екені туралы мәтінді оқып, сыйлық сыйлау этикетін меңгереді, диалог құрады.
«Дұрыс-бұрыс» (балалар сыйлығы туралы)
Сөйлемдерде тұйық етістіктің астын сызып, жалғауын анықтайды. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік түріне айналдырады.
Бір мереке күніне құттықтау тілектерін лепті сөйлемдерді пайдалана отырып жазады.
Сыйлықты қабылдауға байланысты ұсыныстарын жазады.
Тұрмыстық мәдениеттерін жетілдіреді, қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтайтын болады.
Сыйлық берілетін қуаныштар жайлы диалог құрады, құттықтау тілектерін білдіре алады.
IV модуль: Ұлттық тағам.
Тамақтану мәдениеті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz