4-сыныпқа арналған Оралхан Бөкейдің Апамның астауы мәтіні бойынша сыни тұрғыдан ойлау технологиясымен сабақ жоспары

КАЛИАКПЕРОВА Н. А.

Өскемен қаласы

№42 орта мектебі.

Сабақтың тақырыбы: Апамның астауы. Оралхан Бөкей. 4 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Оралхан Бөкейдің өмірі жайлы және мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, жерлес жазушының өмірімен танысу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу және ой қорыту машығын арттыру.

Тәрбиелік: Аналарды құрметтеуге, ұйымшылдыққа, жолдастық қарым-қатынастыққа үйрету .

Міндеттері: Тақырыпты толық меңгеру. Алған білімдерін практикада көрсете білу. Сөйлеу мәдениетін төселдіру.

Өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер. Түймедақ гүлі.

Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру, Иссикавы кестесі, Түймедақ- кластері.

Сабақтың жоспары:

1. Психологиялық дайындық.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топтарға бөліп топпен отырғызу.

I . Кезең: Қызығушылықты ояту

Топтастыру стратегиясы: Өз беттерімен жұмыс.

II. Кезең. Мағынаны таныту Иссикавы кестесі . Оқушыларға кестені толтыру ұсынылады. Кесте толтырмас бұрын оқушылар «Апамның астауы» атты мәтінді іштей оқу ұсынылады. Оқып біткеннен кейін мынандай тапсырмаларға жауап беріп кестені толтыруға кіріседі.

1. Мәтіннің «Апамның астауы» аталу себебі неде?

2. Мәтіндегі оқиғаның болған уақыты.

3. Мәтінде әңгіме қалай өрбиді.

4. Мәтінде сөз болып отырған қолөнер түрлері .

5. Мәтіндегі автордың ерекше көңіл күйін білдіріп тұрған сөздер

6. Автордың Апасы қандай мінездің адамы?

Кесте толтырылып біткеннен кейін топтар оқиды, екінші топ қайталамай айтылмаған ойларын ортаға салып, мәтін толығымен талданады. Соңғы тапсырманың сұрағы үйге беріледі . Сенің апаң қандай мінездің адамы?

III. Кезең. Ой толғау. Кластер «Түймедақ»- гүлін құрау.

Оқушыларға « Қуанышымен қуантып, шаттығына бөлеп, үмітімен таныстырар» өз анаң немесе әжең туралы не айта аласың ?- деген сұрақ беріледі. Сол сұрақ бойынша әр топ өз ойларын жазып, жазғандарын оқып тақтаға іледі.

IV. Оқушылар білімін бағалау.

Үй жұмысы: Мәтіннің мазмұны, басты кейіпкерге хат жазу.

V . Сабақты аяқтау.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып ана тілі сабағы: Оралхан Бөкей Апамның астауы - сабақ жоспары
Оралхан Бөкейдің мерейтойына арналған сынып сағаты: өмірі мен шығармашылығы
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы баланың метасанасын қалыптастыруға арналған коучинг жоспары
11-сынып: Оралхан Бөкейдің Қар қызы повесіне арналған қазақ әдебиеті ашық сабақ жоспары
4-а сыныпқа арналған қысқамерзімді сабақ жоспары: Жарасқан Әбдірашевтің Дүниеде жамандық неден? мәтіні бойынша диалогтық оқыту арқылы сыни ойлау мен оқушылар ынтасын арттыру
Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
2-сыныпқа арналған Ыбырай Алтынсариннің Салақтық мәтіні бойынша диалогтық сабақ жоспары - АКТ, сыни ойлау және тазалықты тәрбиелеу
Оқу процесінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
9-сыныпқа арналған информатикадан Паскаль тілінде есептерді шешу бойынша бақылау жұмысы (сыни тұрғыдан ойлау арқылы)
1-сынып: Сыни тұрғыдан ойлау негізіндегі Күзгі көрініс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz