Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр тақырыбындағы тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қазақстан - 2050 стратегиясы: бір халық- бір ел - бір тағдыр»

Мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, елтарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Түрі: сабақ викторина

Қолданылатын әдіс тәсілдер: сұрақ жауап, шығармашылықпен жұмыс

Көрнекілігі: эпиграфтар, интерактивті тақта, суреттер

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

Ә) «Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері (білім күніне тілек)

ІІ. Негізгі бөлім:

Кіріспе: Міне, балалар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік бізге оңайлықпен келмегенін өздерің білесіңдер. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиынқыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал, балалар, Қазақстан туралы жалпы не білеміз?

Қазақстанның көпұлттылығы туралы не айтамыз?

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік» деп атады. Көреген ұлт көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық бір ел бір тағдыр». Міне, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз да осыған арналмақ.

Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:

«Бір халық» барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «бір ел» барлығымыз үшін ортақ Отан«бір тағдыр» біз өмір сүріп өткен қиындықтар мен жеңістер.

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.

І) «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2012 жылдың маңызды оқиғаларының бірі.

Балалар, өткен жылы Жолдауды барлығымыз сынып болып талқыладық. Ал бүгінгі сабағымызда биылғы атқарылып жатқан жұмыстарға зер салсақ. (оқушыларды жетондар арқылы 4 топқа бөлемін)

І топқа: «Баланы қорғау»

ІІ топқа: «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі»

ІІІ топқа: «Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу»

ІҮ топқа: Білім және кәсіби заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары».

(Оқушылармен берілген тақырыптарды талқылау)

ІІ) 2013 жыл Республикамыздың елордасы Астананың 15 жылдығы. Астана жаңа қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бейнесі, жаңарудың символы, республикамыздың тәуелсіздігіміздің символы.

Олай болса, Алматы Астанаға қай жылы көшірілді?

Астана несімен ерекшеленеді? (Астана туралы видеоролик көрсету)

ІІІ) 2017 жыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері бұл әлем қауымдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.

ІІІ. Қорытынды:

Ал балалар, енді бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындыласақ.

І топқа: «Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?» сурет салу

ІІ топқа: «Егер де мен Президент болсам халыққа Жолдауым» үндеу жазу

ІІІ топқа: 2050 жылы мен 50 жаста боламын. Сол кезде мен өзімді қалай елестетемін? Шағын эссе

ІҮ топқа: «ЭКСПО - 2017» ге мен не сыйлаймын? Макет жасау

Жақсы балалар. Алдарыңыздағы қағаздарға өздеріңіздің бүгінгі тәрбие сағатынан өздеріңіздің алған әсерлерің туралы жазыңдар.

Тәрбие сағаты аяқталды, сау болыңыздар.


Ұқсас жұмыстар
Бір ел - бір халық - бір тағдыр: Қазақстан-2050 стратегиясы және патриоттық тәрбие сағаты
Сабақ жоспары: Қазақстан-2050 стратегиясы - бір халық, бір ел, бір тағдыр
Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр - сынып сағатының тақырыбы мен жоспары
Бір халық - бір ел - бір тағдыр: татулық пен отаншылдықты тәрбиелеуге арналған тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: Бір халық - бір ел - бір тағдыр: тәуелсіздік, ұлттық бірлік және патриотизмге тәрбиелеу
Бір халық, бір ел, бір тағдыр: Қазақстанның тәуелсіздігі, қоғамдық келісім және мемлекеттік рәміздері
Бір ел, бір тағдыр: студенттер арасындағы достық фестивалінің мақсаттары мен бағдарламасы
2014 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Алғашқы қоңырау салтанатының сценарийі
Тәрбие сағаты: Қазақстан 2050 және Мәңгілік Ел идеясы арқылы патриоттық тәрбие
Қазақстан-2050 стратегиясы және азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz