Сыни тұрғысынан ойлау

Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қаласы «Өрлеу »
біліктілікті арттыру орталығы
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ДАЙЫНДАҒАН ТЫҢДАУШЫ: БЕЛХОЖАЕВА ГҮЛЬБАХАР
1. Оқушылардың оқу-тану құзыреттілігін дамыту негізі ретінде математикалық сауаттылықты қалыптастырудың педагогикалық талаптары;
2. Оқушылардың білім алуының аралық нәтижелерін бақылау және мәселелік есептерді шешу;
3. PISA бағдарламасының оқу жоспарына енуі;
4. PISA бағдарламасы тапсырмаларын жасау және орындау;
5. Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыруда жас мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығы;
6. Бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу.
Мақсаты: PISA бағдарламасы тапсырмаларын оқушылардың орындауға дайындықтары мен оларды белсенді оқытудың стратегия негізінде математика мұғалімдерінің кәсіптік құзыреттіліктерін дамыт
- Теориялық материалды меңгеру:
- PISA бағдарламасының мақсатын, мазмұнын және құрылымын;
- PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмалар типтерін;
- Математикалық сауаттылықтың құрылымдық бөліктерін.
- Элементарлы математиканың сапалы аспектісінің мазмұны мен болмысын анықтау.
- Тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың бағыттарын тәжірибе барысында меңгеру және қолдана білу.
- Математикалық сауаттылықты дамыту үшін белсенді стратегияларды меңгеру және қолдана білу.
- PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларға мысалдарды келтіру дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушылардың құзыреттілігін формативті және суммативті бағалау бойынша стратегияларды қолдана білу.
Оқыту әдістері.
Белсенді оқыту мен мәселелерді коллаборативті түрде шешудің әдістерін дәріс-әңгімелесу, белсенді оқытудың әдістерін («Мен-Сен-Біз», «Алты қалпақ», «Әткеншек», «Сократ семинары», «Мозаика», «Миға шабуыл», «Білемін, білгім келеді, білдім», «Қар үйіндісі») қолдану арқылы жүргізілетін тренингтер құрайды.
Күтілетін нәтижелер:
1. Курс аяқталысымен тыңдаушылар белсенді оқытудың стратегияларын қолдануды меңгереді.
2. Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйренеді.
3. PISA бағдарламасының математикалық сауаттылығының элементтерін сараптау және элементтерді жемісті қабылдауға қажетті стратегиялар мен дағдыларды анықтау.
4. Элементтерді сараптау мен шешу үшін PISA бағдарламасының элементтер құрылымы мен стратегияларын түсінуді жетілдіру.
5. Оқушылар үшін PISA бағдарламасы элементтеріне ұқсас үлгілер құру.
Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау гректік сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. Джон Дьюи (1-сурет) білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты. Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:
1. Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне
кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру.
2. Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу.
3. Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.
Математика пәнін оқытуда СТО технологиясының тиімділігі.
Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.
Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден - бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 - нен асады.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау, ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы
- әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
- Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші
- Мұғалім- әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz