Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбына арналған Сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары Қанафина Алтынай Сұлтанбекқызы

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Тақырыбы: "Сан есім"

Өткізген: Қанафина А. С

жыл

Қанафина Алтынай Сұлтанбекқызы

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім

беретін орта мектебі бастауыш сынып

мұғалімі Қанафина Алтынай Сұлтанбекқызы

Сабақтың тақырыбы. Сан есім

Сабақтың мақсаты 1. Сан есім туралы өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру.

2. Сан есімнің түрлерін ажырата білуге және сұрақты дұрыс қойып

үйрену. Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыра білу,

реттік сан есімнің жалғауларын есте сақтау.

3 Халықтық педагогикада кездесетін өлшем бірліктерін меңгеру,

Күнделікті өмірде пайдаланып, қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі Жеке оқушыларға берілетін құзіретті тапсырмалар.

Тірек сызбалар, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың түрі Сұрақ- жауап әдісі, салыстыру, ой шақы, топтық жұмыс.

Сабақтың өтілу барысы. 1. Психологиялық дайындық

Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісің адалдық пен адамдық

Гүлдей жайнап арайлап,

Судай мөлдір тазалық.

Сабақты топпен жұмыс жасаудан бастау. Оқушыларды үш топқа бөлу

1-тапсырма . 1-топ Еске түсір Сан есім дегеніміз

Оның сұрақтары

2-топ Сан есімнің түрлері

3-топ Мына сан есімдерді реттік сан есімге айналдыр

Үш . . . күн, тоғыз . . . вагон, екі . . . орын, жиырма сегіз . . . пәтер.

( қалай жасалғанын дәлелдеу)

2-тапсырма . 1-топ Мына сөздерді сәйкестендір

Бір асым қамыр

Бір жұтым тұз

Бір ауыз бұлт

Бір шымшым өлең

Бір шөкім су

Бір жайым ет

2-топ Сөздер ойлап құрастыр . 100-ік, 100-ім, 1 қазан, жел 90, 6 бақан, тү-1

(Бірқазан, жүзік, жүзім, желтоқсан, алтыбақан, түбір. )

3-топ Мақалдарды толықтыр

1. Досыңды үш күн сынама, . . . жыл сына.

2. Ат баспаймын деген жерін . . . рет басады.

3. Отыз тістен шыққан сөз . . . рулы елге тарайды.

4. Бір кісі қазған құдықтан . . . кісі су ішеді.

5 . . . ай аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

6. Ер . . . рет өледі,

Қорқақ . . . рет өледі.

Әртоптан бір-бір оқушы шығып өз жұмыстарын қорғайды.

3-тапсырма . 1-топ Өрмекші сызбасын құрастыр .

Үш қуат Үш жүз

Ақыл Жүрек Тіл Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз

2-топ

Жеті санына байланысты сөз тіркестерін ойлап жаз.

7 ата 7 жұт 7тиын садақа 7 жоқ 7 апта

3-топ Осы сөздерге анықтама беру . Мысалы:

7 жұт→соғыс, оба, өрт, тапан су, мал шығыны, зілзала, қуаңшылық.

7жоқ→Жылқыда өт жоқ

Аққуда сүт жоқ

Аспанда тіреуіш жоқ

Жерде өлшеуіш жоқ

Тасбақада талақ жоқ

Аллада бауыр жоқ

Таста тамыр жоқ

4-тапсырма

1- топ Фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіндір.

1. Сегіз қырлы, бір сырлы.

2. Екі езуі екі құлағында.

2-топ 3. Отызында орда бұзбаса,

Қырқында қамал алмайды.

4. Алпысты алқымдаған кісі

5-тапсырма

3- топ Саусақпен өлшенетін қазақы ұғымдарды қолдың қимылымен көрсет.

Елі, қарыс, тұтам, шынтақ, құлаш, уыс.

Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға сала отырып тақтаға смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін орналастырады.

Сабақты бекіту: Әр топ қарсылас топтың жұмыстарын бағалай отырып, сабақты

қорытындылау. Сабақтың жүргізілу жүйесінде формативті бағалау қолданылады. Топты бағалау барысында әр топтың жеңімпаздары анықталады.


Ұқсас жұмыстар
Қанафина А.С. өткізген бастауыш сыныптың ашық сабақ жоспарлары: М. Мақатаев Отан туралы, Кемеңгер басшы (Н.Ә. Назарбаев), Сан есім
Хамитбек Қуандықұлы Мұсабаевпен сыр-сұхбат: Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептегі әдеби-танымдық кеш
Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған авторлық оқу бағдарламасы: Робото техника (LEGO MINDSTORMS EV3)
2011-2012 оқу жылы: Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектепте 7-11 сыныптар бойынша физика пәнінің зертханалық және сарамандық жұмыстары
2-сынып: Сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
4-сынып: Сан есім тақырыбы бойынша 1-6 жаттығуларға арналған сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары мен әдістемесі (Адабекова Р. А., №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі)
С.Меңдешев атындағы жалпы білім беретін мектептің Тәуелсіздік мерекесіне арналған тарихи-мәдени концерт бағдарламасы
2-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні: Сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Қазақ тілі, 3-сынып: Сан есім - ашық сабақ (№20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі, Ақтау)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz