Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
М. мақатаев. « отан туралы »
Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім
беретін орта мектебі бастауыш сынып
мұғалімі Қанафина Алтынай Сұлтанбекқызы
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. « Отан туралы »
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік М. Мақатаевтың өмір жолымен және
шығармаларымен танысу.
2.Тәрбиелік мәні. Отанды, туған
жерді сүюге тәрбиелеу,
ақын
жырларынан үлгі алу.
3.Дамытушылық. Оқушылардың сөйлеу
мәдениетін дамыту,
мәнерлеп
оқуға үйрету, эстетикалық талғамға
сай сауатты
оқушы қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның өміріне, шығармашылығына дайындалған слайд,
Ақын туралы естеліктер,
шығармаларынан үзінділер.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жарыс сабақ
.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2 Психологиялық дайындық Отан
өлеңін айту.
3 Өткенге шолу. Өрмекші торын
құрастыру.
4.Жаңа сабақ. М.Мақатаев. «Отан
туралы»
Интерактивті тақтамен
жұмыс.
Алматы облысы Райымбек
1931 жылы 9-шы ақпан
ауданы Қарасаз ауылы
дүниеге келген
Әкесі-Сүлеймен
Балалары: Жұлдыз,Майгүл, Қара өлеңнің шебері
Шешесі-Нағиман
Шолпан,Айбар. Ол-ұстаз.
Ол-
лирик ақын
Шығармалары:
«Күрең күз»
«Аққулар ұйықтағанда» «Фариза»
«Қайран Қарасазым-ай» «Сарыжайлау»
«Шеше, сен бақыттысың» «Тоқта,балам, атаң
келеді »
«Отан туралы»
Топпен
жұмыс
1-ші тапсырма: Өлеңнің әр шумағы
бойынша талдау жасау.
1-топ Өлеңнің бірінші шумағын түсіндіру
2-топ. Өлеңнің екінші шумағына түсінік беру.
3-топ.Өлеңге толық сипаттама береді.
2-ші тапсырма: Постермен жұмыс.
1-топ.Отан сөзіне талдау жасайды.
2-топ. Менің Отаным тақырыбына сурет салады
.
3-топ. Төрт жол өлең құрастырады.
3-ші тапсырма: Әр топ мақалдар құрастырады.
1-топ Отан отбасынан басталады» деген мақалды құрастыра отырып,
үйдің суретін жасап шығарады.
2-топ. Отан үшін отқа түс, күймейсің деген мақалды шығара отырып,
күннің суретін құрастырады.
3-топ. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл деген мақалды құрастырып, емен
ағашының бейнесін жасайды.
4-ші тапсырма: Өлеңдегі ұқсастықтарды табу.
|Ақындар |Отанды неге теңейді |Өлеңдегі ұқсастықтар|Ерекшеліктер |
|М.Мақатаев | | | |
|Ж. Смақов | | | |
| | | | |
Рефлексия. Оқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірлерін тыңдау.Бүгінгі
сабақтан қандай көңіл күй алғандарын сұрай отырып,өздерінің сабаққа
деген пікірлерін смайликтер арқылы белгілеу тапсырылады. Әр оқушы өз
пікірін жеткізеді.
Сабақты қорытындылау.Сұрақ- жауап арқылы өтілген сабақты бекіту.
Отан сөзінен қандай түсінік
алғандарын білу үшін
әр оқушының ойын тыңдау.
Үйге тапсырма беру. Үйге «Отан туралы» өлеңді жаттап келуге
тапсырылады.
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: М. Мақатаев
«Отан туралы»
Өткізген: Қанафина А.С
2015. жылы
Сабақтың тақырыбы: Кемеңгер басшы.
Сабақтың мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туралы терең
мағлұмат беру. Елбасының өмірін,
еңбек жолын үлгі-
өнеге ете отырып, елжандылыққа,
отансүйгіштікке, азамат-
тыққа баулу. Ел болашағын ойлайтын,
халқы үшін еңбек ететін
ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаны
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі :Интерактивті тақта, фотосуреттер,еліміздің
рәміздері.
Елбасының қанатты сөздері,Астана
туралы слайдтар.
Сабақты елбасының дүниеге келу тарихынан бастау.
Балалар, біз бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту еткен,
елінің ынтымағын,татулығын ойлап,жас ұрпақтың санасына мән берген, қоғам
қайраткері,
Кемеңгер елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арнаймыз.
Ұлағатты әке, мейірімді
ата.
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев
Ұлтжанды азамат. Жазушы. Өнер иесі.
Ақын
Қазақстан Республикасының
Президенті.
Елбасы ата-бабамыздың төрт аманатын көзінің қарашығындай сақтап,
әлемге танытуға күш салып, еңбек етуде.Олар: Ел, Жер, Тіл, Тәуелсіздік.
Т. Молдағалиев. «Есіл ер»
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,
Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерің,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Нұрсұлтан бар деп,нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, құрметтеп мәңгі ардақтап ылғи сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп,өкілісің сен жіберген.
Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған президентіміз үшін мақтана
аламыз.
Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын деп тілейік.
Асқақтай берсін азаттықтың Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің,Алты алаштың
айбары мен
қорғаны болып отырған Елбасына ұзақ ғұмыр тілейік.
Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі күн сайын емес, сағат
сайын өсіп,
Өмір атты дауылды теңізде Нұрсұлтан атты кемеңгер басшысымен татулық
кемесінде
Тоқтамай жүзе берсін.
Сабақты бекіту. Президентіміздің биылғы Қазақстан халқына жолдауына талдау
жасау.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
[pic]
Тақырыбы:"Сан есім"
Өткізген: Қанафина А.С
жыл
Қанафина Алтынай Сұлтанбекқызы
Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім
беретін орта мектебі.
Сабақтың тақырыбы. Сан есім
Сабақтың мақсаты 1. Сан есім туралы өткен сабақта алған білімдерін
еске түсіру.
2. Сан есімнің түрлерін ажырата
білуге және сұрақты дұрыс қойып
үйрену. Есептік сан есімді реттік
сан есімге айналдыра білу,
реттік сан есімнің жалғауларын
есте сақтау.
3 Халықтық педагогикада кездесетін
өлшем бірліктерін меңгеру,
Күнделікті өмірде пайдаланып,
қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі Жеке оқушыларға берілетін құзіретті
тапсырмалар.
Тірек сызбалар, интерактивті
тақтамен жұмыс.
Сабақтың түрі Сұрақ- жауап әдісі, салыстыру, ой шақы, топтық жұмыс.
Сабақтың өтілу барысы. 1. Психологиялық дайындық
Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің адалдық пен адамдық
Гүлдей жайнап арайлап,
Судай мөлдір тазалық.
Сабақты топпен жұмыс жасаудан бастау.Оқушыларды үш топқа бөлу
1-тапсырма. 1-топ Еске түсір Сан есім дегеніміз -------------
Оның сұрақтары -----------------
-----
2-топ Сан есімнің түрлері ----------------
-
3-топ Мына сан есімдерді реттік сан
есімге айналдыр
Үш.... күн, тоғыз..... вагон, екі..... орын,
жиырма сегіз..... пәтер.
( қалай жасалғанын дәлелдеу)
2-тапсырма. 1-топ Мына сөздерді сәйкестендір
Бір асым қамыр
Бір жұтым тұз
Бір ауыз бұлт
Бір шымшым өлең
Бір шөкім су
Бір жайым ет
2-топ Сөздер ойлап құрастыр. 100-ік, 100-ім, 1 қазан, жел 90, 6
бақан, тү-1
(Бірқазан,жүзік,жүзім,желтоқсан,алтыбақан,түбір.)
3-топ Мақалдарды толықтыр
1.Досыңды үш күн сынама, ..... жыл сына.
2.Ат баспаймын деген жерін .... рет басады.
3.Отыз тістен шыққан сөз ..... рулы елге тарайды.
4.Бір кісі қазған құдықтан .... кісі су ішеді.
5. .... ай аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
6.Ер .... рет өледі,
Қорқақ .... рет өледі.
Әртоптан бір-бір оқушы шығып өз жұмыстарын қорғайды.
3-тапсырма. 1-топ Өрмекші сызбасын құрастыр.
Үш қуат Үш
жүз
Ақыл Жүрек Тіл Ұлы жүз Орта жүз Кіші
жүз
2-топ
Жеті санына байланысты сөз тіркестерін ойлап жаз.
7 ата 7 жұт 7тиын садақа 7 жоқ 7 апта
3-топ Осы сөздерге анықтама беру. Мысалы:
7 жұт→соғыс,оба,өрт,тапан су,мал шығыны,зілзала,қуаңшылық.
7жоқ→Жылқыда өт жоқ
Аққуда сүт жоқ
Аспанда тіреуіш жоқ
Жерде өлшеуіш жоқ
Тасбақада талақ жоқ
Аллада бауыр жоқ
Таста тамыр жоқ
4-тапсырма
1- топ Фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіндір.
1.Сегіз қырлы, бір сырлы.
2.Екі езуі екі құлағында.
2-топ 3.Отызында орда бұзбаса,
Қырқында қамал алмайды.
4.Алпысты алқымдаған кісі
5-тапсырма
3- топ Саусақпен өлшенетін қазақы ұғымдарды қолдың қимылымен көрсет.
Елі, қарыс, тұтам, шынтақ, құлаш, уыс.
Рефлексия:Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға сала отырып тақтаға
смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін орналастырады.
Сабақты бекіту:Әр топ қарсылас топтың жұмыстарын бағалай отырып,сабақты
қорытындылау.Сабақтың жүргізілу жүйесінде формативті бағалау
қолданылады.Топты бағалау барысында әр топтың жеңімпаздары анықталады.
-----------------------
М.Мақатаев
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz