Күз-береке. 3-сынып

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп
(3 «А» сыныбында өткен тәрбие сағаты)
Өткізген: Нұғыманова Ж. С
Петропавл қаласы 2014 жыл
Тәрбие сағатының мақсаттары:
1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Асылжан :Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайысыста көңілменен қол соғайық.
Мөлдір :Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.
Асылжан :Құрметті ұстаздар және оқушылар!Бүгінгі «Күз - береке » сайысына қош келдіңіздер!
Мөлдір :Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе-тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.
Асылжан : Ал енді бүгінгі «Күз-береке» мерекесіне қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық!
Мөлдір :Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа, -дей отырып құрметті әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
(таныстыру)
Асылжан : Құрметті қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың бірінші бөлімін таныстыру кезегіне берейік.
(Сайыскерлер өздерін таныстырады)
Мөлдір : Сайысымыздың 2 бөлімі- «Жұмбақты жапырақтар»
(Жапырақтардың артында жұмбақтар жазылған)
( Фаризаның орындауында би)
Мөлдір : Картоптың қандай дәмді де пайдалы екенін барлығы біледі. Қатысушыларға картопты өнімді жинауды ұсынамыз. Ойынның аты «Картопты жинап ал».
(Сайыскерлердің көздері байланады, қолдарына шелек беріледі, қай жұп көп картоп жинаса сол жеңеді)
Асылжан : Сайыскерлеріміз шаршаған шығар, дем алсын. Ал сіздер Даринаның орындауында ән тамашалаңыздар.
(Даринаның әні )
Мөлдір : Жүзіктің өзінен де - көзі қымбат.
Ақынның сыйлығынан - сөзі қымбат -
дегендей сайысымыздың 4 бөлімі - «Поэзия минуты». Әр жұп дайындаған өлеңдерін оқиды.
(Өлеңдер оқылады)
Асылжан : Жарнама. Күзгі киім үлгілері.
( Балалар күзгі киім үлгілерін көрсетеді)
Мөлдір : Әрбір ақын -жазушы өзінің өлеңдерінде, шығармаларында күзгі мезгілді суреттеген. Ендеше біздің сайыскерлеріміз де күз мезгілін қағазға түсіреді. Келесі бөліміміз «Қылқалам шебері» деп аталады.
1 жұп-Күз мезгілі, алтын күз салады.
2 жұп-Күз мезгілі, қатты желді салады.
3 жұп-Күз мезгілі, құстардың ұшып бара жатқанын салады.
4 жұп- Күз мезгілі, бақшаны салады.
-Олар сурет салғанша біздің сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.
(Флешмоп биі)
Асылжан : Татсақ тағамның дәмі қандай
Барша жұрт көзбене қызыққандай.
Күзгі тағам дайындап әзірлеуде,
Қанеки? Қайсымыз жылдамбыз -ай?
(Әр жұп өздерінің дайындаған тағамдары туралы айтады)
Мөлдір : Ортаға күзде туған оқушыларды шақырамыз.
(Мұғалім оларды құттықтап, от шашуын шашады)
Мөлдір : Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір -күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын.
Сайысымыздың қорытындысын шығаратын әділқазыларға сөз берейік.
(Әділқазылар қорытындылайды)
Асылжан : « Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да
- деп «Күз-береке» сайысын аяқтаймыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz