Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Матасу
БҚО,Жәнібек ауданы
Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Исатаева Лаура Исатайқызы
Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты: 1) матасу туралы түсінік беру,жазылу жолдарын
ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;
2) өзіндік практикалық әрекет ортасын
қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін
ажырату;
3) оқушыларды патриоттыққа,
жігерлікке, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтық оқыту, интерактивті оқыту, сұрақ –
жауап,
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы
сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
(амандасу,түгендеу).
Сыныпты екі топқа бөлемін
Бүгінгі сабағымыздың айдарымен танысайық. ( Абайдың отыз бірінші
қарасөзінен)
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі
байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде
ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол
нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
төртінші - ой кеселдерінен қашық болу керек. Барлығымыз ойымызды жинақтап ,
сабағымызды бастайық (1слайд)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау:
1) Сөздердің байланысу түрлерін ата
2) Қиысу дегеніміз не? Мысал келтір
3) 244-245жаттығу.
ІІІ.Жаңа сабақ. Интерактивті тақтадағы сызбалармен
түсіндіру,толықтыру. (2 слайд)
Матасу (3
слайд)
|Матаса байланысқан есімді сөз |Матаса байланысқан (заттанған) |
|тіркестері |етістікті сөз тіркестері |
|Бағыныңқы сыңары|Басыңқы |Бағыныңқы сыңары |Басыңқы |
| |сыңары | |сыңары |
|Ілік септік |Тәуелдік жалғауын |Ілік септік |Есімше, тұйық |
|жалғаулы сөз |қабылдаған зат |жалғаулы сөз |етістік |
| |есім, сын есім, сан| |тұлғасындағы |
| |есім, есімдік, | |етістіктен болады |
| |үстеуден болады | | |
|Таудың басы, менің ойым |Көптің айтқаны, жолаушының оралуы |
Матасудың негізгі белгілері:
• Матаса байланысатын сөздер - ілік септікті сөздер мен тәуелдік
жалғаулы сөздер
• Матаса байланысатын сөздер көбіне есімді тіркес болады, себебі басыңқы
сыңары тәуелдік жалғаулы сөз болады, яғни не зат есім, не заттанған
басқа сөз табы болады.
• Матаса байланысатын сөздердің кейде бірінші, кейде екінші
компоненттерінің жалғауы түсіп те айтыла, жазыла береді.
• Матаса байланысқан сөздердің компоненті көбіне екеу, кейде одан да көп
болып келеді. (4 слайд)
Тәжірибе бағыты. Бұл бағытта жаңа сабақтан алған білімдерін іс жүзіне
асыра білуі керек.
а) Кітаппен жұмыс.Тақтаға жаздыру.
247-жаттығу. Шарты: Сөйлемдерден матаса байланысқан сөз тіркесін тауып, әр
сыңарына талдау жасаңдар
ә) Интерактивті тақтамен жұмыс (5слайд)
Сыңарларын тауып жаз. Байланысты көрсет. Оқушылар тақтаға жазады.
а) Адамның ...
ә) Кітаптың ...
б) Ағаштың ...
в) Егіздің ...
Семантикалық карта
|Мысалдар |Қиысу |Матасу |
|Бие сүті | |+ |
|Айнара әндетті |+ | |
|Кітаптың беті | |+ |
|Мен жүгірдім |+ | |
Сергіту жаттығуы. «Кім тапса, сол айтып берсін». (6 слайд)
Мына жұмбақтан матаса байланысқан сөз тіркесін және жауабын табыңдар.
1.Әуеден күбі түсті,Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)
2.Құдықтың ішінен,
Құдық көрдім.
Бірінде- су қайнайды,
Бірінде - от жайнайды. (Самауыр)
3. Жасыл тонының бояуы,
Жыл он екі ай оңбайды,
Діңі, бүршікті сояуы,
Қысқы аязға тоңбайды. (Шырша)
4. Гүлдің нәрін жинайды,
Адамға бал сыйлайды.
Ұнатады бірлікті,
Қоғамдасқан тірлікті. (Ара)
Ізденіс бағыты (Әр оқушы матаса байланысқан сөз тіркесі бар
мақал - мәтел айтуы керек.)
1. Ер - ырыстың кілті
2. Жері байдың елі бай
3. Егемен елдің еңсесі биік
4. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада
5. Туған жердің түтіні де тәтті
6. Тәуекелдің түтіні суға батпас
7. Рахаттың түбі - кеңіс,
Еңбектің түбі - жеңіс.
8. Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.
9. Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.
10. Мыңның жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.
11. Ата - баланың қорғаны.
1.Үлестірмелі қағаз (3 - 4 оқушы)
Берілген мысалдардың сыңарын тауып, матаса байланыстырып, сөз тіркесін
жаса
а)Үй ......... үйі
Ақжарқын ........ есігі
Менің ............ дәптерім
ә) Оқушы ............ терісі
Түйенің .......... кітабы
Ағасы ........... сағаты
2. Сәйкестендір
а) Мектепке бару қиысу
Аттың жүйрігі меңгеру
Ол оқыды матасу
ә)Үйге келді қиысу
Күннің жылуы меңгеру
Біз келдік матасу
3. 248 - жаттығу. Шарты: Берілген сөздерді қатыстырып матаса
байланысқан сөз тіркесін жазып , сөйлем құра.
Теория бағыты. Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы алған
білімдерін бекіту. (7 слайд)
1.Матасу дегеніміз не?
2.Есімді тіркес дегеніміз не? Мысал келтір
3.Ілік септігінің сұрағы мен жалғауын кім айтады? Мысал келтір.Зат есім
дегеніміз не?
4.Матаса байланысқан сөз тіркестеріне кім мысал келтіреді?
5.Венн диаграммасы (8 слайд)
Қиысу
Матасу
Үй тапсырмасы:
1.Матасу
2. 249 - 250 - жаттығу
-----------------------
Матасу – бірінші сөз (зат есім немесе заттанған сөз) ілік септік
тұлғасында, екінші сөз тәуелдік жалғауында байланысып келген сөз тіркесі.
Мысалы: Кіршіксіз таза сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ананың тілі - ардақты
Аманат, саған, аманат.
Басыңқы сыңары
зат есім
Есімді тіркес
Бағыныңқы сыңары
ілік септіктің жалғауы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz