Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Соңғы қонырау сценарийі
<<Бекітемін>>
Мектеп директоры:
Айшуаков Е.М.
<<Сыңғырла, соңғы қоңырау!>> салтанатының бағдарламасы.
Басталуы: 10:00
Мерзімі: 25 мамыр 2014 жыл
Сапқа тұрғызу.
Салтанатты жиынның ашылуы.
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қонақтар!
- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгін салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бүгінгі күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі білім ордалары-мектептерде 2013-2014 оқу жылының соңғы қоңырау мерекесі өткізілуде.Еңбегін ел мерейін асырауға жұмсаған аяулы ұлдар мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекесі, соңғы қоңырау салтанаты біздің мектебімізге де келіп жетті. Ел іргесі кеңіп, босағасы берік, шаңырағы биік болар, бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіз, азат өміріміздің әр жылы, әр күні өзіндік ерекшелігімен өтуде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың <<Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ>> атты Қазақстан халқына Жолдауында ашып көрсетілген <<Қазақстан - 2050>> Стратегиясының ауқымды міндеттері жүзеге асырылып келеді.
Елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны секілді <<бір халық- бір ел - бір тағдыр>> деген үш сөзге сыйып тұр.
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан еліміздің ырыс-несібесі мол болсын!
Түлектерді алаңға шақыру.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырамыз ортаға.
Қарсы алыңыздар, 11-сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Китарова Ләйлә Толыбайқызы. Сыныпта 9 оқушы.
Батыс Қазақстан облысының жеке-командалық чемпионатының I орын иегері, облыстық,аудандық гір спортының бірнеше мәрте жеңімпазы-Уәлиев Дидар.
Тарих пәнінен олимпиада жүлдегері - Сембиева Інжу.
YIII Аймақтық <<Жас дарын>> жастар шығармашылық байқауының лауреаты Би жанры бойынша II дәрежелі диплом иегері, сыныптың мың бұралған бишісі- Аскарова Райхан.
Гір спортынан Қазақстан Республикасының чемпионатында III орын, Қазақстан Республикасының YII жазғы спартакиадасында III орын иегері, облыстық, аудандық гір спортының бірнеше мәрте жеңімпазы, спорт шеберлігіне үміткер - Бисенгалиев Руслан.
География пәнінен олимпиада жүлдегері, білімді қыз - Сәлімгереева Ақнұр.
Құқық пәнінен олимпиада жүлдегері, сабырлы да салмақты жігіт- Жанабергенов Медет.
YIII Аймақтық <<Жас дарын>> жастар шығармашылық байқауының лауреаты Вокалдық эстрадалық өнері бойынша III дәрежелі диплом иегері, сыныптың әнші қызы- Бисалиева Гулсара.
Аудандық <<Мергендер>> сайысының I орын жеңімпазы- Серікова Алтынай, Мектеп КВН тобының белсенді мүшесі - Берниязов Мейірім.
Салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын.
ҚР Мемлекеттік рәміздерін енгізу.
Мазмұнына өнері жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін дей отырып, салтанатты жиынымызда Мемлекеттік Туымызды көтеру құрметті 11 сынып оқушылары Уалиев Дидар мен Сәлімгереева Ақнұрға беріледі.
Назар аударыңыз!
Қ Р-ның Мемлекеттік Туы көтерілсін!
Қонақтармен таныстыру.
Бүгінгі салтанатты жиынның қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар.
1.<<Әділет>> қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бисенгалиев Мұхит Мұқанұлы.
2.<<Теріс қақпай>> әзіл-сықақ театрының продюсері, жерлесіміз Рамазанов Ғайса Ғазизұлы.
3.Аудандық ветеринариялық станциясының директоры Калиев Нұрлыбек Есенұлы.
4.Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Сатыбалдиев Мәди Жанғалиұлы7
5.Ақбұлақ селолық округінің әкімі Уржанов Самиғолла Якупұлы.
Құттықтау.
Салтанатты жиынның алғашқы сөзі мектебіміздің басшысы Айшуаков Ерлан Мәлікұлына беріледі.
Дипломдар табыс ету.
Мектеп мұғалімдері мен оқушыларының облыстық, аудандық кезеңдердегі сайыстарда алған дипломдары және мектеп басшысы атынан ата-аналар мен оқушыларға Алғыс хаттар мен мадақтамалар табыстауға рұқсат етіңіздер.
Ән шашу.
Мерекелік салтанатты жиынымыздың құрметіне арнап Бисалиева Гүлсараның орындауындағы <<Ұстазым>> әнін қабыл алыңыздар.
Бұйрық оқу.
Мектеп басшысының 2013-2014 оқу жылының қорытындысы туралы бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу ісінің орынбасары Тугарисова Гулайым Балекенқызына беріледі.
Марапаттау.
Білімді терең меңгеріп,
Үмітті бұлар ақтады.
Мектепті үздік бітіріп,
Ұстаздың болды мақтаны.
Шығыңдар білім шыңына,
Болыңдар үздік тағы да- деп, мектебіміздің озат оқушыларын марапаттау рәсімі мектеп басшысы Айшуаков Ерлан Мәлікұлына беріледі.
Қонақтарға сөз беру.
1.Құттықтау сөз <<Әділет>> қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бисенғалиев Мұхит Мұқанұлына беріледі.
2.Келесі сөз <<Теріс қақпай>> әзіл-сықақ театрының продюсері, жерлесіміз Рамазанов Ғайса Ғазизұлына беріледі.
3.Құттықтау сөз аудандық ветеринариялық станциясының директоры Калиев Нұрлыбек Есенұлына беріледі.
4.Келесі құттықтау сөзі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Сатыбалдиев Мәди Жанғалиұлына беріледі.
5.Құттықтау сөз кезегі Ақбұлақ селолық округінің әкімі Уржанов Самиғолла Якупұлына беріледі.
Мерекелік ән шашу.
Өнерпаздар жарысып сан- салалы,
Жиын десе, той десе ән салады.
Салтанатты жиынның құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
9-сынып оқушылары Қайыржанова Айым мен Каленова Нұржауғанның орындауындағы <<Мектебім>> әнін қабыл алыңыздар.
1-сынып бүлдіршіндерінің түлектерге құттықтауы.
Үмітпен сәтті бақ тілеп,
Өмірдің тартқан өріне.
Жалынды сәлем, ақ тілек,
Жолдайды 1- сынып.
Мектеп түлектеріне,-деп құттықтау сөзді 1- сынып оқушыларына берейік!
Құттықтаулар.
Орынды көңіл толқыны
Түлектер сені ұғамын
Өзіңмен бірге толқулы
Сөз алсын енді мұғалім
Ата-анаңдай кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі, білікті,
Ол- ұстазың сүйікті,-деп сынып жетекшілері Нурсеитова Зайра Кабекенқызы мен Китарова Ләйлә Толыбайқызына құттықтау сөз кезегін береміз.
Шешуші сәтте осындай
Өсиет әндер жаттар шын
Қуанышқа қосылмай
Ата- анаң қалай шет қалсын,-деп 11 сынып оқушыларының ата-аналары атынан сөз Аскаров Нариман Көбейсінұлына беріледі.
Түлектердің ән шашуы.
Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер атынан құттықтау сөз Сәлімгереева Ақнұрға беріледі.
Қадірменді ұстаздар, мектеп түлектері Берниязов Мейірім мен Жанабергенов Медеттің орындауындағы <<Қош бол,ұстазым!>> әнін қабыл алыңыздар.
Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрғандай бір табиғат амандасып.
Киелі топырағың шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып,-демекші ортада <<Түлектер вальсі>>.
Соңғы қоңырау соғу сәті.
Құрметті мектеп түлектері! Бүгінгі күн сіздердің жүректерінде ерекше сақталатын күн. Себебі, бүгінгі қоңырау үні сіздер үшін соңғы рет соғылмақшы!
Бәрі сын,бәрі де шын,
Қоштасарда қоңырау да мұң
Мәнісін ұғарсың өткен күннің
Дауысын естігенде қоңыраудың,- деп қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушылары Бисенгалиев Руслан мен Аскарова Райханға беріледі.
Соңғы қоңырау соғылады.
Түлектерді соңғы сапарға шығарып салу.
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
<<Сәт сапар!>> -деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түкпірінде болсаң да сендер міндетті түрде алтын ұя мектептеріңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты толғандырар минуты естен шығармандар.Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!Жас түлектер!!!
Ендеше, түлектерімізді салтанатты түрде соңғы сапарға шығарып салайық.
Музыка ойнатылады.
Түлектер мен 10-сыныптың орын алмастыруы.
Келер жаңа оқу жылындағы 11-сынып оқушыларын мектеп бітіруші түлектердің орнына шақырамыз.
Салтанатты жиынның жабылуы.
Кош, балалар! Жазғы демалысқа аттандық,
Білім алып, марапаттап, шаттандық.
Болашақта жүрейік тек әрдайым,
Біз сіздерді, сіз біздерді мақтан ғып.
Қызықты каникул кезінде,
Асыр сап, қуандық, демалдық.
Сүйікті мектебім өзіне,
Қуанып қайтадан оралдық-деп қыркүйек айында аман-есен жүздесейік! Осымен <<Сыңғырла, соңғы қоңырау!>> салтанатты мерекеміз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!
Тасмола орта жалпы білім беретін мектебі
Соңғы қоңырау мерекесіне салтанатты жиынның сценарийі
Дайындаған:Тәрбие ісінің орынбасары
Кужамкулова С.А.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz