Қарияны құрметтеу және ата дәстүрін сақтауға тәрбиелеу: А. Түрікпенәлиевпен кездесу

Тақырыбы: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар.

Мақсатын: Үлкенді құрметтеп, сыйлауға. Ата дәстүрімізді сақтауға. Өз аталарының ісін

үлкенге өнеге, кішіге үлгі ете білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ардагерлер кеңесінің төрағасы

А. Түрікпенәлиевпен кездесу.

Әдісі: Сұрақ жауап, пікірлесу, шығармашылық тапсырмалар .

Б а р ы сы :

Уәждемелік кезең:

а) “Мен атамның жалғасымын” тақырыбында оқушылардың ойларын тыңдау.

ә) Аталар сөзі, ақылдың көзі: Аталы сөздер айту.

Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім өнеге,

Ақ тілеуі атаның.

Ата бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Өз бетінше жұмыс: Қай бидің сөзі екенін тап.

Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт берекең атаң қымбат.

Кіндік кескен жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат. (Қазыбек би)

Баз бала әкесінен өтіп туады,

Баз бала әкеісіне жетіп туады.

Баз бала кері кетіп туады(Төле би)

Аң халқыңа пайдаң тисін

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін. (Әитеке би)

Шығармашыдық жұмыс: Тақтадағы өлеңді оқып, жатқа жазу.

Иә, туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ата сөзін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Негізгі бөлім: а) Ауыл ардагері, ұстаздардың ұстазы, Абай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы, Түрікпенәлиев Алпамыс атаймен пікірлесу.

ә) «Алпамыс атайдың бір күні» атты сюжет көрсету.

б) Оқушылардың сұрақтар беру арқылы пікірлесуі.

Қорытынды кезең: “Үлкенге құрмет,

Кішіге міндет”

мақалын пайдалана отырып тілектерін, өз ойларын айтуға ата аналарға, қонақтарға, оқушыларға сөз беру.


Ұқсас жұмыстар
Ата-ана бақыты және бала тәрбиесі: ата-аналармен кездесу жоспары
Ата-ананы құрметтеу туралы сабақ жоспары: Қайқаус және Қабуснама
Жанұя - тәрбие бастауы: ата-аналармен тәрбиелік кездесу
2-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Ата-ананы құрметтеу
2-сынып Ана тілі сабағы: Ата-ананы құрметтеу (Қабуснама, Қайқаус)
Ата-анаға құрмет пен жауапкершілікке тәрбиелеу: Бұрма орта мектебі 4 А сыныбының ашық тәрбие сағаты
Ата-аналар жиналысы: Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу және ата-ананың рөлі
Біздің заң: Конституция және мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
Әдебиеттік оқу: Ата-баба мұрасын құрметтеу - мәдени мұраны оқытуға арналған сабақ жоспары
Ана тілін құрметтеу және көптілділіктің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz