Әдебиеттік оқу 1-сабақ: Қой тақырыбы

Әдебиеттік оқу. 1-сабақ

Сабақ тақырыбы ; Қой.

Сабақ мақсаты ; Оқушылар сабақта қой туралы мол мағлұмат алады.

Сабақ көрнекілігі ; оқулық, қосымша суреттер, ИТ, стикерлер, бағалау қағаздары.

Сабақ барысы; 1. Ұйымдастыру

(Өлең жолдарымен)

2. Үй тапсырмасын тексеру .

А) Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушыларды 3 топқа бөлеміз.

Ертегі

Жан-жануарлар туралы ертегілер

Қиял-ғажайып ертегілер

Шыншыл ертегілер

3. Жаңа сабақ

А) Қой, түйе, сиыр, жылқы суреттері көрсетіледі, толдері сұралады. Оларды топтап қалай атау керек екені айтылады.

Ә) М; -«Төрт түлік туралы жырлар» тарауының бірінші тақырыбын бастаймыз. Ол үшін мына жұмбақты тыңдаңыздар.

Жұмбақ ; -Еті дәмді, сүті қою -қорғасын,

Өзі момын, өнімі мол болған соң,

Құрметтейді басын тартып қонаққа

Бұл қай түлік ?

Жалған жауап болмасын. (қой)

Б) Күннің жады, сабақ тақырыбы тақтаға жазылады.

В) Мақал мағынасын ашу. (3 топқа 3 мақал беріледі, мақалдардың мағынасы талқыланады. )

1-топ . Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

2-топ . Қойдың сүті қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

3-топ . Қой өлсе қозы қалады,

Келер жылы өзі болады.

Г) Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып шығады, әр топтан бір-бір оқушыдан өлеңді мәнерлеп оқып шығады.

Ғ) Қой туралы дайын мәтін таратылып, инсерт тәсілі бойынша жұмыс жүргізіледі.

Д) постер дайындау.

1-топ ; Қойдын жүнінен жасалатын заттар.

2-топ; Қойдын терісінен жасалатын заттар.

3-топ ; Қойдын сүтінен әзірленетін тағамдар.

4. Сабақты қорыту .

Сүт-төрт түлік дегеніміз нелер?

Су-Қой атасы қалай аталады?

Емізік-Қой төлі қалай аталады?

Жем-Халық қой сүтін неге теңейді? Неліктен?

Шөп-Қойдың аталығы қалай аталады?

5. Үйге тапсырма .

А) Жырды жаттап алу,

Ә) Жылқы малы туралы мәлімет іздестіріп келу.

6. Бағалау .

А) Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Ә) Топтар бір-бірін бағалайды.

Б) Мұғалім оқушыларды бағалайды.

7. Рефлексия .

Балалар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қалдырады.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Қой мен төрт түлік туралы жырлар
1-сыныптың әдебиеттік оқу пәні: Қой, Жылқы, Түйе және төрт түліктің пайдасы - орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар
3-сынып әдебиеттік оқу: Сөйлем тақырыбы бойынша саяхат сабақ (1-7 жаттығу)
Төрт түліктің кеңесі тақырыбы бойынша 2 А сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары
1-сынып әдебиеттік оқу ашық сабағы: Жалбыз мәтіні
1-3 сыныптарға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарлары (математика, әдебиеттік оқу, әліппе)
1-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Домалақ ана және сан есімдер
Орта мерзімді жоспар: Әдебиеттік оқу 2-сынып - Мүшел жас тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау
2-сынып Әдебиеттік оқу: Қыс тақырыбы бойынша бөлімді қайталауға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ жоспарлары: 1-сынып Ана тілі - Кемпірқосақ (сөйлем); 2-сынып Әдебиеттік оқу - Алғыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz