Алгебра және анализ бастамалары: 10-сыныпқа арналған Туындыны табу ережелері бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

17 Талдықорған қаласының

№16 орта мектеп-гимназиясының

математика пәнінің жоғарғы

санатты мұғалімі

Сапарғалиев Марат Тілеуліұлы.

Сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Пәні: Алгебра және анализ бастамалары. Сыныбы: 10 Мерзімі:

Сабақ атауы:
Туындыны табу ережелері.
Сабақ атауы:: Сілтеме:
Туындыны табу ережелері.: Блум таксономиясы, оқулық
Сабақ атауы:: Жалпы мақсаттар:
Туындыны табу ережелері.:

а) оқулық: оқушыларға туынды табу ережелерін таныстыру, ережелерді қолдану тәртібін меңгерту, дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын таныстыру, функциялардың туындыларын табу есептерін шешуді үйрету.

ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту;

б) тәрбиелік: оқушыларды таза жазуға, ұқыптылыққа, көп еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақ атауы:: Оқыту нәтижелері:
Туындыны табу ережелері.:

- Туындыны табу ережелерін жазып бере алады;

- Дәрежелік функцияның формуласын қолдана біледі;

- функциялардың туындыларын таба алады;

- есептер шығару кезінде осы жоғарыда айтылған білімдерді сабақтастырады;

Сабақ атауы:: Негізгі идеялар:
Туындыны табу ережелері.:

-туынды табу ережелерін қолдана отырып қарапайым дәрежелік функциялардың туындыларын анықтау;

-уәжді ынталандыру, бірлесе отырып орындалатын жұмыстар негізінде материалды меңгеру, бір-біріне көмек беру;

- өзіндік ойын айта білуге дағдыландыру.

Сабақ атауы::
Туындыны табу ережелері.:

Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу; ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру;

Оқушыларды 5 топқа бөлу және топ көшбасшыларын таңдау. Топтық жұмысты бақылау, сұрақ-жауап ұйымдастыру, оқушылардың бірін-бірі бағалауына мүмкіндік туғызу және тапсырмаларды талқылап, ортақ шешімге келуіне жағдай жасау.

ІІ. 1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру

Оқушылардың дәптерлерінен үй жұмыстарының орындалуын тексеріп өту.

ІІ. 2. Білімдерін сұрақтар қою арқылы тексеріп өту:

  1. Аргументтің өсімшесі деп нені айтамыз?
  2. Функцияның өсімшесін өрнектеп жазып беріңдер?
  3. Функцияның х нүктесіндегі туындысының анықтамасын айтыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ материалын Блум таксономиясының кезеңдері бойынша игеру.

Білу. Функцияны табу ережелерімен таныстыру.

1-ереже: (u+v) ’=u’+v’

2-ереже: (uv) ’=u’v+uv’

(Cf(x) ) ’=C f’(x)

3-ереже: ( u v \frac{u}{v} ) ’= u v u v v 2 \frac{u'v - uv'}{v^{2}}

4-ереже: (u+v) ’=u’+v’

Дәрежелік функцияның туындсының формуласы:

y=x n функциясы берілсе, мұндағы n∈N, онда бұл дәрежелік функцияның туындысы мына формуламен есептелінеді:

(x n ) ’=nx n-1

Функциялардың туындыларын табуға мысал есептерді шығарып түсіндіру.

1-мысал: g(x) =5x 2 +9x-4

g ’(x) =(5x 2 +9x-4) ’= (5x 2 ) ’+ (9x) ’-(4) ’=5 (x 2 ) ’+ 9(x) ’-0=5 \cdot 2x 2-1 +9·1=10x+9 ;

Сабақ атауы::

Жалпы топтарға ортақ тапсырма

Топтық жұмыс жүргізу

Туындыны табу ережелері.:

Түсіну. Қарапайым функциялардың туындысын табуға тапсырма орындау.

Жалпы сыныпппен жұмыс. Талантты балалардың белсенділіктері арқылы келесі есепті тақтада екі оқушыға орындату.

№175. Функцияның туындысын табыңдар:

а) f(x) =x 2 -3x+1

f ’(x) =(x 2 -3x+1) ’= (x 2 ) ’- (3x) ’+(1) ’=2x 2-1 -3·1+0=2x-3 ;

ә) f(x) =2x 7 + 5 х \sqrt{х}

f’(x) =(2x 7 + 5 х \sqrt{х} ) ’= (2x 7 ) ’+ (5 х \sqrt{х} ) ’=(2x 7 ) ’+ (5 x 1 2 x^{\frac{1}{2}} ) ’=2·7x 7-1 +5 1 2 x 1 2 1 {\bullet \frac{1}{2}x}^{\frac{1}{2} - 1} =

=14x 6 + 5 2 x 1 2 \ \frac{5}{2}x^{- \frac{1}{2}} =14x 6 + 5 2 1 x 1 2 \ \frac{5}{2}\ \cdot \frac{1}{x^{\frac{1}{2}}} =14x 6 + 5 2 x 1 2 \ \frac{5}{2x^{\frac{1}{2}}} ;

Топтық жұмыс жүргізу. Бөлінген топтарда топ көшбасшысының басқаруы арқылы топпен жұмыс жүргізу.

№176. y=f(x) функциясының туындысын табыңдар.

а) f(x) =2x 2 +3x

f ’(x) =(2x 2 +3x) ’= (2x 2 ) ’+ (3x) ’=2(x 2 ) ’+3 (x) ’=2·2x 2-1 +3·1=4x+3 ;

ә) есебін топтаса отырып орындату. Бірінші аяқтаған топтан оқушылар жұмыстарын интербелсенді тақтада қорғап түсіндіреді.

Басқа топтар өз ойларын айтады.

Сабақ атауы:: 1-тапсырма
Туындыны табу ережелері.:

Синтездеу

Топтарға сыни тұрғыдан ойланып, шешімдерін анықтауға берілген есептер:

№177 есептің a) нұсқаcын топтаса отырып орындату.

Қиындықтар кездескен жағдайда бағыт бағдар беру.
Сабақ атауы:: 2-тапсырма
Туындыны табу ережелері.:

Қолдану:

Төрт топқа есептер: №178 а) нұсқасын орындау, жұппен талқылау. Ойларды ортаға салу.

№178 в) нұсқасын жалпы сынып болып орындау.

  • жаттығуларды топ болып жұмыс дәптерлеріне орындау;

- бір-біріне сұрақ қою.

Сабақ атауы:: Қорыту:
Туындыны табу ережелері.:

IV. Сабақты қорытындылау.

V. Бағалау.

  • Топ көшбасшысының бағалауы;
  • Оқушылардың оқытуды бағалауы;
  • Оқушыларға бағалар қою
Сабақ атауы::
Туындыны табу ережелері.: Үйге тапсырма беру: ІІ тарау, §14, №175 (б, в), №176 (б, в), №177 (б)

Мұғалім: Сапарғалиев М. Т.


Ұқсас жұмыстар
Алгебра және анализ бастамалары (10-сынып) - Туындыны табу ережелері: қысқа мерзімді сабақ жоспары
Алгебра және анализ бастамалары: Туындыны табу ережелері - сабақ жоспары
Туынды: 10-сынып Алгебра және анализ бастамалары - сабақ жоспары мен есептер
2013 жылы бекітілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған Алгебра және анализ бастамалары пәнінің оқу бағдарламасы
11-сынып Алгебра және анализ бастамалары: Интегралды есептеу сабақ жоспары
10-сынып: Туындыны табу ережелері бойынша қорытынды бақылау сабағы
10-сынып алгебрасы: Туындыны табу ережелері мен дәрежелік функцияның туындысы - сабақ жоспары
Алгебра және анализ бастамалары: 11-сынып - Туынды және оның қолданылуы
Туындыны табу ережелері: бекіту сабағының сабақ жоспары
10-сынып алгебра: Тригонометриялық функциялардың қасиеттері бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz