6-сынып: Қазақ тілі - Етістікті бекіту (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған аймақтық компонент)

Сабақ жоспары

Пән мұғалімі :Абенова Динар

Пәні :Қазақ тілі

Сыныбы: 6 «ә»

Сабақтың тақырыбы : Етістікті бекіту сабағы (Сабақты Абай Құнанбаевтың

туғанына 170 жыл толуына орай әрі аймақтық компонент

ретінде ұлы ақынның шығармаларымен байланыстырып өткізу)

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: етістік бойынша білімдерін пысықтап,

жинақтап, қорытып, бекіту

ә) Дамытушылық : оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте

сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіру, сауатты

жазуға дағдыландыру;

б) Тәрбиелік: Абай шығармалары арқылы

адамгершілікке, имандылыққа, оқу-білімге баулып, тыйым сөздер

арқылы мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже :Оқушылардың етістік пен оның түрлерін, жасалу жолдарын, сөйлемдегі

қызметін меңгеруі

Сабақтың көрнекіліктері :Интербелсенді тақта, презентация, электронды

оқулық, Абайдың портреті, өлеңдер жинағы, плакаттар

Сабақтың әдісі :СТО технологиясының элементтерін пайдалану, дамыта оқыту

Пәнаралық байланыс :Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Үй тапсырмасын тексеру :Абайдың қара сөздерінің ішінен салт, сабақты, болымды, болымсыз, тұйық етістіктері бар, есімше, көсемшенің жұрнақтары жалғанған мысалдар теріп келу. Үлгі: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. (19-қара сөз)

(Туғанда-есімше тұлғасындағы салт етістік;

Болмайды-көсемше тұлғасындағы болымсыз етістік;

Естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе- көсемше тұлғасындағы сабақты етістік;

Танидыдағы -сабақты етістік;

Білгені, көргені-есімшелі етістік;

Болған-есімше тұлғалы етістік;

Болады-көсемше тұлғасындағы салт етістік)

Жаңа сабақ: Етістік бойынша өткен білімдерін қайталап, жинақтап, қорытып, бекіту сабағы

« Қызығушылықты ояту»кезеңі

«Миға шабуыл» әдісі бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын

«Мағынаны тану» кезеңі бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, етістікті бекіту мақсатында бірнеше тапсырмалар беремін.

Бағалау (Төмендегі көрсетілген кесте бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалайды. )

Кері байланыс( Қорытынды )

Етістік туралы не түйгендерін, бүгінгі сабақ туралы өз ойларын стикерге жазып, «Етістік ағашына» жапсыру

Үйге тапсырма :267-жаттығу


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған тәрбие сағаты (Большой Изюм орта мектебі, Тайынша ауданы)
Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған 5-9 сыныптар арасындағы сайыс: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы
3-сынып қазақ тілі: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңі бойынша сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі сабағы: Етістікті пысықтау
Абай Құнанбаевтың 165 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш: Абай мен Пушкин, Лермонтов, Гете арасындағы рухани үндестік
Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңіне арналған 3-сынып ана тілі пәнінің ашық сабағы
Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған Жүз жасаған бәйтерек брейн-ринг сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі сабағы: Етістікті қайталау - түрлері, құрамы және практикалық қолданылуы
6-сынып қазақ әдебиеті: Абай Құнанбаевтың Құлақтан кіріп, бойды алар өлеңін талдау - ашық сабақ
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған аймақтық көркемөнерпаздар байқауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz