Орманның пайдасы және оны қорғау

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Шүкірлік селосы

Шүкірлік негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Алибекова Жанар Ерсаиновна

Ұялы тел: 87025113158, жұмыс: 87153352728

Электрондық почта: zhanar. 09. 08 @inbox. ru

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау.

Сабақтың мақсаты:

1 . Орман еліміздің байлығы, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасы; табиғатты қорау үшін жасалатын шараларды меңгерту, маңыздылығын ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Орманды қорғау, жіті бақылау, есте сақтау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.

2. Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, экологиялық тәрбие беру.

Базалық білім: Ормандардың таралуы, түрлері, орман ағаштары, бұталары олардың өсу жағдайлары, ормандағы тіршілік, орман-еліміздің табиғи, бағалы байлығы.

Тірек білім: Ағаштар, бұталар туралы бұрынғы алған білім мағлұматтары.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан табиғаты» бейне сюжет, оқулық, плакаттар, маркерлер.

Сабактың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

«Миға шабуыл » стратегиясы.

- «Орман» деген сөзді естігенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

2. Жаңа тақырыпты меңгеру.

1. Көрнекілікпен жұмыс.

«Жердің асыл қазыналары адамзаттың қорғауында» деген плакат ілінеді.

-Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Пікірталас өткізу.

2. «Ой толғау» стратегиясы.

- Орманның адам өміріндегі пайдасы қандай?

Оқушылар 1 топ болып жұмыс жасайды. Өз ойларын ортаға салып, кластер құрастырады. Құрастырған кластерлары бойынша түсініктеме береді.

3. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқу.

4. Логикалық тапсырмалар.

1.

Ағаш - бұл адам қолданатын табиғи ресурс. Ағашты адамдар не үшін қолданады? Оқушылар өз ойларын ортаға салып екі түрлі мысал келтіреді.

2. Кестемен жұмыс

Сергіту сәті:

Бір, екі. Үш,

Бойға жинап күш

Азамат бол білімді

Қанат жайып ұш!

5. Пікір талас. Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-топ

-Адамның іс-әрекеті орманға қандай зиян келтіреді?

2-топ

  • Егер жер бетіндегі орман құрып кетсе, онда жер бетінде қандай өзгеріс болар еді?

6. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді жалғастырып оқу.

-Қызыл кітап дегеніміз не?

-Қызыл кітап не үшін керек?

7. Өздіктерінен ізденушілік әдісі бойынша оқушылар қызыл кітапқа енгізілген ағаш түрлерімен таныстырады.

8. Сабақты қортындылау. Рефлексия.

-Табиғаттағы орман - тоғайлар ненің әсерінен жойылады?

-Табиғатты қорғау үшін мемлекет тарапынан нелер құрылды?

-Адамдар табиғатты қорғауға қандай үлес қосады?

-Сен орманды сақтау үшін не жасай аласың?

9. Үйге тапсырма беру.

96 - 97 беттер мәтінді түсініп оқып келу.

10. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Тақырып - Орманның пайдасы және оны қорғау
Табиғатты қорғаймыз.6-сынып
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді
Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы
Аңдар не жейді
Орманда жайлы
Өлеңдер жинағы
Оқушы әрекеті. Ауаның ластануы
Орта мерзімдік жоспар. 3 сынып, дүниетану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz