Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Жақсылық жан жадыратады жайлы ақпарат

Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектебі: Алабас негізгі мектебі
Мерзімі:
Тақырыбы: Жақсылық жан жадыратады.
Құндылық: Жан тыныштығы.
Қасиеттері: жақсылық жасау,ізгілік,мейірімділік,.
Мұғалімі: Едіге Саягүл Едігеқызы
Сыныбы: 9 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың Отанға,ата анаға деген нәзік сезімін, сүйіспеншілігін құндылығынан туындаитыны туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
* Оқушыларға көңілдің тазалығы арқылы риясыз сүйіспеншіліктің мәнің ұғындыру;
* Оқушыларды ізгілікке,мейірімділікке қасиеттерін дамыту;
* Оқушыларды Отанға,ата анаға,адамзатқа қайырымды,адал болуына тәрбиелеу.
Ресурстар:
Оқулық, дәптер, үнтаспа, слаид.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,оқушыларды тугелдеу.
Оқу құралдарына назар аудару 5Т бойынша.
Тыныштық сәті: <<Күннің нұры>> (музыка әуенімен 7мин)
Ыңғайланып отырыңыздар,денелерінізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолдарыңызды айқастырмыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: <<мен нұрлымын... нұр менің ішімде... мен нұрмын>>
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Енді жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Уй тапсырмасын сурап, бекіту:
<< Сөз құдіреті >> 51-53 бет
* Жақсы сөз,шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?
* Әжесі немересіне << жақсы сөз жаман ырыс >> дегенді қалай түсіндіріп берді?
* Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
* Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Сабак барысын талқылау
Дәйексөз
Биік төбеге шықсан,
Көзін ашылады.
Жақсымен сөйлессең,
Көңілің ашылады.
М.Әлімбаев
Екі рет ұлдарға,екі рет қыздарға айтқызу.
Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Әңгімелеу:
<< Жақсы сөз - жағымпаздық....>> тақырыбында пікірталас өткізу. Оқушылардың өз ойларын сұрау, әңгімелесу.

Шығармашылық жұмыс: ( жеке немесе топпен)
Мәтіндерді оқы, ой бөліс. Өз ұсынысыңды жинақтап, жақсылыққа жету жолы туралы шағын әңгіме жаздыру.
I.Ұстаз айтты:
Жақсы кісі деп сөзінен ісі көрінетін,айтқан сқзін кейіннен өзі ұстананатын кісіні айтады.
Жақсы кісі түсінуге тырысады,бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды.
Адамды сүйе де, жек көре де білетін адамды ғана адамгершілігі мол кісі дейді.
Адамгершіліктен ажыраған адам ұзақ уақыт кедей болып қалмас, бірақ мол байлыққа кенелмейді. Конфуций
II.Жақсылық төрт түрлі болады.
Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз.
Екіншіден, ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз.
Үшіншіден, ол тамақ, дәрі және пайдалы дене тәрбиесі.
Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды т.с.с, өнерді айтады. Платон
III.Адамның ұстанған көзқарасын оған реніш туғызбай өзгертудің тәсілі:
* Адамның жақсы қасиеттерін көтермелеп, шын пейілден мойындаудан баста;
* Адамдардың қателектерін айтқанда, мұны жанама түрде көрсет;
* Адамды әрбір, тіпті ең елеусіз табысы үшін мақта және сөздерің шын көңілден шығатын болсын;
* Көтермелеуді жиі пайдалан;
* Оның жақсы атты екенін білдір ол соған сәйкес өмір сүрсін. Дейл Карнеги

Үйге тапсырма беру:
56 бет << Намыс >> мәнерлеп оқып келу.

Соңғы тыныштық сәті:
Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.Барлық айттылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.Енді көздеріңді аша ғойындар. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін.


Ұқсас жұмыстар
Жақсылық- жан жадыратады
9 сынып сабақ жоспары
Адам - әлем бөлшегі
Ұқыпты оқушы
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жақсы адамдар
Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт
Обал мен сауап. 2-сынып
Қамқор болып өсемін
Діни ағымдардан аулақ болайық
Өткізген сыныптар
Пәндер