Математика әлеміне саяхат: сыныптан тыс танымдық іс-шара

Сыныптан тыс іс-шара: «Математика әлеміне саяхат»
Мақсаты:

1. Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу.

2. Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой -өрісін кеңейту.

3. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөзжұмбақтар, геометриялық фигуралар, санамақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

Екі топқа бөлу/Әр топ ұрандарын айтады/
«Қырандар» тобы
«Тұлпарлар» тобы

1-топ «Қырандар»
Ұраны:

Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады

2-топ «Тұлпарлар»
Ұраны:

Оқы да біл
Ойна да күл

/Аялдамаларға тоқтап тапсырмалар шешіледі. /
ІІ. «Құрылысшылар» бекеті

/Екі топтың кім бірінші орындайтынын анықтау. /
1. 2+1 3+2 5-3 6-4

2 . 3+1 4+2 5-4 6-3

ІІІ. «Ойлан, тап» бекеті

«Қырандар» тобы

/Жұмбақтарды шешу. /
Көлден ұшқан 5 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне, кім тез табады? (3)

Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма
Біреуін бер Маратқа
Сонда қалмақ неше алма (4)

«Тұлпарлар» тобы


1. Бір-бірімен жарысқан
Екі аю, бір арыстан.
Екі қоян, бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (6)
2. Біреуі қызыл, үшеуі ақ
Оң қолымда неше алма?
Екеуі қызыл, төртеуі ақ
Сол қолымда неше алма? (4 және

ІV. «Көңілді санамақ» бекеті
«Қырандар» тобы «Тұлпарлар» тобы

/Әр топ қанша санамақ біледі. /

V. «Тез жалғастыр»


Бір дегенім-бесік
Шықтық содан өсіп
Екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім -үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім-төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім-бақыт
Бағалайтын уақыт
Алты деген-ақыл
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген-жалау
Жүректегі алау
Сегіз деген-сөзің
Серт беретін кезің
Тоғыз деген -тоқтау
Елдің жоғын жоқтау
Он дегенім-Отан
Қорға соны ботам

-Отанымыз туралы не білеміз?

VІ. Логикалық тапсырма:

1 Қанаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды, ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды. Кімнің сөмкесі үлкен, кімнің сөмкесі кішкентай? (Ерланның сөмкесі үлкен, Қанат)

Қорытынды . Екі топтың қорытындысын шығару.


Ұқсас жұмыстар
2-сыныпқа арналған мектептен тыс іс-шара: Математика әлеміне саяхат
Сызу пәнінен сыныптан тыс іс-шара Сызу әлеміне саяхат сайысының әдістемелік әзірлемесі
Тарихқа саяхат: тарихи-танымдық сайысқа арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары
Информатика әлеміне саяхат: 5-сыныпқа арналған сыныптан тыс сабақ жоспары
Информатика пәнінің сыныптан тыс іс-шарасы: Ақпараттар әлеміне саяхат көрме-ойыны (7-9 сынып)
Бастауыш сыныптарға арналған Өзін-өзі тану еліне саяхат атты сыныптан тыс тәрбиелік-танымдық шара
Математика - ғылымдардың патшасы: 7-сыныпқа арналған сыныптан тыс іс-шара мен ашық сабақ
Физика әлеміне саяхат: сыныптан тыс ойын-сабақ және пәнаралық сайыс
3-сыныпқа арналған ана тілі пәнінің сыныптан тыс сабағы: Ойланбақтар әлеміне саяхат
Сыныптан тыс іс-шара - Биология әлемі: 8-сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ (20.10.2014)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz