Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Қош бол, әліппем!

Тақырыбы: Қош бол, Әліппем!Мақсаты:Білімділік:Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, <<Әліппе>>, <<Ана тілі>> оқулықтарының мұқабасы, шарлар, слайд - шоу.Барысы:
Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. Уа, халайық! Армысың,Ағайын туған, бармысыңЖарлығымды тыңдаңдар, Босқа қарап қалмаңдарМен сендерге сенемінҚызымды мектепке апарғанғаАт басындай алтын беремінҚызы: Жоқ, әкеБұл не дегенің?Оқымай-ақ мен бәрін білемінСабақ, оқу, әріп, жазуДәптер, кітап - ол не керек?Ол не береді?Мен сұлумын, ханшамынТәтті қыздың бірімінОқуыңа өзің бар, Керек емес біліміңТазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, Ханшайымда бармысыз,Жақсы хабарым бар, 1 <<В>> сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік!
1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, асыл халқым!
2 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты әкелер мен аналар!
1 - жүргізуші: Сәлем замандастар, қарлығаштар, құрбы-құрдас, достарым!
1-2 - жүргізуші: Бүгінгі той жиынға жиналған күллі қауымға, баршаңызға мың сәлем!
2 - жүргізуші: Той тойға демекші,тойға бүгін себепші
Тойда өзі болмаса,ортаға өзі шықпаса
Қайдан сәні бұл тойдың!
1 - жүргізуші: Уа, халайық,сахнаға,
Шақырайық қол соға.
Сүйікті біздің ұстазды,
Шәкірттерімен ортаға.
(ортаға оқушылармен мұғалім шығады)Мұғалім: - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің 1 <<В>> сыныбының әзірлеген <<Қош бол,Әліппем!>> атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы Әліппе. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!Ән: Мектеп гимні./хор/Хамза: Жақсы білім көрімдік, Болсын бізге халайық. Не үйреніп, не білдік Кәне, ортаға салайық. Аружан: Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Басқа оқулық достаспақ, Әліппемен қоштаспақ. Мирас: Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты болып шықты міне балаңыз! Олжас: Әліппе деген алтын жол Апарады сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол, Тырысып бақ намысқа. Мұғалім: - Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Іші толған әріпке Білімдегі жарық не? Оқушылар:Болашаққа жол ашқан Ол сүйікті Әліппе. Мұғалім: -Олай болса бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе: Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата-ана ! Болашаққа жол ашар , Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген . Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің . Қуанышы баланың, Қуанышы халықтың.
Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы.
Мұғалім:Жақсы Әліппе онда біздің қонағымыз болыңыз!Төрлетіңіз!
Ән:Әліппе /Саида, Зере,Диана/Б.Санжар: Ыстық әрбір беттерің,Жазуыңды ұғамын.Ақыл бердің Әліппе,Ақылды сен мұғалім.Дана: Әліппем менің, Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.Расул: Әліппем менің, әліппем,А деген бастап әріптен.Сөз құрап жаза бастадым,Тақылдап таңба танып мен.Көрініс: <<Әліппелер айтысы>> /Индира,Мадина,Диляра,Абзал,Хамза/
Қазақ биі/Саида/Дарина: Осылай алға аттадым, Әр әріпті жаттадым.Жаттаған сайын әріпті,Сөз құрап жаза бастадым.Абзал: Үйреттің бізге Әліппе,42 дербес әріпті.Сөз , сөйлем құрап әріптен,Жаздырдың бізге Әліппе.Дияз: Оқитын әрі жазатын,Білімге қол созатын.Оқушы болдық сауатты,Білімді тегін қазатын.
Ағылшын тілінде тақпақтар.ӘН/ХОР/ Көрініс. Әліппемен дәптер./Қуаныш,Жанель,Айсана,Саида,Дияз/
Ән: <<Балапан>> /Диляра,Нұрхат,Аружан,Индира/
Осы кезде кішкентай көбелек сценаға ұшып келеді,айнала ұшып жүр,аузында хаты бар./Айсана/
Мұғалім:Ой, балалар, бұл не бізге ұшып келген?Адасып кетті ме екен?Жоқ, балалар, қараңдар, аузында хаты бар.Алматы қаласы,Алматыкітап баспасынан
Хаттама: <<Амансыңдар ма, балалар! Міне әйбат кітап әліппемен қоштаспақсыңдар>>. Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңізге сенеміз! Әліппемен қалай дос болсаңдар, ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз. Ана тілін ренжітпеңдер!Таза ұстаңдар,кірлетпеңдер! Ана тілін сендерге жібердім,қарсы алыңдар. Ана тілі:
Армысыңдар жас достар!Туған елдің тілімінАқылы мен танымын,Түсіндірер бәріңеАна тілі пәнімін.Ана тілім-елдігім,Ана тілім болмаса,Бүтінделмес кемдігі
Мұғалім:Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз./Әліппенің қасына отырады./
Қуаныш: Әріптерді үйретіп, Жақын болған кім бізге,Жамандықтан жирентіп,Ақыл болған кім бізге!Нұрхат: -Әліппе оқуға, Үйреткен әр күні -Үйретіп санауды, Көп еңбек сіңірген Мұғалім апай ғой! Индира:Әліппе даңғыл жол ашты, Жаңадан пәндер жалғасты. Әліппе сырын ұқтырған Барлығы хормен: -Рахмет, ұстаз алғашқы! Ән <<Ұстазым>> /Саида/
Гимнастика. /Диана/
Көрініс. Дүниетану/Олжас,Б.Санжар,Аружан/
Мұғалім: Мектеп өмірінен күлдіргі көріністерге кезек берейік.
Мұғалім-Саида:Санжар,кеше неге сабаққа келмедің?
С:Ағам ауырып қалды.
М: Ағаңның бұл жерде не қатысы бар,әлде ауруханаға сен апардың ба?
--------------------------------------------------------------------------------
С:Жоқ,мен оның велосипедін тептім.
М: Дана,айтшы,5саусаққа 5 саусақты қоссақ,неше болады?
Д:Екі қол
М: Туу,он саусақтан он саусақты алсақ,неше болады?
--------------------------------------------------------------------------------
Д:Жұдырық қалады.
М: Мұхаммаддин,екіге екі қоссақ,неше болады?
М: 4болады
М: Дұрыс,мә,саған төрт кәмпит
--------------------------------------------------------------------------------
М: Туу,14 дей салуым керек еді.
М: Диляра,кеше папаң қайда болды?
Д: Жұмыста
М: Мамаң ше?
Д: Ол да сізден тығылып қалды.
Мұғалім: -Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
Ән <<Анажаным>> /Зере,Саида/
Ән <<Жас ұландар>> / Ұлдар /
Әліппе: Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Хормен: Қош бол, сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Ана тіліне арнаған қандай өнерлерің бар?Мирас: Ана тілі - ұраным,Ана тілім - құралым.Ана тілі болмаса,Мықты болмас тұрағым.
Құрмет: Ана тілім - елдігім,Ана тілім - ерлігім.Ана тілім болмаса,Бүтінделмес кемдігім.
Ана тілі: Рахмет саған достарым,Бүгін ниет қосқан күн.Аянбаймын сырымды,Баяндаймын ғылымды.Талаптыға бәрі бар,Менен оқып алыңдар.
Сайқымазақ:-ООО мен қайда келдім? Балалар сендер мында не істеп отырсыңдар?
(балаларды тиісіп өтеді)ААА солай ма? Онда кәне 2ге 2 ні қосқанда неше болады?
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?Керемет сендер білімді, ақылды екенсіңдер.Мен сендерді жеңе алмайды екенмін,
Онда сендердің ата-аналарыңды ортаға шақырайын.(екі ата-ананы шақырып алады)
Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін.
Құрметті қонақтар ендігі назарларыңызды экранға аударыңыздар. (Ақырын музыка ойналып тұрады,видео - бала қиялы)
Ән:<<Атамекен>> /Қуаныш/
Ән:<<Үйретеді мектептерде үйретеді.>>/хор/
1-жүргізуші:Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер-дейді халқым,
Ақылы дария,алғысы нұр,батасы бақ
Аталардан ақ бата сұраймыз!
(Аталардың батасы )
2-жүргізуші:Қадамың құтты болсын!
Сапарың сәтті болсын!
Атам берген ақ бата
Басыңа қонған бақ болсын!-дей келе
Бүгінгі салтанатты мерекені қорытындылаймыз!
Сөз кезегі метебіміздің басшысы Гүлжан Шәмілқызына береміз!
Ата-аналарға сөз.Ханның тілегі.Шашу шашу.Сертификат тапсыру.Бүгінгі біздің <<Қош бол, Әліппем!>> атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау
Қош болыңдар балалар
Оқушылардың алған білімдерін Әліппемен қоштасу кешінде бекіту
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Қош бол, әйбат Әліппе
Мұғалім
Қош бол, әйбат әліппе ( Тәрбие сағаты )
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін 1 сынып
Қош бол менің қасиетті ӘЛІППЕМ
Пәндер