Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Балаларға берілген жүрек

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 22 о/м,Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Аймаганбетова Зулайха Усембаевна

Балаларға берілген жүрек (Эссе)
<<Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың
сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді
тәрбиелеу - баланы қоғамдық мәні бар,
адамдарға жақсылық әкелетін қылық-
қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа
қызмет ету>>
Н.Ә. Назарбаев

Тәлімгер - ол кім? Жоғарыда айтып кеткенімдей, тәлімгер - балаға жан-жақты тәлім беруші. Тәлім жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді.
Тәлімгер-бұл сөз менің түсінігімше адам тәрбиелеу, болашағымыздың бастауын тәрбелеу деген ұғымды білдіреді. Себебі, кез келген оқу орнында, бала тәрбиесінде тәлімгердің рөлі зор. Көп жылғы еңбек жолымда осы бір кәсіп иесінің жұдырықтай жүрегінің бала тәрбиесі деп соғатынына іштей қуанатынмын. Өйткені, тәлімгер балалардың ортасында жүріп, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуына, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жас ұрпаққа айтқан мына бір сөзі әрбір жанды бейжай қалдырмасы жөн: << Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!>>. Олай болса біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың бойында білім,өнер,өнеге, намыс, ақыл, мейірім; жалпы алғанда адами қасиеттің барлығы табылуы шарт.
Қазіргі таңда балаларға демалыс орындары мен қатар жазғы сауықтыру лагерлері де тынымсыз еңбек етуде. Сол жазғы сауықтыру лагерін өзім 5 жылдан бері басқарып келемін. Осы уақытқа дейін байқағаным балалар бойында ата-ана тәрбиесінің ізі анық байқалып тұратынын ұқтым. Мұны бабамыз Жүсіп Баласағұн сөздерінен де сезуге болады:
Баққан ұлдан сәл талса назарың -
Түбі соның тарттым дей бер азабын.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма? -
Олай болса уысыңнан шығарма.
Ғылым мен техниканың қарыштап өсіп бара жатқан дәуірінде елге ілесіп, көштен қалмауға тырысқан ата-аналардың бала тәрбиесіне келгенде уақыттың жетпей қалуы расында да өте-өте өкінішті жағдай. Таңның атуы, күннің батуы жұмысбасты ата-ананың қазіргі тіреуі де, тілеуі де осы өрімдей жас тәлімгерлердің қолына өтті десек артық айтқан болмаймыз.
Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады. Мұнан түйетін ой, адам баласына сәби кезінде берілген дұрыс тәрбиенің жемісін өскенде көресің деген пікірге тоғыстыруға болады. Сонымен бала тәрбиесіндегі тәлімгерлер рөлін, оның беделін көтеру, оған адами-рухани жақтан да, әлеуметтік жақтан да қолдау көрсетілсе деп ойлаймын.
Тәлімгердің тек қана <<Балаларға өзінің жұдырықтай жүрегі>> арқылы жылуын сеуіп, мейірімін төгіп, болашаққа бастар бірден-бір жан екенін адам да, қоғам да бір сәт естен шығармағаны жөн.

Ұқсас жұмыстар
Жүрек жылуы
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру
Ғажайып ертегі
Өзін өзі тануға алғашқы қадам
Жүректің жұмысы
Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, баланың жанына жұбаныш бола білу
Алтын жүрек анамыз мәнерлеп оқу сайысы
Болашақты біз бірге жасаймыз жайлы ақпарат
Күлкі әлеміне саяхат. 3 сынып
Жақсылық жасауға асығайық!
Пәндер