Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Отбасы тәрбиесінің айрықша құбылыстары
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ АЙРЫҚША ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
Сүгіралиева Алия Мұхамеджанқызы
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының магистры
Қоғамдағы барлық оқыту және тәрбиелеу іс - әрекетімен шұғылданатын
әлеуметтік институттардың ішінен отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Өйткені,
балалардың алғашқы өсіп - өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым – қатынасы,
байланыстары, іс – қимылдар мен мінез – құлық нормаларын меңгеруі отбасынан
басталады. Отбасы бізге белгілі баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін,
жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа, жігерлі,
қайратты, адал болуға тәрбиелейді.
Адамзат баланың адам ретінде қалыптасуында тәрбиенің негізгі ата-
анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың,
жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас.
Бұлардың бәрін, ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп
бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге
беретін аялы алтын дінгегі -әке-шешесі.
ұрпағы отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен
салыстыруға болмайды. Сондықтан да, мұғалім мен отбасының тығыз қарым –
қатынаста болуы міндетті және отбасы мәртебесін биіктетуі шарт.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда отбасының мынадай төрт түрлі
мәртебесі бар: әлеуметтік – эконолмикалық, әлеуметтік – психологиялық,
әлеуметтік – мәдени, және ситуативтік міндеттер.
Мұғалім отбасы мен жұмыс нысаны барысында – балалар, жастар, ересек
адамдар, қарттар жалпы отбасының барлық мүшелерімен жұмыстанады.
Отбасымен жұмыс жасай отырып, оларға: білім алуға, оқуға,
психологиялық көмек алуға жәрдем береді.
Сондықтан педагог ата – анамен ( отбасы мүшелерімен) мынадай іс –
шаралар жүргізеді:
- тәрбиелеуде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеруді
қаперінде ұстау,
- ата –аналардың тәрбиеде ( бала тәрбиесінде) жіберген қателерінің себеп,
салдарымен мәлімет беру және айғақтар мен дәлелдер келтіру арқылы дұрыс
тәрбиенің мәнін ашып көрсету және нандыру,
- оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос уақытын дұрыс пайдалану бойынша
кеңестер беру,
- жастайынан, әуелі санасыз, еліктеу арқылы пайда болатын жаман әдеттер:
масайту ішімдігіне әуестену, шылым шегу, нашақорлыққа еліктеудің алдын алу
шараларын үйрету.
Мұғалімнің әке – аналарға беретін көмегі, ақыл кеңесі баланы
тәрбиелеудегі мақсат пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап қажеттенуін
қанағаттандыру, отбасы мүшелерінің ой санасына, ақыл – кеңесіне ықпал
ететін әңгімелер өткізу басқа да іс – шаралар ұйымдастыру осы қызметтің
пәрменділігін көрсетеді. Салауатты отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
педагогикалық көмектің тағы бір аса маңызды құрамды бөлігі – психологиялық
көмек. Психологиялық болсын, әлеуметтік – педагогикалық болсын дерлік
тәрбиенің дұрыс қалыптасуы ұстаз, бала, ата – ана еңбегімен байланысты.
Береке бірлікте жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын тәртіпке бас игенде
ғана іс оңға баспақшы. Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін,
атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп
атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысындп адамгершілік қағидаларды қатаң
сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп,
қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.
Туыстық, отбасылық (әлеуметтік) қатынастарды бала кезінен
қалыптастырғын. Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан
баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Салауатты отбасы - өркениетті
қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік
деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып
табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр
отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Отбасында түрлі қарым-
қатынас қалыптары көрініс береді.
Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда
ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-
қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің
басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына
жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында
демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең
құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. Егеменді
еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі.
Білімді,денсаулығы мықты азамат өсіру үшін барлық балабақша,
мектеп, ата - ана болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет.Тәрбие арқылы
ересектердің бойындағы жақсы жаман қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке, өнер
білімге бой ұрады.Сондықтан да отбасында болып жатқан уақты оқиғалар: ата
ананың бір бірімен қатынасы, баламен сөйлесуі үй шаруасының атқарылуы,
ересектердің еңбекте көз қарасы, уақытты өткізуі, туыстарымен жолдастарының
ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі балаға тікелей әсер етеді, мінез құлқыда
соған қарай қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан - 2030» Ел басының Қазақстан халқына
жолдаған стратегиялық бағдарламасы. – Алматы: Білім, 1997. -256 б.
2. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы » Қазақстан мектебі. №2, 2004. – 4 бет .
3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. – Алматы: Санат 1995.
81 б.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартты – Астана , 2009 жыл 19 қаңтар.
5. Меңжанова А. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы: Рауан , 1992. –
108 б.
6. Шерьязданова Х. Т. Балалармен қарым – қатынас. – Алматы: Рауан, 1992.
– 108с.
7. Ауталипова. У. И. Психолого – педагогические основы взаимоотношений
детей дошкольного возраста в семье. Диссертация кандидата
психологических наук. , Алматы, 1999. – 129 с.
8. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. – Алматы:
Рауан, 1990. – 234 б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz