Қайнау. меншікті булану жылуы. 8 сынып. қмж

8 сынып
- Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
- Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
- Рефлексия
- Үйге тапсырма
Ойлауды Блум
бойынша жіктеу
Тапсырма түрі.
Түрткілер.
Үй тапсырмасын сұрауда әр топқа өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты пікірлерін тест арқылы анықтау.
Қызығушылығын ояту.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін «Шашу» әдісін пайдаланып, 3 топқа бөлемін. Сыныпта жағымды ахуал тудыру үшін "Жақсы тілектер" трегингін ұйымдастырамын. Тесттің түрлері арқылы үй тапсырмасын сұрау.
І. Толықтыру тесті
1. Ауадағы су буының мөлшері ылғалдылық деп аталады.
2. Бу(газ) қаныққан күйге өтіп конденсацияланған(шық пайда болған) және салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ға тең болған кездегі температураны шық нүктесі деп аталады.
3. Ауадағы су буының шық нүктесінанықтау үшін Ламбрехтің конденсациялық гигрометрін пайдаланды.
4. Ауаның ылғалдылығын жылдам анықтау үшін көбіне психрометрді қолданады.
ІІ. Сәйкестендіру тесті
ІІІ. Балама жауаптары бар тесті
1. Ауаның ылғалдылығын психрометрмен өлшей ма?
Ия жоқ
2. Құрғақ термометр буланған сұйықтың температурасын көрсете ма?
Ия жоқ
3. Психрометр екі термометрден тұра ма?
Ия жоқ
4. Ауадағы су буының шық нүктесін анықтау үшін Ламбрехтің конденсациясын пайдаланады ма?
Ия жоқ
ІҮ. Еске салушы тесті
1. Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?
Жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр
2. Ауадағы су буы қаныққан ба, әлде қанықпаған ба?
Ауадағы су буы қаныққан буға жатпайды.
3. Ауадағы су буының маңызы қандай?
Су буы қаныққан буға айналатын температура шық нүктесі делінеді. Ауа шық нүктесіне дейін салқындағанда будың конденсациясы басталады; тұман пайда болады, шық түседі.
4. Ауа ылғалдылығының маңызы туралы не білеміз?
Ауа райын күні бұрын болжауға болады. Атмосферадағы су буының мөлшері 1 %-ке жуық, бұл шама атмосферада құбылыстарда айтарлықтай өзгерістер тудырады. Бұйымды сақтауда да ылғалдылықты білу маңызды.
Салыстырмалы
ылғалдылық
Стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
Арқылы тақырыптың идеясын түсіну
Мағынаны тану
Тәжірибе көру арқылы ой қозғау.
Судың қайнауын және буға айналу құбылысын тәжірибе арқылы көрсетемін. Сол арқылы жаңа сабақты түсінеді. Жұмыс дәптеріндегі берілген анықтамаларды орындау арқылы жаңа сабақты түсінеді.
Топтық жұмыс
1 топ: Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырма
2 топ:Семантикалық карта мен жұмыс
3 топ: Постермен жұмыс орындау.
4 топ: Постермен жұмыс орындау.
Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау,
ой шешімін табу.
Есептер:
Қызыл: 4 есеп
Жасыл: 4 логикалық тапсырмалар
1. Суды қыздырмай-ақ қайнатуға бола ма? (жоқ)
2. Стакан мен табаққа массалары бірдей су құйылған. Бірдей жағдайдағы осы екі ыдыстың қайсысындағы су тезірек буланады?
(Табақтағы. Себебі оның бетінің ауданы үлкен)
3. Кастрөлдегі қайнап жатқан суда макарон пісіп жатыр. Ал макарон түтігіндегі су қайнай ма? (жоқ)
4. Бірдей жағдайда майлы сорпа мен шайдың қайсысы тез суиды? (шай)
Көк: 4 тұрақтылар
1. Меншікті булану жылуы қандай әріппен белгіленеді? (r=1Дж/кг)
2. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі қандай?
(Q=1Дж)
3. Эльбрус шыңында су шамамен неше 0 С-та қайнайды? (80 0 С)
4. Судың қайнау температурасы
200 0 С -қа дейін қай жерде болады?
(Автоклав құрылгысында)
Сары: 4 тест жұмыстары
1. Меншікті булану жылуы қандай әріппен белгіленеді
A. q B. r
C. λ D. c
2. Меншікті булану жылуының формуласы
A. q = Qm B. q =
C. r = Qm D. r =
3. Қайнау температурасындағы 500 г спиртті буландыру үшін қанша жылу жұмсалады?
A. 92 кДж B. 92 Дж
C. 450 кДж D. 450 Дж
4. Судың қайнау температурасы
A. 0 0 С B. -100 0 С
C. 100 0 С D. жауабы жоқ
Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» биі
Ашық сұрақтар
Топтарға сұрақтар беру арқылы диалогқа түседі.
1. Қайнау дегеніміз не?
2. Меншікті булану жылуын қалай түсіндің?
3. Қайнау температурасы дегеніміз не?
4. Су қайнар алдында қандай дыбыс естіледі?
«Сиқырлы сөздер»
Бірнеше сөздер беріледі. Сол сөздердің арасынан бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ сөзді тауып айтыңыздар.
1) паремутрате 2) шеніктім 3) шәбі
4) лунуба 5) нақайу 6) квалатов
7) бейкаліклұы
Жауабы: температура; меншікті; Әбіш; булану; қайнау; автоклав; Кекілбайұлы.
Сонымен балалар бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ сөз Әбіш кекілбайұлы -75 жаста. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы. Маңғыстау олбысы Маңғыстау ауданы, Онда ауылында 1939 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келді. 2002 жылы ҚР Парламент Сенатының депутаты болды. 2009 жылы «Сыр- десте» ой-толғаулары 5 томдық жинағы жарыққа шықты. 1986 жылы Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазіргі таңда құрметті еңбек демалысында. Осы жазушыға арнап жергілікті тілшіміз Рза Оңғарбайдың жазған өлеңі:
Жүрген жоқсыз әрдайым қасымызда,
Алматы асып кеттіңіз жасыңызда.
Адамзаттың білімі сыйған білем.
Мына сіздің алтындай басыңызға.
Болғаннан соң теңерім, телегейім,
Дарияға қалайша теңемеймін.
Ғылымменен білімнің мұхитына,
Жүзіп кете бересіз кемедейін.
Талай тантық талқыға түсіп көрді,
Қаппақ болды, күпінді, ісіп көрді.
Бұл қазақ көзі көрмей сенбес еді,
Ағамыз алыптармен теңдес еді.
Ортаймайды сіз барда көңіліміз,
Ұзақ болсын Әбеке өміріңіз.
Тірі әулие деп елің тіркеп қойған,
363- ші нөміріңіз. - деп сабағымызды қорытындылаймыз.
Оқулықтағы §18, ІІ тарауды қайталау
11-жаттығу 4, 5, 7, 8
1. Меншікті булану жылуы қандай әріппен белгіленеді
A. q B. r
C. λ D. c
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz