Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қоғамдық пәндерді оқытудың белсенді әдістерін пайдалана отырып, оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптасытру

ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫНЫҢ ТҮЙІНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Құрманбекова Майра
<<Сүмбе орта мекмебі мектепкедейінгі шағын орталығымен>> мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі
Түйінді сөздер: оқушының ақпараттық құзыреттілігі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Қазқстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты - қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым - оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабіліттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Ал тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты - оның мазмұны - білім беру және оны игеру басшылық жасау - оқушылардың оқу әрекеті - оқыту нәтижиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспараластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болды. Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыры алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.
Сондықтан тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрә жалғасуда. соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады:
* Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
* Оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;
* Қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;
* Тұлғаны ұлттық жәнеи әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
* Әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
* Тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағұлматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру.
Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістем отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі.
Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс, және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгерсе, қазіргі заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі. Тарих сабағының басты міндеттерінің бірі пән мазмұнын меңгер отырып, ақпаратпен жұмыс істеу болып табылады.
Ақпараттық құзыреттілік:
* Сыни тұрғыдан ұғынылған ақпарттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
* Өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету танымдық қызметті жоспарлауға және оны жүзеге асыруға;
* Ақпараттарды өз бетіментабуға, талдауға, іріктеу жасаға, қайта құруға сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды көмегімен жүзеге асыруға;
* Логикалық операцияларды қолдана отырып, аұқпараттарды өңдеуге;
* Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері тексеріледі. Олар:
1) Ақпарттық ізденісті жоспарлау:
* Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
* Ұсынылған ақпарттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
* Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағвы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.
2) Алғашқы ақпаратты алу:
* Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;
* Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;
* Ақпарт көздерінен қажеттісін бөліп алады.
3) Ақпаратты екінші қайтара алу:
* Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
4) Ақпаратты алғашқы өңдеу:
* Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясындда жүйелендіреді;
5) Ақпараттарды өңдеу:
* Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;
* Аұқпарттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;
* Ұсынылған ақпарт көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды нгіздей алады.
Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапйым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауда тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс. Сондықтан сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ақпарттық құзыреттілігін дамыту үшін қосымша материалдармен жұмысты пайдаланамын. Мысалы: <<Абылый хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы >> тақырыбын өткенде қызығушылығын ояту мақсатында <<Көшпенділер>> кинофильмінен үзінді көрсетіледі. 9-сыныпта <<Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру және оның нәтижелері мен салдары>> деген тақырып алдын-ала жан-жақты талданып, оқушыларға сол кездегі саясаттың мақсаты, мәні тісіндіріледі. Сынп оқушыларын екі топқа (жақтаушы, даттаушы) бөліп, тың игеру саясатының нәтижелері ( 1-топ) және салдары (2-топ) туралы материалды жүйелеп, кейс құру тапсырмасы берілді. Пікір-сайысқа екі топтан үш оқушыдан алты оқушыдан қатысады, қалған оқушылар төрелік жасайды, сабақ соңында қорытынды пікір айтады. Жақтаушы топ.
Критерий: <<Тың жерлерді игеру Қазақстанды әлемдегі ірі астық өндіруші мемлекеттің біріне айналдырды>>.
1-аргумент: Тың жерлерді игеру нәтижесінде астық өнімі көбейді. Дәлел: Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып, тың игеру Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. Бұл түстік облыстары еді. 1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га-ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды.
2-аргумент: Тың жерлерді игеру республика экономикасының дамуына белгісіз дәрежеде оңды әсер етті. Дәлел: Ауылмен салыстырғанда қала тұрғындарының саны өсті, 1959 жылы үлес салмағы 44% жетті.
Қала тұрғындарының бұлай өсуіне өнеркәсіптің, көлік түрлерінің, ғылым мен мәдениеттің жедел қарқынмен дамуы тікелей себеп болды. Ауыл тұрғындарының белгілі бір бөлігінің қалаға ауысуы. Осы жылдары Қазақстан картасында 15 қала 86 қала тәріздес поселке пайда болды. Тың астығын тасу үшін мыңдаған шақырым темір жолдар, тас жолдар салынды. Даттаушы топ.
Критерйй: <<Қазақстанның жер үшін сыздаған жүрегін түсіну керек - ол әдеттегідей жеке меншік иесінің күйзелісі емес, нағыс патриоттың күйзелісі>> жазушы И.Щеголихин
1-аргумент: Тың жерлерді игеру кезінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы өте ауыр жағдайға душар етті. Дәлел: Топырық эрозиясы күшейді. Жердің құнары (гумус қабаты) желге ұшты. Жайылым жерге егіс егіп тастағандықтан мал жайылатын жер өрісі тарылды. Осының салдарынан мал саны кеміді. Ақмола облысы 19 көлдің суы тарылды. Аққу-қаздар жойылды. Өлкенің ауа райы бұзылды. Экологиялық тепе-теңдікті бұзу өте ауыр жағдайға душар етті.
2-аргумент: Тың жерлерді игеруде республиканың демографиялық жағдайы ескерілмнді. Дәлел: тың игеру кезінде республикаға көшіп келушілер саны қисапсыз көп боды. 1954 жылдан 1962 жылға дейін 2 млнға жуық адам келді. 1954-55 жылдары Қазақстанға 0,5 млн адам қоныс аударды. Осының бәрі елдің байырғы тұрғындары - қазақ халқы мен басқа халық өкілдері арасында сан жағынан алшақтық туғызды. 1959 жылғы санақтың қорытындылары бойынша, қазақтар сан жағынан өз республикасы тұрғындарының үштен бірінен де аз немесе 30% ғана болды. Ал 1879 жылы қазақтар Қазақстанды мекендеушілердің 85% тең еді.
Пікір-сайысдың қорытындысын алдымен төрешілер шығарды. Бақылап отырған оқушылар да өз пікірлерін білдіреді.
Әр сабағымда тапсырмаларды алдын-ала беру арқылы оқушыларға қосымша материалдарды алудың, табудың жолын көрсетемін . Жаңа сабақ барысында оқушылардың әкелген, оқыған, меңгерген материалдары негізінде оқушылардың ақмараттық құзыреттіліктері дами отырып, пәнге деген қызығушылықтары артады. Ақпаратпен жұмыс істеуді: талдауды, сараптауды, аргумен келтіруді, мәліметке сүйенуді, ақпарат көздерінің атын, авторын білуге дағдыланады.
Тарих сабағында ескеретін жайлардың бірі - өмірдің жаңалықтарына бет бұрып, жаңаша білім беру тәсілдерін ойлап табу - әр пән мұғалімінің негізгі мақсаты.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өзінің тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуыен ерекшеленеді.
Интерективті оқытудың тиімді жақтары:
* Оқушылар ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіреп береді.
* Оқушылар ойларының тереңдігіне талпынды.
* Мұғалімнің жетекшілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады.
Осыған орай тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы - білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.
Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттырға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ - ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.

Ұқсас жұмыстар
Химия сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Сыни тұрғысынан ойлау
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Арнайы пәндерді оқытуда интернет ресурстарды қолдану
Информатика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту
Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру
Қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі міндеттері
Инновациялық технологиялар жағдайында маманның құзыреттілігін қалыптастыру жолдары
Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Пәндер