Сұлтан қалиев

Мақсаты:
а) білімділік:
ә) дамытушылық:
б) тәрбиелік:
Қазақ балалар әдебиетінің атасы - Сұлтан Қалиевтің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, бар өмірін білім мен тәрбиеге жұмсаған, халқының адал кемеңгері екендігін дәріптеу;
Оқушыларды ізденуге, дәлелді мысалдар арқылы сауатты сөйлеуге, шығармашылыққа баулу, танымдық қабілеттерін арттыру, қосымша деректер арқылы дүниетанымын кеңейту;
Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды түгендеймін;
- Сабаққа дайындығын тексеремін.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардан «Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей» тақырыбына жазылған ой толғауларын тексеріп, тақырып негізінде қосымша сұрақтар қоямын.
Өткен сабақты бекіту:
Өткен сабақты сөзжұмбақ арқылы бекітіп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?(Соқпақбаев)
- Машқар Гумеров қай жерде дүниеге келді?(Башқұртстан)
- Ескен Елубаевтың пьесасы?(«Балабек»)
- Машқар Гумеровтің әңгімесі?(«Саятхана»)
- Жер-су атауларына, адам есіміне, газет-журнал атауларына байланысты айтылатын сөздер қалай аталады?(Жалқы есім)
- «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның ұстазы?(Майқанова)
- Қастек Баянбаевтың балаларға арналған әңгімесі?(«Құс сүті»)
- -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшалары арқылы жасалатын келер шақтың түрі?(Мақсатты)
- Бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалатын сөздер қалай аталады?(Күрделі сөздер)
- Машқар Гумеровті әдебиетке, соның ішінде балалар әдебиетіне алып келген публицист жазушы?(Иманжанов)
- -атын, -етін, -йтын, -ған, -ген қосымшалары арқылы жасалатын етістіктің түрі?(Есімше)
- 1923 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданында дүниеге келген ақын?(Әлімбаев)
Жаңа сабақты түсіндіру:
Сұрақ-жауап.
- Балалар ақындарынан кімдерді білесіңдер?
- Сұлтан Қалиев кім?
- Сұлтан Қалиевтің балаларға арналған қандай шығармаларын білесіңдер?
Тапсырма №1
Сөйлемді көшіріп жазып, жалқы есімнің астын сызыңыз.
- С. Қалиевтің балаларға арналған жинақтары: «Өлеңдер», «Дүрбі», «Қасиетті тақия», «Сәлем, саған мектебім», «Кішкентай астрономдар», «Бақыт деген не?», «Мен мектепке барамын».
- С. Қалиевтің «Қасиетті тақияның» оқиғасы сәбидің әжесінен естіген әңгімесі ретінде баяндалады.
Тапсырма №2 (Топшама)
І топ
Балдырған
Б - дауыссыз, ұяң
а - дауысты, жуан, ашық, езулік
л - дауыссыз, үнді
д - дауыссыз, ұяң
ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік
р - дауыссыз, үнді
ғ - дауыссыз, ұяң
а - дауысты, жуан, ашық, қысаң
н - дауыссыз, үнді
ІІ топ
Жамбыл
Т/қ: жуан (а, ы)
жіңішке
Ж/қ: ашық (а) Шешуі: 6 ꞊ 2 (а+ы)
қысаң (ы) 4 (ж+м+б+л)
Е/қ: еріндік
езулік (а, ы)
Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.
Ақынның біраз өлеңдері орыс, украин, грузин, әзірбайжан тілдерінде аударылды.
Ақынның - дара, негізгі, жалпы, деректі, -ның - ілік септігі
біраз - мөлшер үстеу
өлеңдері - дара, негізгі, жалпы, -дер - көптік жалғау, -і - тәуелдік жалғауының
ІІІ жағы
орыс -
украин -
грузин - дара, негізгі, жалпы, атау тұлғалы зат есім
әзірбайжан -
тілдерінде - дара, негізгі, жалпы, -дер - көптік жалғау, -і - тәуелдік
жалғауының ІІІ жағы, -нде - жатыс септігі
аударылды - болымды, -ыл - ырықсыз етіс, -ды - жіктік жалғауының ІІІ жағы
Сергіту сәті.
Оқушылар Сұлтан Қалиевтің жұмбақтарының шешуін табады.
- Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң
Үйіңдемін төріңнің. (Шырша)
- Дөп-дөңгелек қос шыны,
Бұзылмайды достығы.
Өмір бойы екеуі
Қол ұстасып өтеді. (Көзілдірік)
- Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш)
- Жайшылықта жекесің,
Қарай қалсаң - екеусің. (Айна)
- Кейде жарты, кейде бүтін дөңгелек,
Түн болғанда шомылады көлге кеп. (Ай)
Тапсырма №3
Сұлтан Қалиевтің «Сәлем, саған мектебім», «Мен мектепке барамын» атты шығармаларының тақырыбын негізге ала отырып, сурет бойынша шағын мәтін құрыңыз.
Жаңа сабақты бекіту:
Тест сұрақтары
- 1943 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген балалар ақыны?
а) Қастек Баянбаев
в) Мұқан Иманжанов
с) Сұлтан Қалиев +
д) Бердібек Соқпақбаев
е) Ескен Елубаев
- Сұлтан Қалиев 1957 - 1961 жылдар аралығында қай оқу орнында білім алды?
а) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде
в) Жәңгір хан атындағы аграрлық университетінде
с) Ж. Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледжінде
д) Жүргенов атындағы Өнер академиясында
е) Абай атындағы педагогикалық училищесінде +
- С. Қалиевтің Бақытжан Момышұлынан аударған әңгімесі?
а) «Менің атам»
в) «Мен әлі сәбимін» +
с) «Ақымақ тышқан туралы ертегі»
д) «Пілдің баласы»
е) «Степа ағай»
- Ақынның «Мен мектепке барамын» атты туындысы қай жылы жарық көрді?
а) 1982 жыл +
в) 1983 жыл
с) 1984 жыл
д) 1985 жыл
е) 1986 жыл
- С. Қалиев 1973 - 1991 жылдар аралығында қандай басылымда жауапты хатшы қызметін атқарды?
а) «Ұлан»
в) «Айгөлек»
с) «Мөлдір бұлақ»
д) «Балдырған» +
е) «Еңбек туы»
- Ақынның аудармасын табыңыз.
а) «Қандай болып өсемін?»
в) «Ақымақ тышқан туралы ертегі» +
с) «Сәлем, саған мектебім»
д) «Сыныққа сылтау»
е) «Қомағай бақа»
Үйге тапсырма: Кесте толтыру
Бағалау:
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz