Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс

№3 Қарауылкелді орта мектебі

















Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс









5 <<Ә>> сыныбы

Қарауылкелді - 2015
Сабақтың түрі: ашық сабақ (практикалық сабақ)
Сабақтың атауы Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс

Информатика 5 сынып оқулығы, слайд
Вьюшкова Е.А., Параскун Н.В., Әбенов Б.Қ.
Астана <<Арман-ПВ>> баспасы, 2013

Мақсаты: Графиктік редактор туралы жалпы мәлімет беру, оны өмірде пайдалана алуға үйрету, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, достарымен қарым-қатынаста қолдана алу, ой-өрісін дамыту.
Міндеттері
а) Графиктік редактор сурет салудың алғашқы негізін қалау;
ә) Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу, сыни тұрғыдан ойлау арқылы әр оқушыны қамтуға жағдай жасау;
б) Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар
Оқушының өмірдегі білімі мен білетіне сүйену, жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Күтілетін нәтиже
- сабақта өздерін еркін ұстау, көңіл күйін басқара алу, белсенділік таныту
- нақты ойын жеткізе алу
- теорияны практикамен ұштастыра білу
- бірін-бірі бағалаудағы әділдік
Тапсырмалар
- жеке жұмыс, топтық жұмыс, практикалық тапсырмалар
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары
а) сыныпта атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыру
ә) сыныпты дәптерлеріне бірыңғай түсті смайликтер жабыстыру арқылы топқа бөлу (5 топ 4 адамнан)
б) сабақ жоспарымен таныстыру (бағалау парағы бойынша) /5 мин/
СТО сұрақтары
Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
- тәжірибені теориямен байланыстыра алады

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І. Қызығушылығын ояту
Әр топ өздеріне ат қояды және эмблемаларын жасайды.
2 оқушы осы эмблемаларын компьютерде салып, қорғайды.
1-топ:
2-топ:
3-топ:
4-топ:
5-топ:
(Әр топ өз жұмыстарын қорғайды?) /10 мин/
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсене қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
ІІ. Мағынаны тану
2 оқушыға ұяшықтар таңдау арқылы сұрақтар қойылады (таңдаған ұяшығына қарай ұпай жинайды).
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
(Пуск - Программы - Стандартные - Paint)
бұл құрал қалай аталады?
(Масштаб)
Суретті қалай сақтаймыз?
(Файл - сақтау)
- бұл қандай құрал?
(Өшіргіш)
Қауіпсіздік ереже
Көз бен экранның арақашықтығы қанша болу керек?
(55-65 см)
Компьютер алдында адам қалай отыру керек?
(Басты тік ұстау, иығымыз еркін, арқа түзу, тізе
тік бұрыш жасап бүгілген, саусақ пен білек бір сызықта)
Компьютерде жұмыс аяқталған соң не істеу керек?
(Мұғалімнің нұсқауымен жұмысты аяқтап, отырған
орныңды ретке келтіру)
Компьютермен жұмыс істегенде көзге күш түсірмеу үшін не істеу керек?
(Көзге арналған гимнастиканы 10-15 минут сайын жасау)
Компьютер
1 байт неше битке тең?
(8 бит)
Ақпаратты енгізу құрылғысы?
(Пернетақта)
Компьютердің негізгі құрылғылары ата
(Монитор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан)
Компьютер деген не?
(Әмбебап есептеуіш машина)
Сергіту сәті /5 мин/

Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды
Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін компьютерде салып көрсетеді (компьютерге отырмаған 2 оқушы салады).
Сәйкестендіру
Перне ------------- аппаратҚатты ----------- компьютерФото --------------- жадыАқпарат ---------- блокМәліметтерді --- шығарғыш
Файлды ---------- шығаруЖүйелік ---------- тақта
Дербес -------- тану
Жедел -------- сақтау
Басып --------диск
Мағыналы сөз шығару:
1.Ақпараттандырылған
2. Хабарландыру3. Пернетақта
4.Анықтамалықтар
5.Құттықтаймыз
/10 мин/
Бағалау парағы /4 мин/

Оқушының аты
Топтық жұмыс (0-5 ұпай)
Компьютермен жұмыс
Ұяшықтағы ұпай
Сәйкестендіру
(0-5 ұпай)
Сөз құрау
Қорытынды

Бағалау критерийлері бойынша бағалау

Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру...
Үй тапсырмасы /1 мин/
Тарауды қайталап оқу, дәптерге <<Қыс келбеті>> тақырыбында сурет салу

Ұқсас жұмыстар
Ортақ элемент Сурет бояу құралдары
Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Көзге арналған жаттығулар
Paint графикалық редакторында сурет салу. Практикалық сабақ
Paint графикалық редакторының қызметі
Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
Paint графикалық редакторы. «жазу» құралы. 3 - сынып
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктері
Тақырып Paint графикалық редакторының құралдары
Қарапайым графикалық редакторы. суретті ашу. 7-сынып
Paint программасын іске қосу командасы
Пәндер