Біртуар ғалым –шоқан. шеберлік сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Біртуар ғалым -Шоқан. (Ғалымның, айналысқан әр алуан ғылым саласы, ғылыми мұралары мен ғалым достары, саяхаттары ) .

Сабақтың мақсаты : қазақ ғылымының шоқ жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірінен, ғылыми еңбектерінен ақпарат беру.

Міндеттері :

білімділік- оқушыларды Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерімен таныстыру;

дамытушылық -оқушыны өз бетімен іздене оқуға, топпен жұмысқа үйрету, жеке тұлғаны өз пікірін қорғай білуге және өзгенің пікірімен санаса білуге дағдыландыру ;

тәрбиелік - ғылымға құштарлығын арттыру арқылы ақыл - ой тәрбиесін беру ;

Сабақтың типі: білік пен дағдыны дамыту .

Сабақтың түрі: журнал- сабақ.

Қолданылған технология : ақпараттық - коммуникациялық технология, дамыта оқыту технологиясы.

Оқыту әдісі : зерттеу, талдау, ой қозғау, топтастыру.

Көрнекілігі: 1. «Шоқан Уәлиханов» атты журнал.

2. Сөзжұмбақ «Шоқан Уәлиханов»

3. Шоқан саяхаттарының картасы .

4. Қосымша әдебиеттер көрмесі.

5. Интербелсенді тақтада даярланған слайдтар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатысымын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасына шолу.

1. ХІХғасырдың ІІ жартысындағы кезеңнің қоғамдағыорны. 2) Бұл кезеңнің өкілдеі, олардың жаңалықтары туралы сұралады. Сабақтың мақсаты мен ерекшелігін айтып өту.

ІІІ. Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі.

Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар алдын ала беріледі. Сабақтың беташар сөзі : «Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады. Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол - одан із қалады, сөз қалады » Ыбырай Жақаев. «Шоқан Уәлиханов» журналының суреті интерактивті тақтадан көрсетіліп, сабақ оқушылардың зерттеген жұмыстарын және журнал материалдарын талдау арқылы түсіндіріледі.

№1слайд. Журналмен жұмыс. «Бізге мәлім деректер» бойынша оқушылар Шоқанның өмірі, шыққан тегі, жастық шағы жайлы әңгімелейді.

Күнтимес - Шоқанның туған жері.

Шоқанның кіндік қаны тамған жері туралы көп уақытқа дейін әртүрлі пікірлер айтылып келді. Көкшетаудағы Сырымбет оның атақонысы екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Шоқан 1835 жылы қараша айында Құсмұрында туды деген дерек Шоқанның қызметі жөніндегі Ресей мұағатының формулярлық тізімі арқылы тілге тиек болғаны белгілі. Академик Әлкей Марғұлан Шоқан туралы очеркінде «1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрынға көшірілді де, содан былай ол Құсмұрын округі деп аталды» деп жазды. Жазушы Жарылқап Бейсенбайұлы(«Жасын тағдыр жарқылы» деп аталған еңбегінде) Әлкей Марғұлан айтып жүрген Күнтимес қонысын Шоқанның туған жері деп тұжырым жасады.

Шоқан туып өскен орта

Әжесі Айғаным - Атасы Уәли хан

Әкесі Шыңғыс сұлтан- Анасы Зейнеп ханым

Нағашылары- ағасы Мұса,

атасы - Шорман

Інілері :

Сақыпкерей Мақы Махмұт

(Қозеке ) ( Мақажан)

№ 2 слайд. «Жас зерттеуші» сөз алады . Мұнда ұсынылған әдебиеттер бойынша оқушылар өздері орындаған тақырыптарға тоқталып әңгімелейді.

№3слайд . « Мұны білген жөн»

а) «Шоқан асулары» картаны пайдалана отырып Шоқанның жүрген жолдарына, саяхаттарының маңыздылығына, саяхат барысындағы Шоқанның қажымас еңбектері мен айналысқан ғылыми жұмыстарына тоқталып өтемін. Ыстықкөл сапарына Шоқан қатысқан топтың Шелек өзені арқылы өтіп, Сөгеті, Торайғыр, Үш Меркі асуларын басып өтіп, атақты Қарқара жайлауында аялдағанын айтамын.

№ 4слайд. «Біртуар ғалым -Шоқан» . Саяхат барысында Шоқанның талмай айналысқан ғылым салаларын атап өтемін, дәптерге жаздырамын.

№5слайд. «Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей»

Г. Н. Потаниннің сөзін келтіру : «Шоқан бізден бір жыл төмен оқыса да, біз өзімізді оның қасында сары ауыз балапан ретінде сезінуші едік. Ол өзі көп білетін, бізден артықшылығын достары арасында онша көрсете де бермейтін. Бірақ реті келгенде оның білімінің мол екені айқын байқалып жататын.

« Ол өзінің қатарластары, соның ішінде өз басым үшін шын мәнінде «Еуропаға ашылған терезе» іспетті болды. » Достарының Шоқан өміріндегі роліне тоқталу:Тянь-Шанский көмегімен 1857жылы Шоқан «Орыс географиялық қоғамына» мүше болып кірді. Г. Н. Потанин, М. Н. Ядринцев, Ф. М. Достаевский, Н. И. Веселовскийлердің Шоқан мұраларын жариялаудағы сіңірген еңбектерін, ал Колпаковскийдің он тоғызыншы ғасырдың өзінде Шоқанның басына белгі орнатуға басшылық еткенін зираты басындағы мәрмәр тастағы жазуынан оқып беремін.

№6слайд. «Шоқан жайлы толғаныстар» .

Бұл тақырыптың мақсаты Шоқан жайлы жазылған зерттеу, көркем әдебиеттерге, пікірлерге тоқталу.

«Шоқан ақын жанды адам еді . . . Араб өлеңдерін қатты ұнататын еді және ұстазы Костылецкиймен бірге мәз болып орындайтын . » Н. М. Ядринцев.


Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы
Шоқан мұраларын зерттеушілер
Шоқанның өмір жолы - елдің тағдыры, халықтың тағдыры
Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп...(конференция сабақ) 7-8 сыныптар
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов жайлы ақпарат
Жұмбақтар әлемінде жұмбақтар шешу
Қазақ халқының ұлы ғалымы
Ш.уәлиханов өмірі мен шығармашылығы
Күй атасы кім
Қазақтың көрнекті ғалымы шоқан уалиханов. 5 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz