Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану

Аннотация

Бағыты: Тарих - өлкетану маршруттары

Секциясы: тарих

Ф. И. О. Қазыбек Асыл

Мектеп. «Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі

Туған жері: Сүмбе ауылы

Сыныбы: 10 а

Тақырыбы: Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану

Зерттеудің мақсаты: Бұл жұмыстың басты мақсаты Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану, оқушыларды өмірді сүйе білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу үшін қолдану .

Зерттеудің ғылыми болжамы: Х ғасырдың басында Оғыз мемлекетінде дүниеге келген Қорқыттың атына байланысты ауызша, жазбаша қыруар деректердің бас-аяғын жүйелеп, ғылымға белгілі болған барлық дерек көздерін пайдалану арқылы жұмыстың нысаны анықталды.

Зерттеудің кезеңдері:

І кезең: Ел аузындағы аңыз әңгімелерді қағаз бетіне түсіру, баспасөз материалдарын жинақтау.

ІІ кезең: Үйірме, өлкетану, сынып сағаттары жұмысында оқушылар арасында пайдалану.

ІІІ кезең: Баяндама, көрнекілік, сынып сағаттарына тақырып.

Аннотация

Направление : историко - краеведические маршруты

Секция: история

Ф. И. О: Казыбек Асыл

Школа : Государственное учреждение «Сумбинская средняя школа с дошкольным миницентром»

Класс : 10 а

Тема: Пременение наследии Коркыт ата в воспитании учащихся школьного возраста

Цели исследования: Главное задачи этой работы применение наследии Коркыта в воспитании учащихся школьного возраста . Воспитывать любить и уважать жизнь.

Научный прогноз исследования: Находка и систематизирование всех источников письменных и устных сведении о Коркыте, проживчего в госдарстве Огызов в начале Х века

Этапы исседования:

1- этап: Собирать и напечатать материалы из средсв массовых информации иустные нараодные легенды

2- этап. Испольвование материалаов в классных часах кружковых и краеведических работах

3- этап: Реферат, наглядность, тема для классных часов

ABSTRACT

Focus : historic-kraevedicheskie routes .

Section : history

Name of: Kazybek Asyl

School: State Agency ‘Sumbinskaia secondary school with preschool minicentrom’

Subject: Use of legacy Korkyt ata in the education of school - age students

The objectives: of the study main objectives of this work use Korkyt heritage in education treating school age. Nurture love and respect life

Scientific studies forecast:

The finding and the system tizivanie all sources of written and Oral information about Korkyt who lived in the state Ogyza in early 10 th century.

М а з м ұ н ы

Кіріспе 5 бет

1. Қорқыт ата тағылымдарының мәніне философиялық сипаттама

1. 1 Қорқыт ата кітабының халықтық ұғымы 6-8 бет

1. 2 Қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесінің танымдық рөлі 8-10 бет

2. Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану

2. 1 Қорқыт ата тағылымдарының мәдени-тарихи маңызы 11-18 бет

2. 2 Халықтың бақытты өмірін аңсау Қорқыт тәлімінің басты идеясы 19-22 бет

2. 3 Қорқыт ата мұралары туралы қазақ ағартушыларының ой-пікірі 21-22 бет

3. Қорқыт атаның қазақ поэзиясындағы рөлі 23-24 бет

Қорытынды 25-26 бет

Пайдаланған әдебиеттер 27 бет

К і р і с п е

Зерттеудің өзектілігі: Тарих өмір шындығының көркем бейнесі десек, өнер де халық тарихымен тығыз байланысты. Адам санасы, ой-өрісі мыңдағын жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, өрен адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат.

Көне дәуірдегі түркі тарихының өнеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындыларын, түркі және қытай халықтарына ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ әдеби шығармалар, түркі-моңғол бірлігі заманындағы әдеби мұралар, Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшық дәуіріндегі мұралар-«Қорқыт ата» кітабы, құмандардың «Кодекус Куманикус» жазба туындысы, «Оғызнама» дастанын жатқызуға болады. Оғыз дәуіріндегі өнердің түркі тектес халықтар үшін маңызы зор. Әсіресе мектеп оқушыларын өмірді сүюге тәрбиелеуде берер үлесі басым.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың басты мақсаты Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану, оқушыларды өмірді сүйе білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу үшін қолдану. Суицид және аутоагрессивті тәртіп мәселесі қазіргі заманның аса маңызды мәселелерінің бірі. Статистика бойынша жер шарында 600 мың адам жыл сайын өзіне-өзі қол жұмсайды. Соңғы онжылдықта жастардың арасындағы өзін-өзі өлтіру 3 есеге өсті. Суицидтің негізгі себептері: ата-анасымен және өзімен жасты баларлармен қақтығыс, жауапсыз махаббат, болашақтың алдында қорқыныш сезімі, жалғыздық. Жыл сайын әрбір он екінші жасөспірім 15-19 жас аралығында өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайды. Қазақстан суицидтер санынан алғашқы орында. Әлемде орташа алынған мәліметтер бойынша 9-шы орында. Жылына жержүзінде миллионға жуық адам өз- өзіне қол жұмсаса, оның сегіз мыңы - қазақстандықтар және олардың көпшілігі еңбекке қабілетті жаста. Осындай мәселенің алдын алу үшін Қорқыт ата тағылымын сынып сағаттарына, өзін-өзі тану пәндеріне енгізілсе деген мақсатпен жобаны ұсынып отырмын.

Зерттеудің нысаны. Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде Х ғасырдың басында дүниеге келген Қорқыт Ата тағылымының зерттелген еңбектерді пайдалану арқылы жұмыстың нысаны анықталды.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Оғыз мемлекетінің тарихы мен оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылатын Қорқыт еңбектерін зерттеп жүрген қазақ ғалымдар мен әдебиетшілерінің еңбектерін пайдалана отырып осы жұмысты қамтыдым.

Негізгі бөлім

1. Қорқыт ата тағылымдарының мәніне философиялық сипаттама

1. 1 Қорқыт ата кітабының халықтық ұғымы

Тарих пен әдебиет бір-біріне тығыз байланыста деп тұжырымдасақ, онда біздің арғы дүниеміз тарих болып қалса, сондай ерекше зерттеуге тура келген, арғы ата-бабамыздың тарихы - оғыздар тайпасы. Оғыз мемлекеті.

Оғыз мемлекеті - орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түркі тектес халықтар. ІХ- Х ғасырларда Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашқари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т. б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар - бузук және үшүк (учук) . ХІІІ ғасырдың ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. ІХ ғасырдың бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. ІХ ғасырдың соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. Оғыздар туралы алғашқы деректер ІХ- Х ғасырлардың басында араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің ( ІХ ғасыр) еңбегінде де айтылады. Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы Х ғасырда оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы - түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші - Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге - «иналамиға» - беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады. Осындай тарихы терең жатқан қарабайыр тайпаның өзіндік мәдениеті мен әдебиеті болған. Олардың әдебиеті түрлі тастарға қашалып, жыр, дастан болып қалып отырған. Өзінің іргетасын қалаған соң оғыздардың жауы да, досы да көбейді. Жер мен ұлыс үшін талас кезінде ерлік көрсеткен батырларын оғыздар жырға қосып, оларды таста қалған жазуларда бейнелеп отырған. Олар жайында Орхон ескеркіштері де сөйлеп бере алады.

. . . Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан,

Қазылған көрді көріп, қатты сасқан.

Тағдырдың тақымына тәнті болмай

Ажалмен арпаласып жан таласқан.

(Әлқуат Қайнарбаев «Қорқыт»)

Тарихшылардың айтушы бойынша дана Қорқыт Мұхаммед пайғамбардың замандасы екен. Сыр бойында туған. Қорқыттың бейті бүгінде Қызылорда облысының Қармақшы станциясынан 18 шақырым жерде тұр.

Анасы -қыпшақ қызы. Оғыз-қыпшақтар -қазақтардың арғы аталары болып саналады. Рашид әд-Дин «Жамиғ Ат-Тауарих» атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының «Түрік шежіресінде» оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Әбілғазы ханның айтуынша «Қорқыт оғыз-қыпшақтардың арғы атасы, оғыз ұлысынан шыққан сәуегей, ақылшы, кеңесші. Ол оғыз заманында үлгі айтып, билік құрған, дана әрі данышпан кісі болған». В. В. Бартольд пен В. М. Жирмунский: «Қорқытты қадірлеудің Сырдария жағасында мың жылдық өнегесі бар»- деген. [2. 113] Ә. Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата ХІ ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә. Марғұланның еңбектерінде ол ҮІІ - ҮІІІ ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады.

Қорқыт Ата кітабы - (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) - қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (Германия, 12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. ХІХ ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В. В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма «Деде Горгуд» (Баку, 1950), «Книга моего деда Коркута» (М. -Л, 1962) деген атпен жарық көрді. Ә. Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі «Қорқыт Ата кітабында» қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы жайында мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан-оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі - Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. «Қорқыт Ата кітабы» оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис - Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері - Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады. [2, 212] «Қорқыт Ата кітабы» Қазақстанда М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев, Х. Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов, М. Жолдасбеков, Ш. Ыбыраев[7, 128], Б. Ысқақов[6, 65], Т. Қоңыратбайдың еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді, «Қорқыт ата» энциклопедия жинағы 1999 жылы жарыққа шықты. Шет елдерде-үстіміздегі ғасырдың бас кезінде-ақ зерттеліп, аудырылған. Тілі жағынан қазіргі қазақ, түрікпен, азірбайжан тілдерімен, ал эпикалық сарындары түркі эпостарымен ұқсас жыр. «Қорқыт жырларының арғы тегі-Сыр бойындағы Жанкент маңында туылған болса, онда оғыз-қыпшақ ұлысының тууы, пешенекпен, түрікпен арасындағы соғыстар (922-956), одан соң Жанкент ханы шах Мәліктің Сырдан кетуі суреттелсе керек».

Ежелден Сыр бойын мекендеген оғыз тайпалары қазақ халқын құрауға зор үлес қосқан (кете, кердері, адай рулары) . «Қорқыт ата» кітабында әңгіме болған оғыз тайпаларының оқиғасы қазақ тарихына тікелей байланысты. «Қорқыт ата» -ҮІІІ ғасырларда, одан да бұрын туған аңыздардың уақыт бедерінен біраз өзгеріп хатқа түскен түрі. Кітапта төмендегідей жырлары бар. Жырлары он екі тарау жыр:

1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр

2. Қазан Салор ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр

3. Байыс-Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр

4. Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр

5. Дели Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр

6. Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр

7. Қазылық Қожаұлы Икенекбек туралы жыр

8. Бисаттың жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр

9. Бегилұлы Емре туралы жыр

10. Үйсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр

11. Салор Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр

12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса-Бейректі өлтіргеннің баяны туралы жыр тағы басқа да тақырыптағы аңыз бен әңгімелер шоғыры бар. Олардың мазмұны мен сюжеттік ерекшелігі әдебиет пен тарихтың барлық сұрақтарына жауап бере алады.

1. 2. Қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесінің танымдық рөлі

Начало формы

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Қаратауды қараңғылық басып, сұрапыл дауыл соққан, содан Қарааспан тауы деп аталған.

Ел аузында:

Қорқыт туар кезінде,

Қараспанды су алған,

Қара жерді құм алған,

Ол турада ел қорқып,

Туған соң әбден қуанған[12, 112] - деген сөз бар.

Қорқыт осылай елді қорқыта туғандықтан, баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимологиясын Ә. Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С. Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е. Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В. Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап - қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш - «Қорқыт Ата кітабы» («Китаби дәдәм Корқуд») . Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. «Қорқыт» сөзінің тарихилингвистикалық мағынасы «хұр» және «құт» сөзінен шыққан дейді. Құт-құт-береке, құтты болсын дегендегі «құт» түбірі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын еске салады. «Құт»- түркілерге тән сөз. Сонымен «құт әкелуші кісі» деген мағынаны білдіреді. Қорқыт исламға дейінгі дәуірдегі ежелгі түркілердің ойшылы, бақсы, жырауы (озаны), түркі мәдениетінің құтты адамы.

Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата- ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден - күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден - әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қазақ болып қалыптасқанға дейінгі тарихта Қорқыт -ата есімімен аты қалған, түркі халықтарының бәріне ортақ кейіпкеріміз ҮІІІ ғасырда қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында өмірге келіп, ғұмыр кешкен. Туылған, өлген жылы белгісіз. Кей деректерде 95, енді бірелерінде 195 жыл жасаған. Қорқыттың зираты бүгінгі күнге дейін сақталған.

Халық арасында, ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қорқыт асқан күйші, композитор болған. Халық арасында «Қорқыттың күйі», «Қорқыттың сарыны» деген өмірдің сырын шертетін күйлер сақталып қалған. Қазақ музыкасының тарихында Қорқыт қобыз өнерінің атасы саналады. Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала секілді көптеген өнер иелері Қорқытты өздеріне ұстаз тұтқан. Қорқыттың күй сазы тек қазақ халқында емес, туысқан халықтардың көпшілігінде кездеседі. Сондықтан да ғасырлар түкпірінен философиялық сыр шертетін Қорқыттың музыкалық мұрасы-түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына.

Мәңгілікке тән өмір сүрген Қорқыт түркі жұртының үш ханының тұсында уәзірлік қызмет атқарған. Кезінде қазіргі ұлан-ғайыр қазақ даласының көп жерлеріне хандық құрған Инал, Көл-еркін, Қаңлықожа хандар Қорқыттың тікелей ықпалында болған. Елдің тұтастығын, ішкі бірлігін сақтау мақсатымен Қорқыт биліктің барынша әділ болуын, халықтық мүдделерге сай келуін қамтамасыз ететін әлеуметтік жораның (заңның) негізін қалап, оның жүзеге асуына ат салысты. Ата-баба мекенін сыртқы жаудан қасық қаны қалғанша қорғау, жер-су дауларын белгілеген тәртіп бойынша, адамдар арасындағы түрлі дау-жанжалдарды ақылға сала отырып, барынша әділ шешу, кінәлі болған адамдарды міндетті түрде жазалу сияқты мәселелерге барынша көңіл бөліп, күнделікті тұрмыс-тіршілікте халықтық дәстүрлерді ұстану, соған сай өмір сүруді басшылыққа алған.

Жалпы алғанда, Қорқыт-түркі әлемінен шыққан ұлы ойшылдардың бірі. Қорқыттың артында қалған рухани мұрасы, сонымен бірге оның атына қатысты түрлі аңыз-әңгімелер тек түркі халықтарының ғана емес, күллі адамзат баласының болашағына қызмет ететін рухани асыл қазына. Жырларда «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз болған . . . оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын Қорқыттың ризалығын алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған» деген сөздер айтылады.

2. Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану

2. 1 Қорқыт ата тағылымдарының мәдени - тарихи маңызы

Бала кезден білетініміз, Қорқыт ата - өмірде болған адам. Дей тұрғанмен, жырдағы Қорқыт - аңыз-әңгімеге толы мифтік бейне. «Қорқыт ата былай деген екен . . . » деп басталатын нақыл сөздер көбіне-көп халық арасындағы мақал-мәтел мен қанатты сөздерге тым ұқсас келеді. Осының өзі-ақ дана бабаның атынан қарапайым халықтың өз арман-мұңдарын, ой-тілектерін қағазға түсіріп отырғанын аңғартады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін «Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата кітабы» атты жинақтағы «Қорқыттың нақыл сөздері» деген кіріспесіне назар бұрсақ:

«Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды»,
«Тәңірі бәндесінің пешенесіне не жазса, сол болады»,
Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді»,
«Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байыйды. Бір- ақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді»,
немесе

«Менмен, тәкаппар адамды Тәңірі сүймейді»,


Ұқсас жұмыстар
Мақал-мәтелдерді жаңа технологиялар арқылы пайдалану
Жасөспірімдердің мінез-құлқында болатын өзгерістерге отбасының ықпалы
Отбасы – шағын қоғам жайлы
Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне қатысты кеңестер
Қазақ музыка өнерінің бастауы
Ата-ана махаббаты жайлы ақпарат
Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері
Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым жайлы ақпарат
"қорқыт ата кітабының" тарихылығы
ҮІІ Оқушыларды бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz