Тапқырлар сайысы: бастауыш сыныптарда математикалық ойлау мен есептеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары

http://content.foto.my.mail.ru/mail/esbatyrova78/154/h-212.jpg Алматы облысы, Ақсу ауданы,

Матай стансасы, Матай орта мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Тапқырлар сайысы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру. Алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдам шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілігі: сюжетті дидақтикалық материалдар

Сабақтың жоспары:

1. Топтың сәлемдесуі.

2. Цифраграмма шешу.

3. Күлдіргі жұмбақ есеп шешу.

4. «Көңілді балық аулау»ойыны.

5. «Адымда ойлан»

6. Топ жетекшілерінің сайысы.

7. Топ мүшелерінің сайысы.

8. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

1. Топтардың сәлемдесуі.

1-топ «Алғырлар»

Шақырамыз, келіңдер жарысуға.

Күш өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Ал, кәне, кім шығады сайысуға.

«Алғырлар»атты тобымен

Күш сынасып көруге білімменен.

Ұрандары: Ұдайы еңбек ету.

Ғылымға ұмтылу.

Жанбай жатып сөнбеу.

2-топ «Қырандар»

Алға самғап ұшатын,

Қырандарға ұқсайтын

Біз білімді ұланбыз,

Жас математик қыранбыз.

Ұрандары: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

2. Цифрограмма шешу.


3. Күлдіргі жұмбақ шешу.

Қаланың шетінен орталыққа қарай келе жатқан троллейбуста кондуктор мен шоферден басқа 23 адам болды. Көпір жанында одан 7 адам шығып, 4 адам кірді, кинотеатр жанынан 5 адам шығып, 3 адам кірді, келесіде 9 рет тоқтағанда 17 адам шығып, 19 адам кірді, вокзал жанында барлық адам түгел шықты және 1 адам билетсіз мінгені анықталды? Троллейбус неше рет тоқталды?

4. «Көңілді балық аулау» ойыны.

1. Раушанның екі алмасы бар еді. Оның екі құрбысы келді. Ол оларға екі алмасын берді, ал олар Раушанға жарты алмадан берді. Құрбылардың қайсысына көп алма тиді?

2. Асан мен Үсен шахмат ойнады. Асан 2 рет ұтты, ал Үсен 2 рет ұтылды. Олар 1 рет тең ойнады. Барлығы неше рет шахмат ойналды?

3. Әйгерім әрбір әріпті алфавиттегі алатын нөмірмен ауыстырып сөздіктегі сөзді цифрлар арқылы жазды. Сонда 124251181 саны шықты. Әйгерім қандай сөз жазды?

4. Үйдің 11 қабаты бар. Үйдің қай қабаты ортаншы?

5. Ұзындықтары бірдей 5 кесіндіден 2 үшбұрыш құрастырыңдар.

6. Кесіндінің 6 нүктесі белгіленген. Қанша кесінді шықты?

7. Азат 6 жаста, ал інісі 5 жаста. 5 жылдан кейін Азат інісінен неше жас үлкен болады?

8. Тізбектес үш жұп санның қосындысы 18-ге тең. Бұл қандай сан?

9. Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әрбір қайыңда 4-4 тен алма бар. Барлық алма саны қанша?

10. Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар?

11. 8 жұмыртқа 4 минутта піседі. 16 жұмыртқа неше минутта піседі?

12. Ағаш үстінде 100 торғай. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?

5. «Адымда-ойлан».

Қатысушылар жүргізушімен тұрады. Барлығы бірінші адым жасайды және сол кезде жүргізүші қандай да бір сан айтады. Мысалы 7. Келесі әр адымда балалар 7-ге еселік сандарды атайды. (7, 14, 21, 28, 35 т. с. с) Әр адым сан. Жүргізуші олармен бірге, адымды азайтпай жүре береді. Кімде кім қателессе, сол орнында қалады, келесі оқушы қозғалысты аяқтағанша адымдайды.

6. Топ жетекшілерінің сайысы.

8. Қорытынды. /Әділқазылар алқасына сөз беру, жеңімпаздарды анықтау, марапаттау/


Ұқсас жұмыстар
Алғырлар мен тапқырлар сайысы: бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға арналған топтық сабақ-жоспары
Көңілді тапқырлар сайысы: ауыз әдебиет пен жұмбақтар арқылы оқушылардың логикалық ойлау мен есеп дағдыларын дамытуға арналған математика сабағы
Бастауыш сыныпқа арналған Тапқырлар сайысының математикалық сабақ жоспары
Жасырын сөзді табу арқылы логикалық ойлау мен арифметикалық есептеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныптарда топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту: мектепті дамыту жоспары
Математикадан қайталау: есептеу мен салыстыру дағдыларын дамытуға арналған жарыс сабақ
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамыту әдістемесі
Тапқырлар математикалық сайысының әдістемелік жоспары
1 сыныпқа арналған Математика әлемі ертегі-ойын сабақ жоспары: логикалық ойлау мен есептеу дағдыларын дамыту
3-сыныпқа арналған математикалық ойлау мен логиканы дамытуға бағытталған ойындық сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz