Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Visual basic-тен тест сұрақтары

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының
информатика пәні мұғалімі Байтүлеков Ерлан Қонысбайұлы

Visual Basic бағдарламалау тілі бойынша
тест тапсырмалары

* Проектілермен жұмыс істеуде қолданылатын мәзір
А) edit Б) format В) project
* Қандай мәзір арқылы қосымша жасауда қолданылатын файлдармен жұмыс жасауға болады?
А) edit Б) file В) view
* Мәтіндік, сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент
А) pointer Б) frame В) label
* Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір
А) run Б) file В) tools
* Формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент
А) pointer Б) check box В) combo box
* Формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
* Формаға графиктік өріс шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
* Формаға түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент
А)timer Б) OLE В) shape
* Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент
А) line Б) data В) shape
* Формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент
А) data Б) timer В) OLE
* Қосымша жүктелгенде пайда болатын оқиға
А)dbl click Б) load В) click
* Объект фокусқа кіргенде пайда болатын оқиға
А)lost focus Б) got focus В) click
* Батырма басылмаған жағдайда button шамасының мәні неге тең болады?
А) 0 Б) 1 В) 2
* Тышқан құрылғысының екі жақ батырмасы қатар басылғандағы button шамасының мәні
А) 3 Б) 1 В) 2
* Тышқан құрылғысының сол жақ батырмасы басылғандағы button шамасының мәні
А) 3 Б) 1 В) 2
* Қасиеттер терезесін шығаруға арналған перне
А)F3 Б) F4 В) F5
* Форма тақырыбын жазу
А) font Б) name В) caption
* Формаға белгіше таңдау
А) icon Б) fore color В) back color
* Форма ұзындығын орнату
А) height Б) left В) width
* Форманы жасыру немесе көрінетін ету
А)visible Б) window state В) state up position
* Код терезесін ашуға арналған перне
А)F5 Б) F6 В) F7
* Код терезесінде жазылған функциялар мен операторлар параметрлерінің синтаксисін көрсетуге арналған функция
А)auto quick info Б)auto list members В) tools-option
* Экранға форманы шығару үшін қолданылатын пернелер комбинациясы
А)shift+F5 Б) shift+F6 В) shift+F7
* Value қасиетінің мәні 1+checked болса...
А)объектінің жалауша орнатылмаған күйі
Б) объектінің жалауша орнатылған күйі
В) объектінің белгісіз күйі, орнатылған жалауша көмескі болып көрінеді
* Value қасиетінің мәні 0+Unchecked болса...
А)объектінің жалауша орнатылмаған күйі
Б) объектінің жалауша орнатылған күйі
В) объектінің белгісіз күйі, орнатылған жалауша көмескі болып көрінеді

Қандыағаш, 2014-2015 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Қасиеттер терезесі
Форма макеті терезесі
Қасиеттер терезесінде
Сабақтың міндеттері
Практикалық жұмыстарды орындау
Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе
Visual Basic программалау тіліндегі графика
Visual Basic ортасында бағдарлама құру
Математикалық және жараталыстынау. 10 сынып
Visual basic ортасында программа құру поцесінде шартты операторды пайдалану
Пәндер