Ауыз қуысында астың алғашқы қорытылуы: шайнау, тістер және сілекей бездерінің рөлі

Тақырыбы: АУЫЗ ҚУЫСЫНДА АСТЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ.

Мақсаттары:

- ауыз қуысындағы астың қорытылуын, ас қорыту жүйесіндегі азықтық заттардың өзгеріске ұшырау маңызын түсіндіру;

- талдау, ойлау, салыстыру, қорытындылау, мүшелердің құрылысы мен қызметінің байланысты екенін түйіндей білу қабілеттерін дамыту;

- cанитарлық-гигиеналық дағдыға, саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі: суреттер, тест, тірек-сызбалар, «Көмірсулар, нәруыздар, майлар» атты сызба.

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сыныптағы оқушыларды түгендеу. Сабаққа назар аударту мақсатымен тараудың атауын, сабақтың мақсаттарын айтып өту, тамақтанудың маңызын еске түсіру.

- Сабақтың эпиграфымен таныстыру: «КІМ КӨП ШАЙНАЙДЫ, СОЛ ҰЗАҚ ЖАСАЙДЫ»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Сұрақ- жауап тәсілін қолдану.

1. Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден құрылған?

2. Ас қорытуға қандай бездер қатысады?

3. Қоректік заттар деген не? Атапөтіңдер.

4. Адам ағзасына тәулікте қанша су қажет?

5. Адам организмінде өзгеріссіз сіңірілетін зат?

6. Нәруыздың тәуліктік мөлшері қандай?

7. Көмірсулардың тәуліктік мөлшері қандай?

8. Жұтқыншақ ұзындығы қандай?

9. Асқазан сыйымдылығы қандай?

10. Ащы ішек ұзындығы қандай?

Ә) Тест шешу.

1. қоректік заттар құрамында қандай органикалықзаттар бар:

а\нәруыздар, көмірсулар б\майлар, витаминдер в\су, минералды тұздар

2. Адам денесінде судың мөлшері:

а\20-25% ә\40-45% б\60-65%

3. Адам организмінде өзгеріссіз сіңірілетін заттар:

а\нәруыздар, көмірсулар ә\су б\минералды тұздар

4. Нәруыздың тәуліктік мөлшері:

а\80-90 гр. ә\100 гр. б\400-500 гр.

5. Адамның ас қорыту жолдарының ұзындығы:

а\3-5 м. ә\8-10 м. б\15-18 м.

6. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан:

а\жұмсақ таңдайда ә\ұрттың сілемейлі қабығында б\тілде

7\Ас қорыту және тыныс алу жолдары қай жерде қиылысады:

а\ауыз қуысында ә\ жұтқыншақта б\ өңеште

8\Ас қорыту жолдарында асқазаннан кейін не орналасады:

а\аш ішек ә\тоқ ішек б\ұлтабар

9. Тоқ ішектің бөлімдерін атаңдар:

а\ас ішек, жиек ішек, тік ішек ә\соқыр ішек, тік ішек, ұлтабар б\соқыр ішек

10. Ас ішек бөлімдерін атаңдар:

а\ұлтабар, аш ішек, мықын ішек ә\соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек

б\ұлтабар, тік ішек

Б) Берілген суреттегі ас қорыту мүшелерін атап жазыңдар.

Z:\01.png

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. ШАЙНАУДЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУ -тағамды механикалық өндеу:ұнтақтау, майдалау. сілекеймен дымқылдату, ас түйіртпегін қалыптастыру. Бұл рефлексті әрекет. Адамның шайнау аппараты жануарларғақарағанда нашар дамыған, себебі адам аспаздық өндіруден өткен тағамды қабылдайды.

2. ТІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖӘНЕ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУ.

а\Тістер көмегімен адам тағамды майдалайды. Адамда 32 тіс болады. Пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс. Азу тіс, ит тіс деп аталады. Екі жақ сүйектерінде орналасқан тістердің формуласын қарастырайық.

3 үлкен азу тіс, 2кіші азу тіс, 1ит тіс, 2күрек тіс
2күрек тіс, 1 ит тіс, 2кішіазу тіс, 3 үлкен азу тіс
3 үлкен азу тіс, 2кіші азу тіс, 1ит тіс, 2күрек тіс: 3 үлкен азу тіс, 2кіші азу тіс, 1ит тіс, 2күрек тіс
2күрек тіс, 1 ит тіс, 2кішіазу тіс, 3 үлкен азу тіс: 2күрек тіс, 1 ит тіс, 2кішіазу тіс, 3 үлкен азу тіс

ә\ Тістің құрылысын түсіндіру. 110-шы суретті қарастыру.

б\Сүт тістер туралы айтып өту.

в\Жақсы шайнаудың маңызын түсіндіру.

3. СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІ сілекей түзеді. Сілекей өзектер арқылы ауыз қуысына ағады. Адамда 3 жұп сілекей бездері бар: 2 шықшыт, 2 жақ асты, 2 тіл асты.

а\ 111-ші суретті қарастыру.

ә\ 112-ші суретті қарастыру. Сілекей бездерінің іс-әрекетін зерттеу әдістері.

4. ТІЛ -сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері көп, қозғалмалы бұлшық етті мүше. Шайнау үдерісінде асты қозғалтады, сөйлеу және дәм сезу мүшесі болып табылады. Тіл мен ерін тағам сапасын анықтауға және оны жұтқыншаққа жылжытуға көмектеседі.

IV. Бекіту сәті.

Кластер толықтыру: «Ауыз қуысында ас . . . »

V. Қорытындылау.

а\ «Ойланып, жауап беріңдер» тапсырмасымен жұмыс (169-шы бет) .

ә\ «Сәйкестігін көрсетіңдер» кестесімен жұмыс.

VI. Үй тапсырмасы:

& 46, ас туралы мақал-мәтелдер жазып келу.


Ұқсас жұмыстар
Ауыз қуысында астың қорытылуы: тіс құрылысы, сілекей ферменттері және тіс күтімі
Ауыз қуысында ас қорытылуы: тіс құрылысы, тіл қызметі және сілекей ферменттерінің рөлі
8 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Астың ауыз қуысында қорытылуы, сілекей ферменттері және спирт пен никотиннің әсері
8-сынып биологиясы: Астың ауыз қуысында қорытылуы - №13 зертханалық жұмыс: қайнатылған крахмалға сілекейдің әсері
Ауыз қуысында ас қорытылуы: ферменттер, тіс құрылысы және тіс күтімі
Ауыз қуысында астың қорытылуы тақырыбындағы сабақтың оқу-әдістемелік жоспары және Кең дала - Қазақстанның алтын бесігі патриоттық сынып сағатының сипаттамасы
Асқазанда астың қорытылуы: сабақ жоспары мен әдістемелік материалдар
Ауыз қуысындағы ас қорыту: тістің құрылысы, қызметі мен күтімі; крахмалға сілекей әсері (зертханалық жұмыс №13)
Дүниетану (3-сынып): Ас қорыту жүйесі және астың қорытылуы мен сіңуі - қысқа мерзімді жоспар
Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуы мен алдын алудағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz