Мүсіндеудің әдіс - тәсілдері

Балабақшада мүсіндеудің әдіс-тәсілін үйрету

Мүсіндеу балалардың сезінуін, қабылдауын және көрнекі түсінігін дамыту үшін қажет. Нақты дүние заттарын тануда көру басты деп саналады, бірақ балаларда бейне қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде көрудің тірегі затты түйсіну болып табылады. И. М. Сеченов: «Заттардың денелік пішінін көзге қарағанда қол басқаша айқындайды және де біз қолдың алақанын әрдайым көзден біршама таса заттардың бүйір беттеріне, сондай-ақ көз мүлдем көре алмайтын артқы жақтарына тигізе алудың арқасында, оны толығырақ айқындайды». Мектеп жасына дейінгі балаларға затты білу ұшін оның кейбір жалпы белгілері ғана жеткілікті Мүсіндеу алдында затты белсенді зерттеу - балалардың сезімдік тәжірибесін ұйымдастырудың педогогикалық әдісі. Бұл кезеңді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады.

1 кезең- бұл затты қабылдауды ұйымдастыру. Ол-жоғары нүктеден бастап төмен қарай, негізгі сипаты сызықтар бойынша саусақтар мен көздің бір қалыпты және үздіксіз қозғалысы. Зат әрдайым белгілі бір күйде тұрады(сол қолымен затты ұстап тұрады, оң қолымен оны зерттейді, зат столда қозғалыссыз тұра алады) .

2 кезең- Затты қолмен және көзқараспен зерттеу оның негізгі бөліктерін саралаумен және олардың қасиеттерін айқындаумен қоса жүреді, саусақтардың қозғалысы тереңдік қатынасын өлшегендей болады және бөліктердің кеңістіктегі өзара қатынасын анықтайды.

3 кезең- заттың ең ұсақ бөліктерін көрсету және оларды формасынының, көлемінің, негізгі бөліктерге қарағанда кеңістіктегі орнын анықтау.

4 кезең- затты қайтадан тұтас қабылдау. Қолдың жалпы ақтық қозғалысы мен жоғарыдан төмен қарай көзбен шолып шығу сезімдік жолмен алынған деректерді тұтас бейнеге біріктіруге мүмкіндік береді. Зерттеу заттың беткі жағы құрлымын саралауға да бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда қолдың барлық саусақтары жұмыс істеуі тиіс. Ма териалдық құрылымын анықтау үшін заттың бетіне қолды батыруға тура келеді. Мүсіндеу кезінде заттарды зерттеуге өзіндік ерекшелігі бар, өиткені мүсіндеуде заттың формасы көлем күйінде беріледі. Мүсіндеу алдында затты зерттеудің жоғарыда ұсынылған жүйесі сабақ, ойын немесе арнаулы жаттығулардың барысында жүзеге асады. Бұл жағдайда затты зерттеуге, яғни затты жедел қабылдау мен бақылауды үйретуде екі жастан бастаған жөн. Затты қабылдауда, сондай-ақ затты ажырата білуге мүмкіндік беретін оның кейбір қасиеттерін тануға балаларды 2-3 жастан үйрету қажет. Мұндай жаттығулар өткізе отырып, тәрбиеші зат сапасын анықтайтын бейнелі сөздерді іріктейді. Мәселен ол балаларға алманы қолына ұстауды, оны қолмен сипауды, оның салмағын, тығыздығын (алма ауыр, үкен, домалақ) сезінуді ұсынады, заттпен таныстықтан кейін баланың өзі осындай домалақ алма (немесе осындай жұмыр допты және т. б. ) жасау керек. Затты бейнелеуден бұрын оны зерттей отырып, біз бала назарын осы затқа аударамыз, оның нақты қасиеттерімен таныстырамыз, яғни баланың сенсорлық тәжірбиесін қалыптастырамыз. Тәрбиеші төрт және бес жасқа аяқ басқанда балаларды тұтасс заттарды, ал содан кейін заттың жеке ерекшеліктерін бейнелеуге мүмкіндік беретін қасиеттерін қабылдауға үйретеді. Мүсіндеген кезде балалар әдетте негізінде геометриялық пішіндермен бар заттармен жұмыс істейді. Мүсіндеуді «Ойлан, тап, мынау не?», «Дүкен», « Осындай затты тап», «жасырылған затты тап», «Ғажайып дорба» деген дидактикалық ойындармен бастаған жөн. Тірі обьектілерді жүйелі бақылаған жөн. Мысалы: Тасбақамен таныстырғанда ең алдымен балалардың назарын тасбақаның сыртқы пішініне аударған мақұл, содан кейін тасбақаны топта қалдыру керек.

Екінші сабақта балалар тасбақаны тұла бойын тұрпатын, дене бөлшектері жайлы егжей-тегжейлі әңгімелейді, қол аяғын жиғанын-созғанын жіті бақылайды. Содан кейін балалар тасбақаны жасауға кіріседі. Төменгі, ортанғы топтарда балалар мүсіндеудің мынандай қарапайым операциясы болып табылатын негізгі қозғалыстарын игеруі тиіс: жаю, домалақтау, жалпайту, тарту, созу, бүктеу, қосу, шымшу. Кейде заттың түрлі формасын, мәселен, дөңгелек формаларды (жұмыртқа, қияр, картоп) мүсіндеу кезінде мүсіндеудің бірнеше формасын бірден қолдануға тура келеді. Бұл жерде мынадай тәсілдерді: шиыршақтап орауды, содан кейін аздап жайып жіберуді неғурлым дәл форма шығару үшін саусақтармен жөндеп қоюды қолдану керек.

Бірінші кіші топта қолына иленген саз балшығын ала отырып, олар барлық саусақтарымен сықпалай бастайды, оны үзіп - үзіп, тақта үстіне жайғастырады және оны қайтадан оны тұтас етіп жинайды, саусақтарымен шұқыр жасайды. Шын мәнінде балалар сазбен ойнап отыр. 2-3 жасар балаларды оқытудың әдістері сенсорлық зерттеу жолымен заттардың формасын меңгеруге, сабақ үстінде эмоциялы көңіл-күй орнықтыруға бағытталады, мұның өзі мүсіндеу кезінде балалар бойында образ жасау нышандарының байқала бастауына байланысты болады.

Бірінші кіші топтағы пішіндеу сабақтардың өзінде-ақ тапқырлықты дамыту жөніндегі міндеттерді қоюға болады. Мәселен, балалар бірнеше форманы бейнелеуді, меңгергеннен кейін, оларға тәрбиеші күні бұрын жасалған шардан, дискіден, цилиндер-таяқшадан кез келген заттың пішінін жасауды ұсынады. Мұндай тапсырма балалар заттарды бейнеленген кезде бөліктерді өздігінен қиыстыру үйретілуі тиіс. Сабақтардың алғашқы нәтижесі әрдайым ойдағыдай бола бермейді, бірақ білімді жинақтай келе бала қарапайым заттарды бейнелей отырып, дербестік көре бастайды.

Екінші кіші топтағы мүсіндеудің сипаты үш жасар балалардың жасағанымен салыстырғанда әлде қайда мәнді. Бірақ мүсіндеудің бастамасында түпкі ой болмайды. Бала өз бұйымдарын тақта үстіне бір-бірден орналастырады немесе бірінің үстіне бірін үйіп, жинай бастайды : егер тәрбиеші дер кезінде келмесе, бала өз бұйымдарын жалпы саз кесегіне айналдырып, бәрін мыжып тастай салады. Бұл топтардағы сабақтардың әрдайымғы басты міндеттерінің бірі балалардың зеректігін, ойлау шапшаңдығын және дербестігін дамыту болып табылады. Мәселен балалар бағандарды мүсіндейтін болса, тәрбиеші оларға, бұлардан не жасауға болатынын анықтауды ұсынады. Үлкендердің көмегімен бағандардан, көпір, үй, самолет және тағы сол сияқты заттарды жасайды. Тәрбиешімен баланың бірлескен жұмысы бүкіл сабақ бойы жалғаса береді. Тапсырылған тақырыпты әрқайсының жүзеге асыруына көмектесе отырып, ол балаларға сұрақ береді, ой салады. Мүсіндеу барысында кіші топтағы балалардың біршама дербестік, белсенділік көрсетуі үшін оларды жұмыс нәтижесімен ынталандырып қойған жөн. Мәселен, балалар жасаған балапанды жасыл қағаз парағы үстіне қоюға болады, құламайтын қуыршақ жасаған кезде қолдарына жалауша ұстатып қою керек. Сәбіз жасаған кезде қоянды әкеліп қою керек. Бұл қосымша заттарды тәрбиеші алдын ала дайындап қояды.

Естияр топтарында балалар жасаған оброздардың екінші кіші топтағы балалар жасағандардан айырмашылығы шамалы болады. Мусіндеп жасалған екі, үш кескінін немесе түрлі ыңғайда басқа заттарды көрсете алады. Заттың қимылына немесе қалпына байланысты бөлшектер орналасуының өзгеретінін балалардың көруі қажет. Образды жасау балаларға оның мазмұнының қалай түсіндірілгеніне байланысты болады. Мәселен, қоянның кескінін жасаған кезде балаларға олардың біреуі түлкі жортып келе жатқан жоқ па екен деп елеңдеген қоянды, ал басқалары қорыққан қоянды (бірінші қоян құлағын делдитіп, тыңдап тұр, ал екіншісі құлағын арқасына басып, тыныш отыр) жасайтындығын айтуға болады. Мүсіндеу әдісін көрсетпеуге де болады, бірақ сабақтың бастамасында фарфордан немесе ағаштан жасалған қоян тұлғаларын, ал егер олар жоқ болса -түрлі қалпында бейнелеп, тәрбиеші жасалған қоянның екі тұлғасын міндетті тіүрде көрсету керек. Мүсіндеудің мұндай методикасы ортаңғы топтағы балалардың сабақты түсіндіру үстіне белсенді болуына тәрбиешіні тыңдауға, оның сұрақтарына жауап беруге, мүсіндеу үшін тақырыпты өз бетінше таңдай білуге үйретеді. Сонымен, бұл тапсырмаларда оқып үйрену сәті де, творчесволық сипат сәті де бар. Олар балаларды қай затты бейнелейтінін және қалай бейнелейтінін ойластыруға және оны шешуге мәжбүр етеді. Мүсіндеудегі образдылыққа жете отырып, тәрбиеші балаларға тұлғаның беткі жағын өңдеудің әдістерін көрсетеді. Мәселен балықтың пішінін көрсететін болса, тәрбиеші таңба таяқшамен белгілей отырып, қабыршықты қалай бейнелеуге болатынын көрсетеді. Өңделген фигура тартымды, сәнді болып шығады. Одан әрі балалар бұл әдісті өз бетімен пайдалана алады және ол жөнінде тәрбиеші тек еске салып отырса болғаны. Ыдыстарды бейнелегенде, ортаңғы топтағы балаларға заттың беті саусақтармен қалай тегістелетінін көрсетуге болады. Бірте-бірте олар жасалған заттың беті кейде тегістеуді қажет етедігінде, ал кейде мәселен, жануарларды бейнелегенде, ол кедір-бұдырлы болатынын түсінеді. Мүсіндеу іскерлігінің шындала түсуі жыл ортасына қарай түпкі ой бойынша өткізілетін сабақтарда балалар дербестігінің көрінуі үшін зор мүмкіндіктері ашады, бұл кезде сабақ сипаты біршама өзгереді. Образдарды көз алдына елестету және жабыстыру тәсілдеріне үйрету жөнінде балалармен жүиелі жұмыс жүргізілсе, онда балалар бейнелеу әдістерін еркін пайдалана бастайды, тіпті шағын компазициялар да жасайды. Балықты жасап, бала оның төңірегіне бірнеше ұзын таяқшалар қояды. Ол, «мынау теңіз, толқып жатыр, ал балық жүзіп келеді»-деп түсіндіреді. Екінші бала сол сабақта құсты жабыстырып шығарды, ал оның жанына дән салынған ыдысты қояды. Айқынырақ болуы үшін ол бірнеше дәнді ыдыстың айналасына тастайды. Мұнысын құс шоқығанда, балалар шашылып қалды деп түсіндірді. Бұл мысалдар ортаңғы топтағы балалардың образды терең шешуде инициатива көрсетуге қабілетті екенін білдіреді, бірақ әдетте олар қозғалысты өздігінен сирек бейнелейді: олар пішіндеген тұлғалар көбіне қозғалыссыз қалпында болады .


Ұқсас жұмыстар
Балаларға өздері көрген пішінін сезіне отырып саз балшықтан, ермексаздан мүсіндеудің әдіс тәсілін меңгерту
Сабақ жоспары. Мүсіндеудің түрлері
ҰОҚ Ермексаз әлемі
Мүсіндеу
Өсімдік тектес өрнекті мүсіндейік
Мүсіндеудің түрлері
Оқушылар анаграмма
Саз балшықтыв
Құстар-біздің досымыз туралы
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz