Дидактикалық ашық оқу іс-әрекеті: ұннан жасалатын тағамдарды мүсіндеу

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекет: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Ұннан жасалатын тағамдар.

Мақсаты.

Білімділік: Балаларға ұннан жасалатын тағамдар жайында қарапайым түсініктер беру, нанның қайдан шығатыны жайындағы ұғымдарын тиянақтау.

Дамытушылық: Ұннан жасалған тағамдарды мүсіндеу, іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Асты қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұннан жасалатын тағамдардың суреттері. ( Муляждар) үлгі. Отбасы мазмұнды суреті. Мүсіндеуге қажетті құралдар.

Әдіс-тәсілдер: сурет бойынша әңгіме құрау, көрнекілік, түсіндіру, жасалу жолдарын көрсету, есу, жалпақтау, домалақтау т. б.

Сөздік жұмыс: Ұлттық тағамдар атаулары және көркем шығармалар мазмұнында кездесетін кейбір сөздер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: сурет көрсетіп әңгімелеу. Көркем шығарма оқу.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты «Отбасы» суретін әңгімелеуден бастап, дастархандағы тағамдармен байланыстырып, - «Нан қайдан шығады?» ертегісін еске түсіріп қайталайды (қанша кейіпкер, тек аттарын атап өту) . Наның көп еңбекпен келетін түсінген боларсыңдар. Біз де бүгін еңбектеніп, ұннан жасалатын тағамдарды мүсіндеп үйренейік. Ол үшін, маған ұннан қандай тағамдар жасалатынын алдымен айтып беріңдерші . Балалар : нан, бауырсақ, шелпек, таба нан, жайма нан деп атап береді. Олардың пішіндер қандай болады? Дөңгелек, сопақша, тік төртбұрышты (кірпіш тәрізді ) . Нанды жерге тастауға болмайды! Нан салатын ыдысты жасау, әдіс-тәсілдерді еске түсіру. Кім қандай нан жасағасы келеді? ( әр бала ойланады, бірнеше баладан сұрайды) . Таба нанды қалай жасауға болады?

-ермексаздан кесек бір бөлікті алып алақан арасына салып домалақтап, оны басып, жаншу арқылы жалпақтау, ортасына бас бармақпен айналдыра басып ішіне қарай батыру, таяқшамен шұқып бедер түсіру;

-бауырсақты домалақтап және жалпақтап алып кесіп, қиықша бауырсақ жасау;

-шелпекті-домалақтап алып бастыру, жалпақтау;

-балаларға әдіс-тәсілдерді еске түсірген соң өздері қалауы бойынша тағамдарды жасауға кірсіуге нұсқау беріледі;

-жұмыс барысында бақылау жасалып, жеке нұсқау беріліп, кейбір балаларға көмектесуге болады.

-еңбек нәтижесіне талдау жасалады.

Дайын болған жұмыстар «нан дүкеніне» қойылып сюжетті ролдік ойынға ұласады. Ә. Табылдиевтің «дақылдар жыры» өлеңі оқып беріледі.

Бидай: Нан анасы-бидаймын

Нанды елге -сыйлаймын

Піскенімде мен қырда

Қауызыма сыймаймын.


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Ұннан жасалатын тағамдар - теория, практикалық жұмыс және қауіпсіздік ережелері
5-6 жастағы балаларға арналған ҚМТҚ оқу іс-әрекеті: дидактикалық ойындар картотекасы
Ашық сабақ: Домбыра - халық даналығы (шығармашылық оқу іс-әрекеті, ән)
9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналған ашық оқу іс-әрекеті сценарийі
Қатынас тақырыбы бойынша ашық оқу іс-әрекеті: Жануарлар мен қала көшелеріндегі қауіпсіздік
Көрікті көктем: музыка мен ойындар арқылы балабақшада өткізілетін ашық оқу іс-әрекеті
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (математика): 6 саны
Жабайы аңдар туралы қос тілді ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (Бауырсақ ертегісі арқылы)
№5 Жеткіншек балабақшасының ашық оқу іс-әрекеті Ертегілер елінде: кеңістік ұғымы мен салыстыру қабілетін дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тазалық - денсаулық кепілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz