Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

«физикалық сайыс» сабағы


<< Тиірмен ұйғыр орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен>>
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
физика пәні мұғалімі Таипов.Р.А.

<<Физикалық сайыс>> сабағы
Бүгінгі таңда физика пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру, физикалық заңдарды терең меңгерту, логикалық ойлауды дамыту, физикаға қызығушылығын арттыру үшін оқушылар арасында өзара тартысты жарыс, білім бәйгесін өткізіп отыру керек. 7-сынып бағдарламасы бойынша өткізілген физикалық сайыс (көкпар) сабағының жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Физикалық сайыс (көкпар).
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дүниеге көз қарасын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу. Сабақ процесінде ақыл-ойын дамыту арқылы адамгерішілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Сабақ барысы: Сайысқа <<Күш>> және <<Қуат>> атты екі команда қатысады. Сайыс 7 турдан тұрады.

I Тур. Таныстыру. Бұл турдың шарты әр команда өздерінің атын және команда
мүшелерін таныстырады.
II Тур. Бәйге. Бұл турдың шарты бойынша әр команда қоржыннан номерленген
асықтарды асықтарды алу арқылы сол номерге сәйкес сұрақтарға жауап
береді. (Қоржында 10 асықтан, олардың біреуінде музыкалық кілт бейнеленген. Музыкалық кілтті алған команда музыкалық номер орындайды.)
* Физика нені зерттейді?
* Молекула дегеніміз не?
* Ауырлық күші деп қандай күшті айтамыз?
* Заттің қанша күйі бар және оларды ата. Олардың қасиеттерін айтыңыз.
* Қысым деп нені айтамыз?
* Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
* Инерция құбылысы деп қандай құбылысты айтамыз? (мысал келтір)
* Үйкеліс күші деп қандай күшті айтамыз?
* Атмосфералық қысым дегеніміз не?
* Қысымды өлшейтін аспаптарды ата.
* Егер ауданды екі есе арттырып, күшті төрт есе кемітсе, қысым қалай өзгереді?
* Дененің салмағы дегеніміз не?
* Гидравликалық пресстің үлкен поршенінің ауданы 500см2, ал оған әсер ететін күш 100Н, ал кіші поршеннен 1000Н күш алу үшін оның ауданы қандай болу керек?
* Архимед күші деп қандай күшті атаймыз?
* Механикалық жұмыс дегеніміз не?
* Дененің жүзу шарттары қандай?
* Паскаль заңын айтыңыз
* Механиканың алтын ережесі
III Тур Мақал-мәтел сайысы. Бұл турдың шарты бойынша әр команда өздері дайындаған мақал-мәтелдерін қарсы командаға айтады, ал қарсы команда осы мақалды физикалық турғыдан түсіндіреді.
* Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.
* Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
* Тас түскен жеріне ауыр.
* Оқу- инемен құдық қазғандай.

IV- тур. Бұл турдың шарты бойынша әр командадан 1 ойыешы шығып, оған физика заңы жазылған билет беріледі. Сол ойыншы қарсы командаға ыммен сол заңды түсіндіреді. Қарсы команда мүшелері сол заңды дұрыс айтып беруі керек (Жюри мүшелері артистік қимылға, оның дұрыс шешіміне баға қояды).
V тур. Физикалық фокус.
* Май шам өшіп қала ма? Суы бар стаканға май шамның бөлігін(5-7 см) саламыз. Май шамның тек білтесі ғана су бетіне шығып тұруы керек. Содан кейін май шамды тұтамыз. Осы құбылысты түсіндір.
* Су төгіле ме? Стаканға су құйып, оның бетін қағазбен жауып, төңкергенде су төгіле ме, әлде төгілмей ме? Төгілмесе нешге екенін түсіндір.
VI тур. Тапқырлық сайысы. (эксперименттік тапсырма). Әсерлесетін екі дененің массаларын салыстыр.
Қуралдар: Лабораториялық штатив, екі шар, өлшегіш сызғыш, иілгіш пластина, таза қағаз.
VII тур. Капитандар сайысы. Бұл турдың шарты бойынша әр команданың капитаны өзінің шешендігін және білімін көрсетеді. Белгілі бір заң бойынша қарама-қайшылық туғызылған сұрақ беріледі.
* <<Маған тірек нүкте беріңіз мен жерді көтеремін>>- деген Архимед сөзінің практика жүзінде мүмкін еместігін дәлелде.
* <<Архимед туралы аңыз>> Архимед ваннаға щомылып жатып <<Эврика>>- деп айғайлаған, оның нені тапқанын, айтып дәлелдеңіз.
Сайысымызды әділқазы алқасының шешімімен аяқтаймыз.
Жарысқа қатысқан оқушыларды өздерінің еңбегіне қарай марапаттаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік америка. жағалауындағы мұхиттар. жер бедері мен пайдалы қазбалары, зерттелу тарихы
Физикалық құбылыстарға сұрақтар
Элементар физиканың негіздері
Сыныптан тыс жұмыс "кім білгір"
Математика, физика және информатика апталығы
Энциклопедия сыныпқа арналған оқулықтар
Жас физик
Паскаль тобына сұрақтар
Жылу құблысына шолу
Жұмбақтар әлемінде жұмбақтар шешу
Пәндер