Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Филологиялық пәндерді оқытуда халықтық педагогиканы пайдалану мәселелері
ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ
ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕР1
Родина жалпы білім беретін профильді орта мектебі, Арқалық қаласы
Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Омарова Ш.М.
Мақсатым –тіл ұстартып, өнер шашпақ.
Абай.
Қазipri таңда педагогикадағы оқу-тәрбие мәселесіне бүгінгі күн талабына
сау міндеттерді атқару жүктелуде. Алайда, бұл міндеттерді стандарттарға сай
жүзеге асыру үшін, өзге тілді ұлт өкілдеріне халықтық педагогиканы
пайдалудың маңызы зор. Мысалы: жаңа сабақ болсын, қайталау сабағы болсын
алатын орны ерекше.
Атап айтатын болсам, тиым сөздер, қанатты сөздер, жаңылтпаш, жұмбақ,
мақал-
мәтелдер тіл дамытуда көп кемегін тигізеді 10-сыныпта өткен «Наурыз»
сабағын алатын
болсам, жаңа сабақ түсіндірілгеннен кейін, сабақты бекіту ушін Наурыз
көжені дайындау
салты мен құдай нанның үлестіру салты көрсетілді. Қазақ халқының ұлттық
тағам, киім,
ойын, өнеріне байланысты жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерден топтар
арасында
жарыстар өткізілді. Мысалы:
Есет атам ет асатар, Торта қойдым, орта қойдым,
Ет асатса,бес асатар. Орта қойдым, жорта қойдым.
Ас-адамның арқауы.
Нан болса ән болады,т.б.
Бүгінгі күнде педагогика ғылымының алдында тұрған күрделі міндетті
халық педагогикасындағы ғасырлар бойында қалыптасқан білім, тәжірибе арқылы
жүзеге асыра алатындығымыз мәлім болып отыр. Педагогикадағы ұлттық тәрбие
ұлттың тіршілігіне, шаруашылық кісібіне, отбасылық, қоғамдық тарихына,
өнеріне, дініне, салт-дәстүрне сай туып, дамып, жалғасып отырады.
Олай болса, ұлттық тәрбие дәстүрлері тамашалауды қажет ететін көне
дәуір ecкepіші ғана емес, ол ел тұрмысында, адамдар қарым-қатынасында,
отбасылық өмірінде белсенді қызмет ететін жанды құбылыс, бүгінгі тәрбиенің
қайнар көзі, негізіне айналуға тиіс екендігін өмір қажеттігі дәлелдеп отыр.
Сонымен қатар, салт-дәстүрлердің ұлттық тәрбие тiperi бола
алатындығының тағы да 6ip ерекшелігі, оның ic-әрекет арқылы тәрбиелеуді
жүзеге асыра алатындығында. Сабаққа қойылатын міндеттер мен әдіс-тәсілдер:
1. Салт-дәстүрлерді түсіндіру - мазмұнын анықтау, топтау,
бағыттау;
2. Оқу үрдісінде халықтық педагогиканы пайдалану жолдары, оны
ұйымдастыру
жұмыстарын, түрлерін қарастыру.
Бұл мәселені шешу үшін салт-дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану
әдістеріне талдау жасау кажет.
а) Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы қол жеткізе алатын
жетістіктерді анықтау, оны дамыту жолдарын қарастыру;
ә) Сан алуан әдістемелік жолдарын қарастыру, ұлттық ерекшеліктерін
пайдалану;
б) Практикалық жаттығулар, яғни салт-дәстүрлерді ic жүзінде пайдалану,
қолдану;
в) Ауыз әдебиетін әдепке айналдыру, яғни мінез-құлық көрінісіне
жеткізу.
Басты назар аударатын мәселе - салт-дәстүрлерді мектеп оқу-тәрбие
процесінде жүзеге асыратын басты тұлга ұстаз – тәлімгер, осы халықтық
педагогиканы біліп қана қоймай, оны ic жүзінде, өмірлік практикада
пайдалана алатындай болуы шарт.
Мақсаты: салт – дәстүрлердің оқу үрдісінде ғасырлар бойы қалыптасқан
мол тәжірибесіне негізделген, адам дүние танымын қалыптастыратын ғылым
екендігін ескере отырып, 6үгінгі күн талабына сай ұлттық тәрбие
беру мүмкіндіктерін пайдалану, нәтижесінде болашақ ұстаздарды ұлттық
салт-дәстүрлерді қастерлеп, елге, жерге, ұлт мәдениетіне деген шынайы
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтарымда мынадай халықтық педагогика
түрлерін пайдаланамын:
1. Жұмбақтар.
2. Мақал-мәтелдер.
3. Жаңылтпаштар.
4. Тыйым сөздер.
5. Қанатты сөздер.
6. Ұлттық ойындар т.б.
[pic]
[pic]
[pic]
|Тұрақты тіркестер |Мағына |Сұрақтар |
|Тілі шығу |Сөйлеу |Не істеу? |
|Ит арқасы қиянда |.........................|.........................|
|.........................|...... |...... |
|...... |Қуану |.........................|
|.........................|.........................|...... |
|...... |...... |Қандай? |
|Таяқ тастам |.........................|.........................|
|.........................|...... |...... |
|...... |Жылдам |.........................|
|Қоян жүрек |.........................|...... |
| |...... |.........................|
| | |...... |
|№ |Мақал мәтелдер |Тақырыптары |
|1 |Денсаулық–зор байлық |.........................|
|2 |............................... |...... |
|3 |Досы көпті жау алмайды, . . . . |Өнер-білім |
|4 |............................... |.........................|
|5 |Ат көрген оқ жонар, . . . . |...... |
|6 |............................... |Еңбек |
|7 |Ерді намыс өлтіреді, . . . |.........................|
| | |...... |
| | |Ынтымақ, бірлік |
| | |.........................|
| | |...... |
Оқушылар ұлттық тәрбиенің теориялық негіздерін зерттеу арқылы
этнопедагогика мәселелерінің теориялық зерттеу iciнe қатысуларына мүмкіндік
туады.
Теорияның практикамен байланыстығын жүзеге асыру мақсатында мектепте
оқушылардың шығармашылық ізденіс тобының жұмысын ұйымдастыру керек. Мысалы,
«Қазақ салт – дәстүрлері, «Мақал мен мәтелдің айырмашылығы»,
«жаңцылтпаштар» т.б. тақырыптарға кітапшалар дайындап, оқушылар өз бетімен
шығармашылық жүргізеді.
Мақсаты: оқушыларды ғылыми-методикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйрету,
материалдарды жүйеге келтіру, салыстыру, анализ жасау, қорытындылау,
оқушыларға өздігінен ізденуіне жол ашу.
[pic]
Қорытындылай келе, халық педагогикасының тілді дамытуға, сөздік қорын
молайтуға әcepi мол екенін байқадық. Келешекте өзге тіл өкілдеріне ауыз
әдебиетінің түрлерін молырақ таныстыру керек. Ол үшін мынадай міндеттерді
шешу қажеттігі туындап отыр:
• Салт-дәстүрдің тарихын зерттеу, олардың халық педагогикасындағы
алатын орнын анықтау.
• Салт-дәстүрлердің психологикалық негіздерін қалыптастыру.
• Өзге тілді ұлт өкілдеріне халықтық педагогика арқылы тілін дамыту,
сөздік қорын молайту.
• Шығармашылыққа баулу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н. Оралбаева. «Практикалық қазак тілі». 1999 ж.
2. Қ. Бектұров. «Қазақ тілі». 1995 ж.
3. М. Балақаев. «Қазақ тілі». 1992 ж.
4. С. Исаев, М. Мұқышева. «Дидактикалық материалдар». 2002 ж.
5. К. Хикмет. «Даналық сүрлеуі». 2005 ж.
6. Ғылыми-әдістемелік журналдар. 2007, 2008, 2009 ж.ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz