3-сынып математика пәні: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлуді пысықтау сабақ жоспары

Сынып: 3 «А» Пәні: Математика Мерзімі: 16. 02. 2015ж Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы : 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Кестеден тыс бөлуді тиімді тәсілмен орындау дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылығы : Шапшаңдыққа, танымдылық пен шығармашылыққа дамыту.

Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, жаңа ақпаратты тыңдай білуге баулу.

Көрнекілігі: Плакаттар, сандар.

Сабақтың түрі : пысықтау сабағы

Әдіс-тәсілі: Сұрақ жауап, өздік жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру

36 бет №5, 7 ескптерді парта бойынша тексеру.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

№1 (ауызша түсіндіру)

1. Бөлінгішті ондық пен бірліктің қосындысына ауыстырамыз;

2. Қосындыны санға бөлудің ережесін қолдана отырып, алдымен ондықтарды, содан кейін бірліктерді бөліп, алынған нәтижелерді қосамыз;

Берілген санға ондықтар да, бірліктер де бөлінетін болса ғана, бұл екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілін қолдануға болатыны айтылады;

№2 (түсіндіріле отырып орындалады)

№3 кестемен жұмыс

Бағасы Саны Құны

? 6 доп 720 теңге

IV. Топпен жұмыстар:

І топқа : 1. Қағаз бетіндегі шаршылар мен дөңгелектердің саны 4-ке тең. Егер біріншісі екіншісінен 2-уі артық болса, онда қағаз бетінде неше шаршы, неше дөңгелек бар?

2. Өрнек құрастыру:

ІІ топқа: 1. Самат төменнен санағанда бесінші, жоғарыдан санағанда бесінші қабатта тұрады. Самат қай қабатта тұрады?

2. Өрнек құрастыру:

ІІІ топқа: 1. Мейрам күні қонақтар билеуге шықты. Жұптасып тұрғанда бір қонақ артық болып шықты, үшеуден билеуге тұрса да, біреуі артық болып шықты. Қонаққа келген қонақтар саны 10-нан кем екені белгілі болса, неше қонақ келген?

2. Өрнек құрастыру:

№4 24=20+4 24=12+12

24=18+6 24=16+8

№6 (ауызша)

Суреттермен жұмыс, тіл дамыту сұрақтары.

№8 (танымдық тапсырмалар мұғалімнің көмегімен)

(5+5) х (5+5) = 100 5 х 5 х 5-5 = 120 (5 х 5 + 5) х 5 = 150

Қосымша тапсырма :

Өрнекті жаз және мәнін тап.

  1. 36 мен 4-тің бөліндісін 9ға көбейт.
  2. 360 бен 90 бөліндісін тап.
  3. 720 мен 8-дің бөліндісін 3ке көбейт

V. Сабақты қорытындылау : Оқушылар өздері қорытынды жасайды

І. 68:2 680:2 680:20

ІІ. 24:3 240:3 240:30

ІІІ. 64:8 640:8 640:80

VI. Үйге тапсырма : Қайталау

Бағалау:


Ұқсас жұмыстар
3-сынып математика сабақ жоспары: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу және қосындыны санға бөлу
2, 3, 4, 5 сандарына көбейту және бөлуді қайталау: Алтын қақпа ойыны негізіндегі сайыс сабағы (2-4 сынып)
3-сынып математика сабағы: ауызша көбейту және қалдықпен бөлуді қайталау - ертегі-ойын сабақ жоспары
2 А сыныпқа арналған математика сабағы: Білімді тиянақтау (Өткенді пысықтау) сабақ жоспары
Сабақ жоспары: 1-20 дейінгі сандарды қайталау және пысықтау (0ә сынып, математика)
Ашық сабақ жоспарлары: Етістікті пысықтау (3-а сынып) және Ақылды көмекші (2-сынып)
2-сынып (Ж) математика: 15+28 және 43-15 түріндегі қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
3-сынып математикасы: көбейтуді және бөлуді тексеруге арналған сабақ жоспары
2-сынып математика: 23+7 және 30-7 түріндегі ауызша қосу мен азайту әдістерін меңгерту
Математика 3-сынып: Өткенді пысықтау - 23-сабақ. Сабақ жоспары мен тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz