Кел, балалар, оқылық. заттың қимылын білдіретін сөздер

Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Оқушылардың заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
- Дамытушылық:Оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
- Тәрбиелік:Оқуға, білімге жетелеу, өз мектебін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: Ы. Алтынсаринның портреті, слайдтар, мектеп суреті, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем жазу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құрал-жабдықтарын алдыру.
Сабаққа дайындығын тексеру.
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Өткен сабақты қайталау.
- Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
- Бүгінгі ауа-райы сендерге ұнайды ма?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
- Иа, күн жарқырап шығып тұр. Жаңбыр жауатын кезде аспан қандай болады?
- Күн бұлттанып, аспанды бұлт торлайды. Балалар, біздің мектебіміздің үстін сол бұлттар торлап алыпты. Енді не істейміз?
- Сендер, біздің мектебіміздің бұлт торлағанын қалайсыңдар ма?
- Онда, мына тапсырмаларды орындасақ, бұлт тарап, күн бізге күлімдеп шығады.
- 1-тапсырма: Кім? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 2-тапсырма: Не? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 3-тапсырма: Кімдер? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 4-тапсырма: нелер? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 5-тапсырма: не істеді? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
Әр дұрыс жауап үшін мектептің бір бөлігі тақтаға ілініп отырады. Бұлт ашылып, күн шықты. Күннің суретін жабыстыру.
- Ал енді мектебімізді гүлдендірейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
Ағаштың, гүлдің артына жазылған тапсырмаларды оқып, орындап, мектепке ілінеді.
Тапсырмалар:
Заттың қимылын білдіретін сөздер жаз.
Айнұр не істеді?
Марат не істеді?
Көбелек не істейді?
Аю не істейді?
Құстар не істейді?
- Балалар, сендер мектепке келгенде ең бірінші не байқадыңдар?
Тақтаға, «Кел, балалар, оқылық!» деген сөз жазылған қағаз ілінеді.
- Бұл сөз не үшін жазылған деп ойлайсыңдар?
- Бізді оқуға, білімге шақырған.
- Ыбырай Алтынсарин туралы өткенбіз, иә? Ол кім?
- Ақын, жазушы, ең алғаш мектеп ашқан, мұғалім. Ол Қостанай қаласының, Қостанай облысында дүниеге келген. Бүгін Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңімен танысамыз.
Операционалдық-орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс.
- Ал ендеше мен сендерге оқып беремін. Сендер мұқият тыңдап, қолдарыңмен жүгіртіп отырасыңдар, қолымызға қарындашты алып, түсінбеген сөздеріміздің астын сызып отырамыз, жарай ма?
- Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
- Оқушылардың тізбектей оқуы.
Сөздік жұмыс:
Сиса - мата түрі
Ықыласпен тоқу - көңілге түю, есте сақтау.
- Ыбырай Алтынсарин осы өлеңімен не айтпақшы болды деп ойлайсыңдар?
- Өлеңнен қимылды білдіріп тұрған қандай сөздер бар? Кім айтады?
Сергіту сәті.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуана бер достарым
Арайлап атқан күнге
Кітаптан тыс тапсырма.
- Балалар, заттың атын білдіретін сөздердің ережесін кім айтып жібереді?
- Енді заттың қимылын білдіретін сөздердің ережесін кім айтады?
№3 Ана тілі жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу.
Сабақты қорытындылау.
- Мектепте оқушы не істейді?
- Жазады, оқиды, жүгіреді, сурет салады т. б.
- Осы сөздердің бәрі нені білдіреді?
- Заттың қимылын білдіреді.
- Қандай сұрақтар қоямыз?
Рефлексиялық бағалау кезеңі.
Гүлге көбелек .
Торғай жем .
Атам тымақ .
Сәуле гүлге су .
Далада жаңбыр .
Үйге тапсырма беру кезеңі.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттап келу, 248 - жаттығу.
Мадақтау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды, өздік жұмысына қарап бағалау, мадақтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz