Сын есім. 10 сынып

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

№ 28 жалпы орта мектебі

Бекітемін :

мектеп директоры

Қ. Ж. Құрманбекова

Сын есім.

Сын есімнің жасалуы

Мұғалімі: Елимбекова Л. М.

Сыныбы: 10 «Б»

Ә. Б. отырысында қаралды

Ә. Б. жетекшісі : Р. Сағынтайқызы

Шымкент қаласы 2014 ж.

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім. Сын есімнің жасалуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сын есімнің тұлғалық, құрамдық және мағыналық түрлерін, жасалу жолдарын, өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру;

Дамытушылығы: сын есім туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорын молайту, есте сақтау, ойлау, меңгеру қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, орыс тілі

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, интерактивті тақта, суреттер

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме?
  • Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?
  • Сыныпта кім жоқ?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз айларын атаңдар.
  • Қазір қай ай?
  • Қазір қай сабақ?
  • Қазақ тілі нешінші сабақ?

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

  • тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру
  • жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру
  • жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырту

Сын есім - заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: қандай? қай?

Жауабы: далалы, орманды, білімсіз, сыртқы, баласыз, кекшіл, сөзшең, теңгедей, сәнқой, жемқор, тарихи.

Жауабы: жабысқақ, ашық, білгіш, тапқыр, ұялшақ, үйінді, аспалы, шыдамды, бөспе, көтеріңкі

Жауабы: Өнерлі бала сүйкімді. Отан - оттан да ыстық. Күздің әдемі күні туып келеді. Көне сөз - жаңа сөздің қазығы. Кіп-кішкентай бойы бар, айналдырып киген тоны бар. Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.

Ұқсастығы: екеуі де сындық белгіні білдіреді ( әдемі, көйлек ті - қандай?)

Өзгешелігі: негізгі сын есім - түбірі сын есім, туынды сын есім - түбірі басқа сөз табы ( таза, тәтті; көшпелі, сөзшең - сын есім, етістік, зат есім)

Кел, ойнайық:

Оқушылардың көздерін байлап, алдарына түрлі жемістер қоямыз (тірі, шын -живые, настоящие) . Қолына бірінші болып ілінген жемісті алады. Содан соң түрлі сын есімнің сұрақтарына жауап береді:

Мысалы: - Бұл қандай жеміс?

  • Оның түсі қандай?
  • Дәмі қандай?
  • Пішіні қандай?
  • Салмағы қандай? - деген сияқты түрлі сұрақтарға жауап береді. Соңынан орамалды шешіп, яғни көзін ашып, жауаптарының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.

Үлгі: Қазір жылдың берекелі де, мерекелі күз мезгілі. Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде мол астық жиналады. Аспанды қою қара бұлт қаптап, жиі-жиі жаңбыр жауады.

Оқушыларды бағалау:

Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап болған соң, сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды және басқа да оқушыларды бағалап, журналға, күнделіктеріне бағаларын қою.

  • Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет, сабақ аяқталды,

Сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Күшейтпелі шырай жайлы ақпарат
Қазақ тілі. Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есім туралы түсінік
Алматы қаласы
Абай ІІІ топ
Сөз табы
Мектептегі үйірмелер
Сын есім. 2-класс
Қазақ тілі сабақ жоспары
Сан есім туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz